Долгит

Өнім мәліметтері
ӨндірушіДолоргит
Өндіруші еліГермания
Формакрем
Саны1
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Ибупрофен, негізгі5 гр
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 1340 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы

жөніндегі нұсқаулық

 

ДОЛГИТÒ крем

 

Препараттың саудалық атауы

ДолгитÒ крем

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ибупрофен

 

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған крем

 

Құрамы

100 г кремнің құрамында

белсенді зат – 5 г ибупрофен

қосымша заттар: орта тізбекті триглицеридтер, глицерол моностеараты, поли(оксиэтилен)-30-стеарат, поли(оксиэтилен)-100-стеарат,

пропиленгликоль, натрий метилпарагидроксибензоаты, ксантан шайыры,  лаванда майы, нерол майы, тазартылған су.

 

Сипаттамасы

Лаванда мен нерол майларының иісі бар ақшыл-крем түстес жұмсақ консистенциялы біртекті крем.  

 

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолданылатын қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Ибупрофен

АТХ коды М02АА13

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ибупрофенді теріге жаққанда депо түрінде біршама уақыт сақталады және одан баяу шығарылады және сіңеді. Тері арқылы шамамен 5% ибупрофен сіңеді, бұл жүргізілген салыстырмалы зерттеулермен расталады.   Байқалатын емдік тиімділігі крем жағылатын аймақ асты тиісті тіндеріндегі ибупрофеннің концентрациясымен түсіндіріледі. Кремнің әсер ету аймағына енуі экспозицияға, сондай-ақ жағу аймағы мен әсер ету аймағына байланысты өзгеруі мүмкін.

Фармакодинамикасы

Препарат ауыруды басатын, қабынуға қарсы және ісінуге қарсы жергілікті әсер етеді. Ибупрофеннің өзіндік әсер ету механизмінде шешуші буын простагландиндер биосинтезінің тежелуі болып табылады. Ауыру синдромын, оның ішінде тыныш қалыпта және қимыл-қозғалыс кезінде төмендетеді немесе жояды;  таңертеңгі сіресуді және буындардың ісінуін азайтады. Қимыл-қозғалыс көлемінің артуына ықпал етеді.

 

Қолданылуы

-                                  тірек-қимыл жүйесінің қабыну және дегенеративті ауруларында

(ревматизм және подагра асқынуы кезіндегі буын синдромы)

-                                  ревматоидты артритте, псориаздық артритте, иық-жауырын периартритінде, шорбуынданатын спондилитте, деформациялайтын остеоартрозда, түбіршек синдромы бар остеохондрозда, радикулитте, тендинитте, тендовагинитте, бурситте, люмбагода, ишиаста

-                                  шығу тегі ревматизмдік және ревматизмдік емес бұлшықет ауырулары (миалгиялар)

-                                  жұмсақ тіндер тұтастығы бұзылмаған (шығулар, бұлшықеттер мен байламдардың созылуы немесе үзілуі, соғылулар, жұмсақ тіндердің жарақаттан кейінгі ісінулері және т.б.) жарақаттарда (спорттық, өндірістік, тұрмыстық және т.б.)

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа!

Кремді ауыратын бөлік аймағының терісіне тәулігіне 3-2 рет жағып, препарат толық сіңгенше жеңіл қимылмен сипалайды. Ұзындығы  5-10 см крем жолағын пайдаланады. 

Емделу ұзақтығын дәрігер анықтайды.

Ревматизм ауруларында емдеу ұзақтығы аурудың ауырлық дәрежесі мен зақымдану сипатына байланысты.

 

Жағымсыз әсерлері

-          сирек жағдайларда қызару, ісіну, бөрту немесе терінің қышынуы түріндегі тері жабындарының уақытша жергілікті тітіркену белгілерінің пайда болуы мүмкін 

-          қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерге жоғары сезімталдық жағдайында бронхтың түйілу құбылыстары болуы мүмкін

Көрсетілген жағымсыз әсерлер немесе басқа да ерекше реакциялар пайда болған кезде препаратпен емді тоқтату керек, препаратты одан әрі қолдану мүмкіндігін дәрігер анықтайды. 

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

-          ибупрофенге және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық 

-          сыртартқыда ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа дәрілерді қолдануға байланысты болатын  бронх демікпесі ұстамалары немесе басқа аллергиялық көріністердің болуы

-          жүктілік және лактация кезеңі

-          14 жасқа дейінгі балалар

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

 

Айрықша нұсқаулар

Препаратты ашық жара бетіне, зақымданған теріге жағуға болмайды, кремді көзге және басқа шырышты қабықтарға тигізіп алмау керек. Препаратты дәрігердің кеңесінсіз 14 жасқа дейінгі балаларға қолданбаған жөн.

Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

 

Артық дозалануы

Креммен артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

20  г, 50 г немесе 100 г препараттан ішкі жағы лакпен жабылған және бұрандалы пластмасса қалпақшасы бар алюминий сықпаға салынған. 

1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады. 

 

Сақтау шарттары

25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

 

Өндіруші/қаптаушы/тіркеу куәлігінің иесі

«Долоргит ГмбХ и Ко. КГ», Германия

Отто-фон-Гюрике-Штрассе 1, 53754  Св. Августин, Бонн, Германия  

 

Эксклюзивті дистрибьютор:

PRO.MED.CS Praha a.s. 

Telcskа 1, 14000 Praha 4 

Чех Республикасы

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.