Экзодерил

Экзодерил

Қолдану көрсеткіштері
Тапсырыс беру шарттары

«Экзодерил» алдын ала тапсырыс беріңіз және арнайы баға алыңыз - 6472 ₸ (қалыпты баға: 8090 ₸). Алдын ала тапсырысты орындаудың болжалды күні* – 23.04.2025, егер тапсырысты 22.04.2025 14:15 дейін орналастырсаңыз және төлесеңіз.

Орындау мерзімі Рудный-дегі біздің дистрибьюторлық орталықта алу шарттарына сәйкес есептеледі. Сайттың жоғарғы жағындағы қаланы өзгертуге болады, содан кейін болжалды жеткізу күні өзгеруі мүмкін.

Тауарды алғаннан кейін оны пр-т Комсомольский, д. 34 бойынша алуға немесе ыңғайлы уақытта курьер арқылы тегін жеткізуді ұйымдастыруға болады.

Арнайы баға бойынша алдын ала тапсырыс беру тек алдын ала төлеу үшін қол жетімді. Тапсырыс үшін кез келген банктің Visa/MasterCard картасымен 20 минут ішінде төлеу керек.

Жеке және заңды тұлғаларға тапсырыс беруге болады.

Тапсырыс беруге болады: 2 бірлік өнім (әр 15 минут сайын жаңартылады).

Ең аз тапсырыс сомасы:

  • жеке тұлғалар үшін – 12 000 ₸
  • заңды тұлғалар үшін – 250 000 ₸

* Тауарды жеткізудің болжамды күні технологиялық себептер бойынша өзгертілуі мүмкін, бірақ 3 күнтізбелік күннен аспауы керек.

Өнім мәліметтері
ӨндірушіНовартис Novartis Pharma S.p.A.
Өндіруші еліИталия
Формакрем
Саны1
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Нафтифин, негізгі1 %
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 8090 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы
Тапсырыс беру күйіҚол жетімді
Тапсырыс бағасы 5899 ₸  2191 ₸
Мерзімнің өту күні 22.04.2025

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

 

Саудалық атауы

Экзодерил®

 

Халықаралық патенттелмеген атауы 

Нафтифин

 

Дәрілік түрі, дозасы

Крем 1%

 

Фармакотерапиялық тобы 

Дерматология. Тері ауруларын емдеуге арналған зеңге қарсы препараттар. Жергілікті қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар. Жергілікті қолдануға арналған зеңге қарсы басқа да препараттар. Нафтифин.

АТХ коды D01AE22

 

Қолданылуы

-   тері мен тері қатпарларының зеңдік инфекцияларында 

-   қол ұшының және табанның саусақаралық микоздарында 

-   қол мен аяқ тырнақтарының зеңдік инфекцияларында (онихомикоздар)

-   Candida туындатқан тері кандидозында

-   Pityriasis versicolor қоздырғышы туындатқан кебек тәрізді теміреткіде

-   қабыну дерматомикоздары (қышынумен қатар немесе онсыз жүретін)

 

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

-        нафтифинге немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық

 

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Препаратты көзге тигізіп алмау керек. Экзодерил кремінің құрамында цетил спирті бар және теріде жергілікті жағымсыз реакциялар (мысалы, жанаспалы дерматит) туғызуы мүмкін. 

Зеңдік инфекцияны (микозды) кетіру үшін келесі сақтану шаралары ұстанылады:

1. Зеңдер терінің/тырнақтың зақымданған аумағымен жанасатын киімге және/немесе шұлыққа түсуі мүмкін, сондықтан киімді және/немесе шұлықты күнде ауыстырып, аяқ киімді үнемі өңдеп отыру керек.   

2. Терінің/тырнақтың зақымданған беткейін құрғақ күйде ұстау зеңдік инфекцияның таралуынан жақсы қорғайды. Зақымданған жерді желдетілуін шектейтін немесе кедергі болатын тығыз матамен немесе заттармен (мысалы, синтетикалық талшықтан жасалған шұлық, тар аяқ киім) жауып тастамаған жөн. Жуғаннан кейін терінің/тырнақтың зақымданған аумағын жақсылап құрғату керек. Сондай-ақ зақымданған аумақпен жанасатын сүлгіні, киімді немесе/және шұлықты күн сайын ауыстырып отырған жөн.  

3. Табанның зеңдік аурулары жағдайында қайтадан жұқтыруды немесе патогенді қоздырғыштардың таралуын болдырмас үшін үйде немесе қоғамдық орындарда жалаңаяқ жүрмеген дұрыс.  

4. Сауна немесе булы моншаларға зеңдік инфекциялардан толық айыққаннан кейін ғана баруға болады.  

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Арнайы ескертулер

Балалар жасында

Экзодерил кремін 18 жасқа дейінгі балаларға сақтықпен және тек аса қажеттілік жағдайында ғана қолдану керек.  

Жүктілік және лактация

Дұрыс қолданылған жағдайда препараттың шаранаға немесе жаңа туған балаға әсер ету мүмкіндігі аз.

Препараттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері 

Әсер етпейді

 

Қолдану жөніндегі нұсқаулар 

Дозалау режимі 

Кремді тек терінің/тырнақтың зақымданған жерлеріне ғана емес, инфекцияның таралуын болдырмас үшін шектелетін бөліктеріне де жағу керек. 

Терінің зеңдік инфекциялары 

Кремді алдында тазалануы және мұқият құрғатылуы тиіс терінің зақымданған бөліктеріне жұқа қабатпен, абайлап ысқылай отырып, күніне 1 рет жағады.

Емдеудің ұзақтығы

- тері мен тері қатпарларының зеңдік инфекцияларында – 4 аптаға дейін,

- қол ұшының және табанның саусақаралық микоздарында – 4-тен 8 аптаға дейін,

- тері кандидозында – 4 апта,

- кебек тәрізді теміреткіде – 2 аптаға дейін,

- қабыну дерматомикоздарында – 2-4 апта.

Клиникалық әсері, атап айтқанда қышынуы мен ашытуы жоғала бастаған соң, қайтадан жұқтырудан сақтану үшін емдеуді кем дегенде 2 апта бойы жалғастыру керек.  

Қол мен аяқ тырнақтарының зеңдік инфекцияларында (онихомикоздар)

Кремді алдында тазалануы, мұқият құрғатылуы және барынша қырқылуы тиіс тырнақ пластинасының зақымданған беткейіне жұқа қабатпен, абайлап ысқылай отырып, күніне 2 рет жағады. Емдеу ұзақтығы тырнақ пластинасының өсу жылдамдығына қарай анықталады және тырнақ жаңадан өсіп шыққанша 3-тен 6 айға дейінді құрауы мүмкін.  

Экзодерил кремін ауа өткізетін таңғыштың (бұласыр, бинт және т.б.) астына қолдануға болады, бірақ окклюзиялық таңғыш астына қолдануға болмайды. 

Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар

Артық дозалану немесе уланудың клиникалық белгілері туралы деректер жоқ.

Артық дозаланған жағдайда симптоматикалық ем.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіну үшін  медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну ұсынылады

 

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда (қажет болса) қабылдау керек шаралар 

Жекелеген жағдайларда терінің құрғауы, қызаруы және күйдіруі сияқты жергілікті қабыну белгілері байқалуы мүмкін. Жағымсыз әсер етуі қайтымды сипатта болуы және емдеуді тоқтатуды талап етпейді.

 

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса,  дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

 

Қосымша мәліметтер 

Құрамы 

1 г кремнің құрамында

белсенді зат - 10 мг нафтифин гидрохлориді;

қосымша заттар: натрий гидроксиді, бензил спирті, сорбитан стеараты, цетилпальмитат, цетил спирті, стеарил спирті, полисорбат 60, изопропилмиристат, тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Біртекті немесе сәл іртіктелген, өзіне тән әлсіз иісі бар, ақ жылтыр крем.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 немесе 30 г препараттан іші лакпен жабылған алюминий сықпада. 

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.  

 

Сақтау мерзімі 

3 жыл

Сықпаны бірінші рет ашқаннан кейін 25 °С -ден аспайтын температурада, 4 аптадан асырмай сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары 

30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. 

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

 

Өндіруші туралы мәліметтер

Салютас Фарма ГмбХ, Германия 

Lange Goehren 3, D-39171 Osterweddingen, Germany

 

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Сандоз ГмбХ, Австрия

Biochemiestraße 10, 6250 Kundl, Austria

Телефон: + 386 1 580 21 11                  

Факс: + 386 1 568 35 17

E-mail: info.sandoz@sandoz.com  

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттардың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы,  мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)  

«Сандоз Фармасьютикалс д.д.» акционерлік қоғамның Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050000, Құрманғазы к-сі 95

Телефон: +7(727) 258 24 47

Факс: +7 (727) 244 26 51

e-mail: drugsafety.cis@novartis.com

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.