Депантол

Депантол

Өнім мәліметтері
ӨндірушіНижфарм
Өндіруші еліРесей
Формакрем
Саны1
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Декспантенол, негізгі5 мг
Хлоргексидин, негізгі0.8 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 1690 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

жөніндегі нұсқаулық

 

Депантол®

 

Саудалық атауы 

Депантол®

 

Халықаралық патенттелмеген атауы 

Жоқ

 

Дәрілік түрі 

Сыртқа қолдануға арналған крем

 

Құрамы

1 г кремнің құрамында 

белсенді заттар:       100 % затқа шаққанда декспантенол (D-Пантенол) – 0,05250 г

                                    хлоргексидин биглюконаты – 0,00802 г,

қосымша заттар: пропиленгликоль, макрогол цетостеараты (Eumulgin B 2), цетостеарил спирті (60 % көп емес цетил спирті, 40 % кем емес стеарил спирті) (Lanette O), сұйық парафин (медициналық вазелин майы), вазелин, натрий гидрофосфаты додекагидраты, калий дигидрофосфаты, тазартылған су.

 

Сипаттамасы 

Ақ немесе ақ дерлік түсті крем

 

Фармакотерапиялық тобы 

Антисептиктер және зарарсыздандыратын препараттар. Хлоргексидин басқа да препараттармен біріктірілімде. 

АТХ коды   D08AC52

 

Фармакологиялық қасиеттері

Біріктірілген препарат.

Декспантенол – В тобының витамині, организмде А коэнзимінің құрамдас бөлігі болып табылатын пантотен қышқылына метаболизденеді және  ацетилдену үдерісіне, көмірсу және май алмасуына, ацетилхолин, глюкокортикостероидтер, порфириндер синтезіне қатысады; тері регенерациясын көтермелейді, жасуша метаболизмін қалыптастырады,  митозды жеделдетеді және коллагенді талшықтардың беріктігін арттырады. Регенерациялайтын, витаминді, метаболикалық және қабынуға қарсы әсері бар.

Хлоргексидин – антисептикалық дәрі болып табылатын микробтарға қарсы препарат. Грамоң және грамтеріс бактерияларға, оның ішінде Staphylococcus spp., Enterococcus spp., Pseudomonas aeruginosa, E.coli, Streptococcus spp., Treponema pallidum, Chlamydia spp., Ureaplasma spp., Neisseria gonorrhoeae, Gardnerella vaginalis, Bacteroides fragilis, ашытқы тәрізді зеңдерге және дерматофиттерге, қарапайымдыларға (Trichomonas vaginalis) және вирустарға (II түрдегі Herpes simplex) қатысты белсенді. Қан, ірің, түрлі секрет және органикалық заттар болғанда белсенділігін сақтайды. 

Депантол® кремі жараның бетін жұқпадан қорғайды, жұқпа үдерісін басады және жараның бітуін жеделдетеді.  

 

Қолданылуы

-   жұқпа жұқтыру қаупінде (сыдырулар, кесіп алулар, сырылулар, сызаттар, тырналулар – оның ішінде жәндіктер шаққанда, күюде, трофикалық ойық жараларда) жараларды өңдеуде

-   операциядан кейінгі жарларды өңдеуде

-   жұқпа жұқтырған жараларды, күюлерді (оның ішінде күннен күюді қоса), ойылулар, сыдыруларды, кесіп алуларды, сызаттарды, трофикалық ойық жараларды, баздануларды емдеуде

-   жұқпа жұқтырған дерматоздарды (оның ішінде экзема және атопиялық дерматитті) емдеуде

-   балаларда – жөргектік дерматитте, жұқпалану белгілері бар сырылулар

-   бала емізетін әйелдерде – жұқпалану белгілері бар сүт бездері ұшының сызаттары мен қабынуында.

 

Қолдану тәсілі және дозалары 

Сыртқа.

Кремді зақымданған тері аймақтарына жұқалап тәулігіне 1-3 рет жағу керек.  

Бала емізетін әйелдер әрбір емізуден кейін жұқпа жұқтырған емшектің ұшының беткейіне кремді жағуы керек.  

Емшек еметін балаларға кремді киімді әрбір ауыстырғаннан немесе су процедураларынан кейін жұқпа жұқтырған орынға жағады. Емдеу курсы 5-7 күн. 

 

Жағымсыз әсерлері

-   қышыну, күйдіру, қызару

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар 

-   препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық 

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі 

Хлоргексидин сабынмен және басқа да анионды заттармен үйлесімсіз.  

Йодпен бір уақытта қолдану ұсынылмайды.  

Этанол хлоргексидиннің әсерін күшейтеді.

 

Айрықша нұсқаулар 

Көзге тиюіне жол бермеу керек. 

Жүктілік және  лактация

Ауқымды аймақтарға қолдануға болмайды. 

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор  механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері 

Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.   

 

Артық дозалануы  

Препараттың артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.  

 

Шығарылу түрі мен қаптамасы

30 г препараттан алюминий сықпаларға салады.

Әр сықпа мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.  

 

Сақтау шарттары 

25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі 

2 жыл 

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

 

Дәріханалардан босатылу шарттары 

Рецептісіз

 

Өндіруші 

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

603950, Нижний Новгород қ.,

ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7

тел. (831) 278-80-88 

факс (831) 430-72-28 

веб сайт: http://www.nizhpharm.ru/

 

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы: 
«Нижфарм» ААҚ Өкілдігі
050043, Қазақстан Республикасы, 
Алматы қ., Хан –Тәңірі ықшам ауданы, 55б 
тел.: (727) 2222-100
факс: (727) 398-64-95
e–mail: almaty@stada.kz

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.