Вазелин

Вазелин

Өнім мәліметтері
ӨндірушіДосфарм Dosfarm DF
Өндіруші еліҚазақстан
Формакрем
Саны1
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Вазелин, негізгі25 гр
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 690 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

ВАЗЕЛИН-DF

 

 

Саудалық атауы 

Вазелин-DF

 

Халықаралық патенттелмеген атауы 

Жоқ

 

Дәрілік түрі 

Сыртқа қолдануға арналған  15г,  25 г жақпамай

 

Құрамы

белсенді зат –15г,  25 г вазелин

 

Сипаттамасы 

Ақтан сары түске дейінгі иіссіз, бір текті созылғыш жақпамай тәрізді масса. Шыны пластинаға жаққанда тегіс, ақпайтын сызаттанбайтын, үлбір түзеді. Балқытқанда парафин немесе мұнайдың әлсіз иісі бар, бір текті, мөлдір сұйықтық. 

 

Фармакотерапиялық тобы 

Дерматопротекторлар. Парафин және майлы препараттар. 

АТЖ коды D02АС

 

Фармакологиялық қасиеттері 

Фармакокинетикасы

Вазелинді теріге жаққан кезде сіңбейді және резорбциялық әсерге ие емес. Фармакодинамикасы

Вазелин-DF дерматопротекторлы дәрі ретінде қолданылады.  Препаратты теріге жаққан кезде жұмсартатын және қорғайтын әсерге ие.  

Қолданылуы 

- жұмсартатын дәрі ретінде  

- ерін мен қол жарылған кезде жұмсарту үшін 

 

Қолдану тәсілі және дозалары 

Вазелин-DF сыртқа қолданылады. Аздаған мөлшерін алып тері аймақтарына жағады және сылайды. Егер аппликациядан кейін қалып қойса,  препараттың қалдығын ватамен немесе дәке тампонмен сүртіп және жылы сумен сабындап жуу керек.   

 

Жағымсыз әсерлері 

- аллергиялық реакциялар  (жаққан жердегі тітіркену сезімі)

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар 

- вазелинге жоғары сезімталдықта 

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі 

Анықталмаған

 

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда

Препаратты балалар практикасында 1 жастан бастап және дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек. 

Жүктілік және  лактация кезеңі 

Препаратты жүкті кезде және лактация кезеңінде дәрігердің кеңесінен кейін ғана қолдануға болады. 

Дәрілік заттың көлік құралдарын  және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері 

Препарат автокөліктерді немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне әсер етеді.   

 

Артық дозалануы 

Анықталмаған 

 

 

 

Шығарылу түрі мен қаптамасы 

Пластмасса қалпақшамен тығындалған, шыны банкада немесе жарғақшалы алюминийлік сықпада  15 г және 25 г-нан.  Банка немесе сықпа қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге топтық қаптамаға салынған, банкалар термо орнықтыратын үлбірден жасалған қаптамаға салынған  немесе 1 сықпа қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқауылқпен бірге картон пәшкеге салынған. 

 

Сақтау шарттары 

Жарықтан қорғалған жерде, +25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі 

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды. 

 

Дәріханалардан босатылу шарттары 

Рецептісіз 

 

Өндіруші 

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.