- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Метилурацил
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Тері
- Метилурацил
Метилурацил
Қолдану көрсеткіштері
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Штада Stada |
---|---|
Өндіруші елі | Германия |
Форма | мазь |
Саны | 1 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Метилурацил, негізгі | 10 % |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 690 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Дәрілік препаратты медициналық қолдану
жөніндегі нұсқаулық (Қосымша-парақ)
Саудалық атауы
Метилурацил
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозасы
Жергілікті және сыртқа қолдануға арналған 10 % жақпамай
Фармакотерапиялық тобы
Дерматология. Басқа дерматологиялық препараттар. Тері ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды D11АХ
Қолданылуы
- баяу жазылатын жаралар
- күйік
- фотодерматит
- сүйек сынуы
- жаңа түзілімдерді радиосезімталдығы жоғары емес сәулелендіру кезінде тері реакциялары профилактикасында, гениталий жаңа түзілімдерін сәулемен емдеу жағдайында - сәулелік дерматит және қынап қабырғаларының кешеуілдеп біту (окклюзиясы) симптомдарын азайтуда
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа жоғары сезімталдық
- жара бетінің шамадан тыс грануляциялануы
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Мәліметтер жоқ.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Жақпамай сульфаниламидтер, антибиотиктер мен антисептикалық дәрілердің сыртқы аппликациларымен үйлеседі.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Балаларда препаратты қолданудың қауіпсіздігі анықталмаған.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және лактация кезінде препаратты қолданудың қауіпсіздігі анықталмаған.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын немесе жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысу қабілетіне әсер етпейді.
Қолдану бойынша ұсынымдар
Дозалау режимі
Жақпамайды 15-30 күн бойы күн сайын 5-10 г мөлшерінде зақымданған жерлерге жағады.
Жақпамайды сәулелік дерматит және қынаптың сәулемен кешеуілдеген зақымдануы кезінде жұмсақ тампондармен қолданады.
Енгізу әдісі және жолы
Жергілікті. Сыртқа.
Емдеу ұзақтығы
Қолданудың жиілігі мен ұзақтығы аурудың сипаты мен айқындығына, сондай-ақ қол жеткен әсеріне байланысты болады.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет шаралар
Мәліметтер жоқ.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізу кезінде қажетті шаралар
Қолданылмайды.
Тоқтату симптомдары қатерінің болуын көрсету
Қолданылмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Препарат дәрігердің нұсқауы бойынша қолданылады.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
- аллергиялық реакциялар
- қысқа мерзімдік ашыту
- бас ауыруы, бас айналуы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалықбақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
100 г жақпамайдың құрамында
белсенді зат – метилурацил, 10,00 г; |
қосымша заттар: вазелин, сулы ланолин, келесі жазба бойынша алынған: сусыз ланолин, тазартылған су. |
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сарғыштау түсті жақпамай.
Шығарылу түрі және қаптамасы
25 г препараттан алюминий сықпаға салынады.
Әр сықпаны медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.
Сақтау мерзімі
3 жыл 6 ай
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 15 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәліметтер
«Биосинтез» ЖАҚ, Ресей
440033, Пенза қ., Дружба к-сі, 4, тел./факс: (8412) 57-72-49,
e-mail: Biosintez.QA@sunpharma.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Биосинтез» ЖАҚ, Ресей
440033, Пенза қ., Дружба к-сі, 4, тел./факс: (8412) 57-72-49,
e-mail: Biosintez.QA@sunpharma.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Сан Фармасьютикал Индастриез Лимитед компаниясының» Қазақстан Республикасындағы өкілдігі
050008, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Манас к-сі, 32 «А», «SAT» Бизнес орталығы, 6 қабат, 602 кеңсе, тел. +7 (701) 991-19-56, 8-800-080-52-02,
e-mail: Pharmacovigilance.kz@sunpharma.com