Скипидарная

Скипидарная

Қолдану көрсеткіштері
Өнім мәліметтері
ӨндірушіФармация
Өндіруші еліҚазақстан
Формамазь
Саны1
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Скипидар, негізгі20 %
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 590 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Дәрілік препаратты медициналық қолдану

жөніндегі нұсқаулық (Қосымша парақ)

 

Саудалық атауы 

Скипидар жақпамайы

 

Халықаралық патенттелмеген атауы 

Жоқ

 

Дәрілік түрі, дозасы

Сыртқа  қолдануға  арналған жақпамай, 20 %

 

Фармакотерапиялық тобы 

Сүйек-бұлшықет жүйесі. Буын және бұлшықет ауырулары кезінде жергілікті қолдануға арналған препараттар. Буын және бұлшықет ауырулары кезінде жергілікті қолдануға арналған басқа препараттар.Басқалары.

АТХ коды М02АХ10

 

  •  

ДП 18 жастан асқан ересектерде қолдануға тағайындалады 

Кешенді емдеу кезінде

- невралгияда

- миозитте

- ревматизмде

- артритте

- бронхитте

 

Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар    

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- болжамды жағылатын жердегі терінің қабыну ауруында тері жабындары бүтіндігінің бұзылуы 

- бауыр және бүйректің ауыр аурулары

- жүктілік кезеңі және бала емізу

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

 

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Егер жақпамай абайсызда көзге тисе, көп мөлшерде ағынды сумен мұқият жуу керек. 

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Арнайы сақтандырулар

Жақпамайды шырышты қабыққа және көзге тигізуге болмайды! Педиатрияда қолдану 

Препаратты балаларға қолдану тәжірибесі жоқ. Сондықтан жақпамайды балаларға қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезеңі

Препараттың емшек сүтіне енетіні-енбейтіні, жүктілік кезінде плацентарлық бөгет арқылы өтетіні-өтпейтіні белгісіз. Препаратты жүкті және бала емізетін әйелдерге қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері  

Әсер етпейді

 

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Енгізу әдісі және жолы

Сыртқа, сылау түрінде

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Жергілікті қолданғанда артық дозалану мүмкіндігі аз

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер

Кез келген әдеттен тыс реакциялар туындаған жағдайда препаратты одан әрі қолдануға қатысты дәрігермен міндетті түрде кеңесіңіз!

 

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау  керек шаралар

-                     жергілікті сипатта аллергиялық реакциялар болуы мүмкін (қышыну, 

ісіну, терінің қызаруы, күйдіру, бөртпе) 

Жекелеген жағдайларда жайылу сипатындағы аллергиялық реакциялар болуы мүмкін (тұншығу, жүрек соғуының жиілеуі, артериялық қысымның төмендеуі, ақыл-ойдың көмескіленуі, құрысулар, естен тану)

 

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

 

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді зат - шайырлы скипидар 20.0 г

қосымша заттар: вазелин, эмульгатор Т-2, тазартылған су.

 

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы 

Скипидар иісі бар, сары реңді ақ түсті жақпамай

 

Шығарылу түрі  және қаптамасы

25 г мойны бұралатын, нығыздағыш элементі бар бұрандалы полиэтилен қақпағы бар шынымассадан жасалған банкіде. 

Банкілерге өздігінен желімделетін заттаңба немесе заттаңбалық және жазу  қағазынан жасалған заттаңбалар жапсырылады.

Банкілер медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге сәйкес мөлшерде орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстайтын полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.

25 г біріктірілген материалдан  жасалған сықпада немесе дәрілік заттарға арналған алюминий сықпада. Әрбір сықпаны медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады. Картон қорапшалар сәйкес мөлшерде орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстайтын полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.

 

Сақтау мерзімі 

2 жыл.

Жарамдылық  мерзімі  өткеннен кейін қолдануға болмайды!

 

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 8˚С-ден 15˚С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер 

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019, Қарағанды қ., 

Чкалов к-сі, 7, тел./факс.: 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru

 

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы 

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019, Қарағанды қ., 

Чкалов к-сі, 7, тел./факс.: 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта) 

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019, Қарағанды қ., 

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.