- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Клодифен
Клодифен
Қолдану көрсеткіштері
Тапсырыс беру шарттары
«Клодифен» алдын ала тапсырыс беріңіз және арнайы баға алыңыз - 2689.6 ₸ (қалыпты баға: 3362 ₸). Алдын ала тапсырысты орындаудың болжалды күні* – 23.04.2025, егер тапсырысты 22.04.2025 14:15 дейін орналастырсаңыз және төлесеңіз.
Орындау мерзімі Рудный-дегі біздің дистрибьюторлық орталықта алу шарттарына сәйкес есептеледі. Сайттың жоғарғы жағындағы қаланы өзгертуге болады, содан кейін болжалды жеткізу күні өзгеруі мүмкін.
Тауарды алғаннан кейін оны пр-т Комсомольский, д. 34 бойынша алуға немесе ыңғайлы уақытта курьер арқылы тегін жеткізуді ұйымдастыруға болады.
Арнайы баға бойынша алдын ала тапсырыс беру тек алдын ала төлеу үшін қол жетімді. Тапсырыс үшін кез келген банктің Visa/MasterCard картасымен 20 минут ішінде төлеу керек.
Жеке және заңды тұлғаларға тапсырыс беруге болады.
Тапсырыс беруге болады: 507 бірлік өнім (әр 15 минут сайын жаңартылады).
Ең аз тапсырыс сомасы:
- жеке тұлғалар үшін – 12 000 ₸
- заңды тұлғалар үшін – 250 000 ₸
* Тауарды жеткізудің болжамды күні технологиялық себептер бойынша өзгертілуі мүмкін, бірақ 3 күнтізбелік күннен аспауы керек.
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж А.Ш. |
---|---|
Өндіруші елі | Түркия |
Форма | гель |
Саны | 1 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Диклофенак, негізгі | 5 % |
Бұл өнім екі нұсқада тапсырыс беруге болады: дәл қазір жеткізу немесе алдын ала тапсырыс бойынша. Тапсырыс берген кезде себет ішіндегі тапсырыс опциясын таңдауыңыз керек.
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 3362 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Тапсырыс беру күйі | Қол жетімді |
---|---|
Тапсырыс бағасы | 3148 ₸ 214 ₸ |
Мерзімнің өту күні | 22.04.2025 |
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Дәрілік затты медициалық
қолдану жөніндегі
нұсқаулық
Клодифен
Саудалық атауы
Клодифен
Халықаралық патенттелмеген атауы
Диклофенак
Дәрілік түрі
5 % гель
Құрамы
100 г гельдің құрамында
белсенді зат – 5,0 г натрий диклофенагы,
қосымша заттар: гидроксиэтилцеллюлоза, пропиленгликоль, этанол 96%, метилпарагидроксибензоат, тазартылған су
Сипаттамасы
Құрамында көпіршіктері жоқ, әлсіз спирт иісі бар, біркелкі, мөлдір сарғыш гель.
Фармакотерапиялық тобы
Тірек-қимыл аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған препараттар. Жергілікті қолдануға арналған, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Диклофенак
АТХ коды М02АА15
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Тері арқылы сіңетін диклофенактің мөлшері жағылатын жердің ауданына пропорциональді, сондай-ақ препараттың жиынтық дозасына және терінің гидратациясына байланысты. Препаратты сыртқа қолданғанда диклофенактің сіңуі 6%-дан аспайды.
Метаболизмі негізінен гидроксилдену арқылы жүзеге асып, бірнеше туындыларын түзеді, олардың екеуі фармакологиялық тұрғыдан белсенді, бірақ диклофенакқа қарағанда едәуір аз дәрежеде. Диклофенак және оның метаболиттері көбіне несеппен бірге шығарылады. Қан плазмасындағы диклофенактің жалпы жүйелік клиренсі орта есеппен минутына 263±56 мл-ді, ал ақырғы жартылай шығарылу кезеңі 1-3 сағатты құрайды.
Фармакодинамикасы
Сыртқа қолдануға арналған қабынуға қарсы стероидты емес дәрі.
Қабынуға қарсы және жансыздандыратын айқын әсер береді. Әсер ету механизмі ЦОГ-1 және ЦОГ-2 селективті емес тежелуімен, арахидон қышқылы метаболизмінің бұзылуымен және қабыну ошағында простагландиндер синтезінің төмендеуімен байланысты. Қабыну үдерісінде Клодифенді қабыну үдерісінде қолдану ауыру синдромының және тіндердің ісінуінің азаюына немесе жоғалуына әкеледі.
Қолданылуы
- жұмсақ тіндер мен буындардың жарақаттанудан кейінгі, тері жабындарының бүлінуінсіз, (созылуы, шамадан тыс жүктеме және соғылулар салдарынан) қабынуында
- жұмсақ тіндердің ревматикалық ауруларында (тендовагинит, бурсит, периартикулярлы тіндердің зақымданулары және т.б.)
- бұлшықет және буын ауруларымен байланысты ауыру синдромдарында
Қолдану тәсілі және дозалары
Клодифен гелін сыртқа қолданады. Клодифен гелінің концентрациясын таңдау қабыну үдерісінің және ауыру синдромының айқындылығымен анықталады.
Ересектерде және 12 жастан асқан балаларда Клодифеннің 5% гелін тәулігіне 2-3 рет қолданады. Қолданылатын препараттың мөлшері – 2 г-ға дейін (4 см гель).
Препаратты жаққаннан кейін қолды жуу қажет.
Емдеу ұзақтығы көрсетілімдеріне және емнің тиімділігіне байланысты. Препаратты 2 апта қолданғаннан кейін дәрігерден емдеуді жалғастыру-жалғастырмау жөнінде кеңес алған жөн. Препаратты жұмсақ тіндер зақымданғанда немесе жұмсақ тіндердің ревматикалық ауруларында қолдануды 14 күннен асырмаған және артриттен болған ауыруларда 21 күннен асырмаған жөн (егер дәрігер емнің өзге үлгісін тағайындамаса). Егер 7 күн ішінде оң клиникалық динамика байқалмаса немесе жағдай нашарласа, дәрігерге қаралу қажет.
Жағымсыз әсерлері
- қызару, қышыну немесе күйдіру сезімі
Сирек:
- фотосенсибилизация
Өте сирек
- асқын сезімталдық реакциялары (бөртпе, экзема, эритема, дерматит (жанаспалыны қоса есептегенде), есекжем, бронх демікпесі, ангионевротикалық ісіну)
- буллезді дерматит, пустулезді бөртпе
- асқазан-ішектік бұзылулар
- ашық жаралар, қабынған тері, шырышты қабықтар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- құрамында диклофенак бар басқа препараттармен бір мезгілде қолдану
- ацетилсалицил қышқылынан немесе стероидты емес басқа препараттардан болған демікпе, есекжем, ринит
- препарат компоненттеріне, ацетилсалицил қышқылына немесе басқа ҚҚСД-ге жоғары сезімталдық
- тері жабындары бүтіндігінің бұзылуы
- жүктілік және лактация кезеңі
- 12 жасқа дейінгі балалар.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Өзара әрекеттесудің пайда болу ықтималдылығы мардымсыз, өйткені сыртқа қолданғанда диклофенактің жүйелік сіңуі тым төмен. Препаратты басқа ҚҚСП-мен бірге қолданғанда сақ болған жөн. Клодифен гелі фотосенсибилизацияны тудыратын препараттардың әсерін күшейтуі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Клодифен гелін, ашық жараларға тигізіп алмай, терінің зақымданбаған жеріне ғана жаққан жөн. Жаққаннан кейін окклюзиялық таңғыш салмаған жөн. Препаратты көзге және шырышты қабықтарға тигізіп алмаған жөн.
Клодифен гелін бауыр порфириясында (өршу сатысында), АІЖ эрозиялы-ойық жаралы зақымдануларында, бауыр мен бүйрек қызметінің ауыр бұзылуларында, жүрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінде, бронх демікпесінде, егде жастағы пациенттерге абайлап тағайындайды.
Дәрілік заттың автокөлікті және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Автомобильді басқару және психомоторлы реакциялардың жоғары шапшаңдығын қажет ететін жұмыстарды жасау қабілетіне ықпалын тигізбейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: артық дозалану ықтималдығы аз, өйткені сыртқа қолданғанда диклофенактің жүйелік сіңуі тым төмен. Байқамай ішке қабылдап қойған жағдайда препарат диклофенактің пероральді түрлеріне тән жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін.
Емі: асқазанды шаю және адсорбент қабылдау, симптоматикалық ем жүргізу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Алюминий сықпаға препарат 45 г-нан салынған.
Әрбір сықпа медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
25˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецептісіз