Виферон

Виферон

Өнім мәліметтері
ӨндірушіФерон
Өндіруші еліРесей
Формамазь
Саны1
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Интерферон альфа-2b адам рекомбинанты, негізгі4 М.Е.
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 2290 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

қолданылуы жөніндегі

нұсқаулық

 

ВИФЕРОН®

 

Саудалық атауы

ВИФЕРОН®

 

Халықаралық  патенттелмеген атауы

Альфа  интерфероны  

 

Дәрілік түрі

Сыртқа және жергілікті қолдануға арналған 40 000 ХБ/г  жақпамай 

Құрамы

1 г жақпамайдың құрамында

белсенді зат:            40 000 ХБ адамның  рекомбинантты альфа-2 интерфероны,

қосымша заттар0,02 г токоферол ацетаты немесе d1-токоферол ацетаты, сусыз ланолин, медициналық вазелин, шабдалы майы, тазартылған су.

 

Сипаттамасы

Ланолинге тән иісі бар гомогенді, тұтқыр, сарғыш немесе сарғыш-ақшыл түсті жақпамай. 

 

Фармакотерапиялық тобы

Иммуномодуляторлар. Интерферондар.

АТХ  коды L03AB01

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сыртқа және жергілікті қолданған кезде интерферонның жүйелі сіңуі төмен. 

Фармакодинамикасы

Иммунитетті өзгерткіш және вирустарға қарсы препарат. Адамның рекомбинантты альфа-2 интерфероны вирустарға қарсы,  антипролиферативті және иммунитетті өзгерткіш айқын әсерге ие.  

Препараттың жиынтық құрамы бірқатар жаңа әсерлерді жүзеге асырады;  аскорбин қышқылы мен  токоферол ацетатының болуы адамның рекомбинантты альфа-2  интерферонының вирусқа қарсы өзіне тән ерекше белсенділігін арттырады, иммунитетті өзгерту әсері күшейеді (зақымдану ошағында нейтрофильдердің фагоцитарлық қызметін ынталандырады). Токоферол ацетаты, жоғары белсенділіктегі антиоксидант бола отырып қабынуға қарсы, жарғақшаны тұрақтандырғыш және қалпына келтіретін әсерге ие.  

 

Қолданылуы

әртүрлі шектелудегі терінің және шырышты қабықтың  вирусты зақымдануын (оның ішінде ұшықтық) емдеу үшін

- 1 жастан бастап балалардағы тұмауды және басқа ЖРВЖ емдеу үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Ұшықтық жұқпа кезінде зақымданған ошаққа жақпамайды жұқа қабат етіп тәулігіне 3-4 рет жағу керек, емдеу ұзақтығы 5 күнді құрайды. Тері зақымдануының және шырышты қабықтың (қышыма, шымылдатып ашытудың, қызарудың) алғашқы белгілері пайда болған кезде емдеуді жылдам бастау ұсынылады. Қайталанған ұшықты емдеу кезінде дұрысы емдеуді  продромальді кезеңде немесе қайталану белгісі ең алғашқы пайда болу кезінен бастаған жөн. 

Тұмауды немесе басқа ЖРВИ емдеу үшін аурудың бүкіл ағымында тәулігіне 3-4 рет мұрын жолының шырышты қабығына жақпамайды жұқа қабат етіп жағу керек. 

1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларға күніне 3 рет, 2-ден 12 жасқа дейінгі балаларға күніне 4 рет, аурудың бүкіл ағымында мұрын жолдарының екі жағына да бірқалыпты етіп  жағу керек. 

Ашылған алюминий сықпасын тоңазытқышта 1 ай сақтау керек. 

Ашылған полистирол банкені тоңазытқышта 14 күннен асырмай сақтау керек. 

 

 

Жағымсыз әсерлері

ВИФЕРОН® препараты көптеген жағдайда, сыртқа және жергілікті қолдануға арналған жақпамайын қолдануда жақсы көтерімде. Мұрынның шырышты қабығына жаққан кезде жағымсыз әсерлер (риноррея, түшкіру, мұрын шырышын шымылдату) әлсіз сипатқа ие, плацебомен жиі туындауы жөнінде салыстырғанда препаратты қолдануды тоқтатқаннан кейін өздігінен қайтады. 

 

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерін жекелей көтере алмаушылықта.

 

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

ВИФЕРОН® препараты, сыртқа және жергілікті қолдануға арналған жақпамайы ЖРВЖ, тұмауды қоса, тері мен шырыштың вирусты зақымдануын (оның ішінде ұшықтық) емдеуде қолданылатын барлық дәрілік перпараттарымен жақсы бірігеді және үйлеседі. 

 

 

Айрықша  нұсқаулар

Жүктілік және  лактация кезеңінде

Сыртқа және жергілікті қолданған кезде интерферонның жүйелі сіңуі төмен болғандықтан және препарат тек зақымданған ошаққа әсер ететіндіктен бала емізу кезеңінде ВИФЕРОН® препараты, сыртқа және жергілікті қолдануға арналған жақпамайы қолданылуы мүмкін. 

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелігі 

Сыртқа және жергілікті қолдануға арналған ВИФЕРОН® жақпамайы көлік құралдарын басқару қабілетіне әсер етпейді. 

 

Артық дозаланғанда

Артық дозалану жағдайы тіркелмеген.

 

 

Шығарылу түрі және қаптамасы 

Алюминий сықпада 12 г. 1 сықпа мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған қолдану жөніндегі нұсаулықпен бірге картон қорапқа салынған. 

 

Сақтау  шарттары

2-ден 80С-ге дейінгі температурада, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

 

Сақтау мерзімі

1 жыл

Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

 

 

Босатылу  шарттары

Рецепт арқылы

 

 

Өндіруші

“ФЕРОН” ЖШҚ, Ресей, 123098, Мәскеу қ-сы, Гамалей к-сі, 18-үй.

Телефон/факс (499) 193-30-60

Препарат сапасына деген рекламацияны дайындаушы кәсіпорынға жіберу керек. 

Тұтынушылардан өнім сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«АЛДИМЕД» ЖШС

Телефон  нөмірі: 8-727-262-70-97

Факс нөмірі: 8-727-263-27-34

Электронды поштасы: aldimed@mail.ru

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.