Залаин

Өнім мәліметтері
ӨндірушіЭгис
Өндіруші еліВенгрия
Формакрем
Саны1
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Сертаконазол нитраты, негізгі2 %
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 3990 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

 

Дәрілік затты қолдану жөнінде 

мамандарға арналған 

нұсқаулық 

 

 

ЗАЛАИН®  (ZALAIN®)

 

Саудалық атауы  

Залаин

 

Халықаралық патенттелмеген атауы    

Сертаконазол

 

Дәрілік түрі  

Сыртқа қолдануға арналған 2%-ды  20 мг крем 

 

Құрамы  

1 г крем құрамында 

белсенді зат - сертаконазол нитраты  20 мг,

қосымша заттар: этиленгликоль және полиэтиленгликоль пальмитостеараты, полигликолизирленген қаныққан глицеридтер, глицерин изостеараты,  парафин майы, метилгидроксибензоат, сорбин қышқылы, тазартылған су. 

 

Сипаттамасы

Иіссіз немесе әлсіз май иісі бар ақ, жұмсақ крем.

 

Фармакотерапиялық тобы 

Сыртқа қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар. Имидазол туындылары.

АТЖ коды    D01AC14

 

Фармакологиялық қасиеттері 

Фармакокинетикасы

Терінің мүйізденген қабатына препаратты жаққаннан кейін сертаконазолдың емдік концентрациясына 30 минут ішінде жетеді және 48 сағаттан аса сақталады. Теріге жаққан кезде сертаконазолдың сіңірілуін және жүйелі әсерін көрсететін деректер жоқ. 14 күн бойы кремді күнделікті қолданған кезде қанда және несепте сертаконазол санының артуы білінбейді.  

Фармакодинамикасы

Сертаконазол Candida  (C. albicans, C. tropicalis, C. spp.) тектес патогенді зеңдерге, басқа патогенді зеңдерге (Pityrosporumorbiculare, Malassezia spp.), дерматофиттерге  (Trichophyton мен Microsporum) жөнінде әсер ауқымы кең имидазол және бензотиофен туындылары, сондай-ақ тері мен шырышты қабаттарының жұқпаларын туындататын грамоң патогенді стафилококктар мен стрептококктар   болып табылады. Емдік дозаларда фунгицидті және фунгистатикалық әсер етеді. Сертаконазолдың әсер ету механизмі зеңдік жасушалар жарғақшаларының негізгі компоненті мен жасуша кенересінің бас компоненттері триптофанмен бәсекелес антагонизмінде эргостерол синтезін төмендетуіне қатысты болады. Бұл жасуша жарғақшаларының өткізгіштігін арттыруға және бірікпеуіне, патогенді микроорганизмдердің құрылмауына және жойылуына әкеп соғады. 

 

Қолданылуы 

Терінің үстірт микоздары: 

- дерматофитоздар

- балтыр, аяқ және қол микоздары 

- дене микоздары

- сақал микозы

- кандидоз

- әртүрлі (кебек тәріздес) теміреткі

- себорейлік дерматит.

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа қолдануға арналған.

Кремді терінің зақымданған жерлеріне және оның қасындағы зақымдалған терінің шамамен 1 см-сін ала отырып, бір қалыпты жұқалап жағады. Кремді күнделікті күніне 1-2 рет (кешке, немесе таңертең және кешке) жағу ұсынылады. Емдеу ұзақты қоздырғыш этиологиясына және жұқпаның жайылмауына қарай болады. Дұрысы ауырудан клиникалық-зертханалық емдеу 2-4 апта бойы жүргізіледі. Толық клиникалық емделу және қайталануды болғызбас үшін ұсынылатын емдеу ұзақтығы 4 аптаны құрайды. 

 

Жағымсыз әсерлері 

Препаратты зақымдалған жерлерге сияқты, зақымдалмаған жерлерге де жаққанда жақсы көтеруге болады.  

- препаратты тоқтатуды талап етпейтін жылдам өтетін жергілікті эритематоздық реакция.

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар 

- сертаконазолға, имидазол туындыларына немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдықта.

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі  

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған. 

 

Айрықша нұсқаулар 

Залаин кремін офтальмологиялық тәжірибеде пайдалануға болмайды. 

Жуатын қышқылды заттарды пайдалануға болмайды (қышқылды орта Candida тектес зеңдердің көбеюіне ықпал етеді).

Залаин кремін балаларға қолдану туралы деректер жоқ.  

Жыныс ернеуі және оның маңындағы терілерде (кандидоздық вульвит) бір мезгілде жұқпалар болған кезде Залаин қынаптық суппозиториі препаратымен емдеумен қатар, сыртқы жыныс мүшелері маңына және тік ішек алды маңына Залаин кремі препаратын қосымша тағайындауға болады. 

Жүктілік және лактация кезеңі 

Кремді көп мөлшерде жергілікті қолданғаннан кейін сертаконазол қан сарысуында байқалмайды және жүкті әйелдер мен жаңа туғандар үшін ықтимал қауіптің болуы анықталмаған. Жүктілік кезінде, егер емдеудің ана үшін болжанған пайдасы ұрық пен бала үшін ықтимал қауіптен артқан жағдайда ғана  препаратты қолдануға болады. 

Лактация кезеңінде кремді сүт бездеріне жағуға болмайды. Лактация кезеңінде препаратты қолдану туралы деректер жоқ. Препаратты қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату керек. 

Көлік құралдарын басқару қабілетіне және механизмдермен жұмысқа әсері 

Әсер етпейді. 

 

Артық дозаланғанда 

Сыртқа қолданған кезде артық дозалануы шамалы. Препаратты абайсызда ішке қабылдаған кезде симптоматикалық ем жүргізу қажет.

 

 

 

Шығарылу түрі және қаптамасы 

Крем пластмасса қақпақшасы бар алюминий сықпаларда 20 г-ден, қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған. 

 

Жарамдылық мерзімі 

3 жыл 

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды. 

 

Сақтау шарттары 

+25 °C-ден төмен температурада сақтау керек!  

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.