- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Гидротен
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Тері
- Гидротен
Гидротен
Қолдану көрсеткіштері
- Жараны емдеу
- Теріні нәрлендіреді және жұмсартады
- Тамақтандыру кезінде сүт бездерінің күтімі: «құрғақтық» және жарылған емізіктерді емдеу
- Нәрестелердегі жөргектің бөртпесі
- Жану
Тапсырыс беру шарттары
«Гидротен» алдын ала тапсырыс беріңіз және арнайы баға алыңыз - 1912 ₸ (қалыпты баға: 2390 ₸). Алдын ала тапсырысты орындаудың болжалды күні* – 23.04.2025, егер тапсырысты 22.04.2025 14:15 дейін орналастырсаңыз және төлесеңіз.
Орындау мерзімі Рудный-дегі біздің дистрибьюторлық орталықта алу шарттарына сәйкес есептеледі. Сайттың жоғарғы жағындағы қаланы өзгертуге болады, содан кейін болжалды жеткізу күні өзгеруі мүмкін.
Тауарды алғаннан кейін оны пр-т Комсомольский, д. 34 бойынша алуға немесе ыңғайлы уақытта курьер арқылы тегін жеткізуді ұйымдастыруға болады.
Арнайы баға бойынша алдын ала тапсырыс беру тек алдын ала төлеу үшін қол жетімді. Тапсырыс үшін кез келген банктің Visa/MasterCard картасымен 20 минут ішінде төлеу керек.
Жеке және заңды тұлғаларға тапсырыс беруге болады.
Тапсырыс беруге болады: 299 бірлік өнім (әр 15 минут сайын жаңартылады).
Ең аз тапсырыс сомасы:
- жеке тұлғалар үшін – 12 000 ₸
- заңды тұлғалар үшін – 250 000 ₸
* Тауарды жеткізудің болжамды күні технологиялық себептер бойынша өзгертілуі мүмкін, бірақ 3 күнтізбелік күннен аспауы керек.
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Нобел |
---|---|
Өндіруші елі | Қазақстан |
Форма | мазь |
Саны | 1 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Декспантенол, негізгі | 5 % |
Бұл өнім екі нұсқада тапсырыс беруге болады: дәл қазір жеткізу немесе алдын ала тапсырыс бойынша. Тапсырыс берген кезде себет ішіндегі тапсырыс опциясын таңдауыңыз керек.
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 2390 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Тапсырыс беру күйі | Қол жетімді |
---|---|
Тапсырыс бағасы | 1779 ₸ 611 ₸ |
Мерзімнің өту күні | 22.04.2025 |
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Гидротен
Халықаралық патенттелмеген атауы
Декспантенол
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған 5% жақпамай
Құрамы
Бір грамм жақпамайдың құрамында
белсенді зат – 50 мг декспантенол,
қосымша заттар: хлоргексидин гидрохлориді, полиэтиленгликоль ПЭГ-6, этиленгликоль пальмитостеарат және полиэтиленгликоль ПЭГ-32 стеарат (TEFOSE 63) қоспасы, 2-октилдодецил миристат (MOD), жожоба майы, стеарил спирті, ланолин, вазелин, сұйық парафин, ЭДТА динатрийі, пропиленгликоль, тазартылған су.
Сипаттамасы
Ішінде бөгде заттар жоқ, біртекті жұмсақ консистенциялы, ақ немесе ақ дерлік түсті өзіне тән иісі бар жақпамай.
Фармакотерапиялық тобы
Артық тыртықтануды емдеуге арналған басқа препараттар. Декспантенол.
АТХ коды D03АХ03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Декспантенол теріге тез сіңеді. Декспантенол пантотен қышқылына айналады және дәруменнің эндогенді бөлігімен бірлеседі. Қанда пантотен қышқылы плазма ақуыздарымен байланысады; өзгермеген күйде – 60-70% несеппен, қалған бөлігі нәжіс массасымен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Декспантенол - пантотен қышқылының туындысы. Пантотен қышқылы-В кешенінің суда еритін дәрумені - А коферментінің құрамдас бөлігі болып табылады және ацетилдену, тотығу үдерістеріне, көмірсу және май алмасуына, трикарбон қышқылдары цикліне, ацетилхолин, глюкокортикостероидтар, порфириндер синтезіне қатысады. Терінің регенерациясын көтермелейді, жасушалық метаболизмді қалпына келтіреді, коллагенді талшықтардың төзімділігін арттырады. Пантотен қышқылына мұқтаждықтың артуы тері жабынының немесе тіндердің зақымдануы кезінде байқалады, декспантенолды жергілікті қолдану терідегі пантотен қышқылы жеткіліксіздігін толтырады. Препарат регенерациялайтын, метаболизмдік және қабынуға қарсы әлсіз әсер етеді.
Қолданылуы
- кіші зақымдануларда, жарылуларда, сыдыруларда, тері тітіркенулерінде, жөргектен пайда болған эритемада, жеңіл күйіктерде, созылмалы ойық жараларда, тесілулерде, теріні ауыстырып салғанда терінің жазылу үдерісін тездету (белсенділендіру) үшін
- емшек еметін балалардың баздануын емдеу және профилактикасында
- емшек емізу кезеңінде сүт бездерінің күтімінде: емшек ұшының «құрғауын» және жарылуын емдеу
- тері қабатының тұтастығы бұзылған кезде терінің құрғақтығын емдеу және профилактикасында
Қолдану тәсілі және дозалары
Жақпамайды терінің зақымданған немесе қабынған бөліктеріне күніне 1-2 рет жағады. Емшек емізетін аналардың сүт бездерінің күтімі: жақпамайды емшектің ұшына әр емізгеннен кейін жағады.
Емшек еметін баланың күтімі: жақпамайды жаялықты (жөргекті) ауыстырған сайын жағады.
Емдеу ұзақтығы емнің көрсеткіштері мен тиімділігіне тәуелді.
Жағымсыз әсерлері
Сирек: аллергиялық реакциялар (есекжем, қышыну, жанаспалы дерматит, эритема, экзема, бөртпе, терінің тітіркенуі және күлбіреуіктің пайда болуы)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- Пантотен қышқылы туындылары немесе препараттың басқа компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдықта
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа препараттармен өзара әрекеттесу жағдайлары белгісіз.
Айрықша нұсқаулар
Аллергиялық реакциялар пайда болған жағдайда, препаратты қолдануды тоқтату қажет. Көзге тигізуге болмайды.
Жүктілік және лактация кезеңі
Көрсеткіштер бойынша қолдану мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Гидротен жақпамайы көлік құралдарын және басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Артық дозалану жағдайлары белгісіз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
30 г препараттан жарғақшаны тесуге арналған пластмасса қалпағы бар алюминий сықпаға салынады.
1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз