- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Бепантен 50г
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Тері
- Бепантен 50г
Бепантен 50г
Қолдану көрсеткіштері
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Байер |
---|---|
Өндіруші елі | Германия |
Форма | мазь |
Саны | 1 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Декспантенол, негізгі | 5 % |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 0 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» РММ төрағасының 2021ж. « 18 »_02
№ N036777
бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН
Дәрілік препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық(Қосымша парақ)
Саудалық атауы
Бепантен®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Декспантенол
Дәрілік түрі, дозасы
Сыртқа қолдануға арналған жақпамай, 5%
Фармакотерапиялық тобы
Дерматология. Жаралар мен ойық жараларды емдеуге арналған препараттар. Жараларды емдейтін препараттар. Жараларды емдейтін басқа препараттар.Декспантенол.
АТХ коды D03AX03
Қолданылуы
- емшек еметін балаларда базданудың профилактикасы және емдеу
емізу кезінде сүт бездеріне күтім көрсету: «құрғақтық» пен үрпінің жарықтарын емдеу
кішкентай зақымданулар, жарықтар, жаралар, терінің тітіркенуі, жөргектен болған қызару, жеңіл күйіктер, созылмалы жаралар, ойылу, теріні ауыстырып орналастыру, артқы өтістегі сызаттар және жатырмойнының жарасы кезінде терінің сауығу үдерісін жылдамдату (белсендендіру) үшін
тері қабатының бүтіндігі бұзылған жағдайда, оның ішінде кортикостероидты препараттарды пайдаланғанкезде терінің құрғауының профилактикасы және емдеу.
Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
препараттың белсенді затына немесе препараттың қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Жақпамайдың көзге түсуіне жол бермеу керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Басқа препараттармен өзара әрекеттесу жағдайлары белгісіз.
Басқа өзара әрекеттесулер:
Генитальді немесе артқы өтіс аймағындағы жараларды емдеу кезінде жақпамайдыңқұрамындағы қосымша заттар латексті мүшеқаптардың беріктігі мен жыртылуыныңтөмендеуіне әкеліп соғады, осылайша олардың қауіпсіздігін төмендетеді.
Арнайы сақтандырулар
Ланолин, стеарил және цетил спирттері терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін (мысалы,жанаспалы дерматит).
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жақпамайды жүктілік кезінде және емшекпен емізу кезінде қолдануға болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Бепантен® көлік құралдарын және потенциалды қауіпті механизмдерді басқаруқабілетіне әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Жақпамайды терінің зақымданған немесе қабынған бөлігіне күніне қажеттілігінеқарай бір немесе бірнеше рет жағады.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар.
Емшектегі баланың күтімі: жаялықты (жөргекті) әрбір ауыстырған сайын жақпамайдыжағады.
Бала емізетін аналар сүт бездерінің күтімі: жақпамайды баланы әр емізгеннен кейін емшек ұшына жағады. Келесі емшекпен емізер алдында жақпамайдың қалдықтарын сүрткімен немесе жұмсақ шүберекпен сүртіп алу керек.
Енгізу әдісі және жолы
Сыртқа.
Қабылдау уақытын көрсете отырып қолдану жиілігі
Қажетіне қарай күніне бір немесе бірнеше рет.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы емнің көрсеткіштері мен тиімділігіне байланысты.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар Жоғары дозада жақпамайды қолданғанкездің өзінде артық дозалану жағдайлары белгісіз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналыққызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Қолдану тәсілі бойынша сұрақ туындаған жағдайда медицина қызметкерінехабарласыңыз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасыжәне осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Аталған жағымсыз реакциялар туралы деректер өз бетінше жасалған есептергенегізделген, сондықтан CIOMS III (Халықаралық ғылыми- медициналық ұйымдар кеңесі)жиілік санаттарына сәйкес ұйымдастыру мүмкін емес.
Иммундық жүйе, тері және тері асты тіндері тарапынан: аллергиялық реакциялар, оның ішінде терігебайланысты - дерматит, аллергиялық дерматит, қышу, эритема, экзема, бөртпе, есекжем, терінің тітіркенуі, сулы бөртпе.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге,фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралыхабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар(әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер Дәрілік препарат құрамы
Бір грамм жақпамайдың құрамында
белсенді зат: 50 мг декспантенол;
қосымша заттар: протегин Х, цетил спирті, стеарил спирті, ланолин, араның ақ балауызы, ақ жұмсақ парафин, бадам майы, сұйық парафин, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ланолиннің ерекше иісі бар ақшыл сары-ақ түсті жұмсақ, серпімді, біртекті жақпамай.
Шығарылу түрі және қаптамасы
3,5 г, 30 г, 50 г немесе 100 г препарат алюминий сықпаға салынады. 1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен біргекартон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолыжетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз.
Өндіруші туралы мәліметтер
ГП Гренцах Продукционс ГмбХ, Эмил-Барелл-Штрассе 7, Д-79639, Гренцах-Вихлен, Германия
Тел.: +49 7624 9070
Эл.пошта: grenzach@bayer.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Байер Консьюмер Кэр АГ,
СН-4052 Базель, Петер Мериан штрассе, 84, Швейцария тел. +41 58 2727542
факс: +41 58 272 7173
Эл.пошта: www.basel.bayer.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланысдеректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Байер КАЗ» ЖШС
Тимирязев к-сі, 42, «Экспо-Сити» бизнес орталығы, 15 пав. 050057 Алматы,Қазақстан Республикасы
Тел. +7 701 715 78 46
Факс: +7 727 244 70 01