Ихтиол

Өнім мәліметтері
ӨндірушіБорисов атындағы медициналық препараттар зауыты
Өндіруші еліБеларусь
Формамазь
Саны1
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Ихтиол, негізгі20 %
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 0 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Ихтиол

 

Халықаралық патенттелмеген атауы 

Жоқ

 

Дәрілік түрі

Cыртқа қолдануға арналған жақпамай, 200 мг|г

 

Құрамы

Бір сықпаның ішінде

белсенді зат - 5.0 г ихтиол,

қосымша заттар: – «Твёрдый-2» эмульгаторы, жұмсақ, сары парафин. 

 

Сипаттамасы

Ихтиол иісі бар күңгірт-қоңыр түсті жақпамай.

 

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және басқа да зарарсыздандыратын препараттар.

АТХ коды D08AX

 

Фармакологиялық қасиеттері

Қабынуға қарсы дәрі, микробқа қарсы (Staphylococcus aureus және Streptococcus pyogenes қатысты бактерицидті), кератопластикалық әсер етеді. Ихтиол грамтеріс микроорганизмдерге әсер етпейді.

Фурункулдардың пісіп жетілуін жеделдетеді. Теріге тікелей әсер еткенде олардың сезімталдығының төмендеуімен ауысатын, сезімтал жүйке ұштарының аздап тітіркенуін туындатады, ол тіндердің трофикасын өзгертетін рефлекстердің пайда болуына әкеледі. Ақуыз молекулаларының денатурациясын туындатады. Жүйелі сіңуі төмен.

Қолданылуы

тері жұқпаларында

күюлерде,

тілме қабынуларында

экземада

пиодермияда (оның ішінде фурункулез)

 

Қолдану тәсілі және дозалары 

Препарат сыртқа қолдануға арналған. Жақпамайды зақымданған жерге жұқа қабатпен, ысқыламай жағады. Жақпамайды жаққаннан кейін өңделген жерді дәке таңғышпен жабады. Таңғыштарды күнделікті ауыстырады. Препаратты қолданғаннан кейін қолды мұқият жуу керек. Жақпамайдың көзге және шырышты қабаттарға тиіп кетуінен сақ болу керек. Препаратпен емдеу курсының ұзақтығын және дозасын әрбір емделушіге жекелей емдеуші дәрігер анықтайды.

 

Жағымсыз әсерлері

Препарат әдетте жақсы көтерімді, кейбір жағдайларда аллергиялық реакциялар, оның ішінде тері бөртпесі, қышыма және есекжем дамуы мүмкін. Терінің аллергиялықреакциялары негізінен препаратпен емдеудің басында немесе жақпамайды ұзақ қолданғанда дамиды. Айқын тері реакциялары дамығанда препаратты қолдануды тоқтату керек. 

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық.

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты жергілікті қолдануға арналған басқа дәрілік заттармен бірге терінің бір бөлігінде қолдануға болмайды. Құрамында йод тұздары, алколоидтар және ауыр металл тұздары бар жергілікті қолдануға арналған дәрілік заттармен препаратты терінің бір бөлігінде бір мезгілде қолданғанда, әсері болжамдалмаған жаңа қосылыстар түзілуі мүмкін.

Фотоқорғаныстық дәрілердің (фенилсалицилаттың, ПАБК және диоксометилтетрагидропиримидиннің) әсерін күшейтеді. Фармацевтикалық мырыш тотығымен үйлеспейді (тұнба түзеді), сондықтан құрамында мырыш тотығы бар кремдермен және жақпамайлармен бірге қолданбау керек.

Диметилсульфоксид, этил спирті мен глицерин ихтиол жақпамайымен бір мезгілде жағылғанда ихтиолдың жүйелі сіңуін күшейтеді және оның жаққан аймақтағы жұмсақ тіндерге терең енуін арттырады.

 

Айрықша нұсқаулар

Ихтиол жақпамайы тек сыртқа қолдануға арналған. Препаратты ашық жараларға қолдануға болмайды. Препараттың ауыздың шырышты қабығына, көзге түсуіне жол бермеу керек.

Педиатрияда қолдану - бұл топтағы емделушілерге қолдану деректері шектеулі болғандықтан, ихтиол жақпамайын 6 жастан кіші балаларға қолдануға болмайды, ихтиолдың (ауыз арқылы) ішке түсу қаупі айтарлықтай жоғары.

Жүктілік пен лактация

Ихтиолдың жақпамайын жүктілік пен лактация кезеңінде тек ана үшін күтілетін пайда мен бала/ұрық үшін ықтимал қауіпті мұқият бағалаудан кейін қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізу немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері 

Әсер етпейді.

 

Артық дозалануы 

Препаратты дұрыс қолданғанда артық дозалану мүмкіндігі төмен.

Жақпамайды кездейсоқ жұтып қойғанда асқазанды шаю және энтеросорбенттерді қабылдау керек.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий сықпаларда 25 г-нан. Әрбір сықпаны медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулығымен бірге хром картоннан жасалған пәшкеге салады. Пәшкелерді топтық қаптамаға салады.

 

Сақтау шарттары

20 ºС-ден аспайтын температурада cақтау керек.

Балалардан қорғау керек!

 

Сақтау мерзімі 

5 жыл 

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.