- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Куриозин
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Тері
- Куриозин
Куриозин
Қолдану көрсеткіштері
Тапсырыс беру шарттары
«Куриозин» алдын ала тапсырыс беріңіз және арнайы баға алыңыз - 3112 ₸ (қалыпты баға: 3890 ₸). Алдын ала тапсырысты орындаудың болжалды күні* – 23.04.2025, егер тапсырысты 22.04.2025 14:15 дейін орналастырсаңыз және төлесеңіз.
Орындау мерзімі Рудный-дегі біздің дистрибьюторлық орталықта алу шарттарына сәйкес есептеледі. Сайттың жоғарғы жағындағы қаланы өзгертуге болады, содан кейін болжалды жеткізу күні өзгеруі мүмкін.
Тауарды алғаннан кейін оны пр-т Комсомольский, д. 34 бойынша алуға немесе ыңғайлы уақытта курьер арқылы тегін жеткізуді ұйымдастыруға болады.
Арнайы баға бойынша алдын ала тапсырыс беру тек алдын ала төлеу үшін қол жетімді. Тапсырыс үшін кез келген банктің Visa/MasterCard картасымен 20 минут ішінде төлеу керек.
Жеке және заңды тұлғаларға тапсырыс беруге болады.
Тапсырыс беруге болады: 76 бірлік өнім (әр 15 минут сайын жаңартылады).
Ең аз тапсырыс сомасы:
- жеке тұлғалар үшін – 12 000 ₸
- заңды тұлғалар үшін – 250 000 ₸
* Тауарды жеткізудің болжамды күні технологиялық себептер бойынша өзгертілуі мүмкін, бірақ 3 күнтізбелік күннен аспауы керек.
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Гедеон Рихтер |
---|---|
Өндіруші елі | Германия |
Форма | гель |
Саны | 1 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Мырыш, негізгі | 5 мг |
Бұл өнім екі нұсқада тапсырыс беруге болады: дәл қазір жеткізу немесе алдын ала тапсырыс бойынша. Тапсырыс берген кезде себет ішіндегі тапсырыс опциясын таңдауыңыз керек.
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 3890 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Тапсырыс беру күйі | Қол жетімді |
---|---|
Тапсырыс бағасы | 2848 ₸ 1042 ₸ |
Мерзімнің өту күні | 22.04.2025 |
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және
фармацевтикалық қызметті
бақылау комитеті Төрағасының
2013 жылғы “____” __________
№ _____ бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы
жөніндегі нұсқаулық
КУРИОЗИНÒ
Саудалық атауы
КуриозинÒ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
15 г гель
Құрамы
1 сықпа гельдің құрамында
белсенді заттар - 15,4 мг мырыш гиалуронаты (15 мг таза натрий гиалуронатына баламалы), 5 мг мырыш хлориді,
қосымша заттар: калий сорбаты, натрий гидроксиді, карбомер, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Іс жүзінде иіссіз, түссіз немесе түссіз дерлік мөлдір гель.
Фармакотерапиялық тобы
Безеулі бөртпені жергілікті емдеуге арналған басқа да препараттар
АТХ коды D10 АХ
Фармакологиялық қасиеттері
КуриозинÒ қабынуға қарсы және бактерияға қарсы әсер көрсетеді.
Гиалурон қышқылы – мукополисахарид типтес полимер, гидрофильді қасиеттері бар, су молекулаларымен дисперсиялы матрикс түзеді, тері жабындарының серпінділігін және тонусын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады; қабынуға қарсы, аптисептикалық және күйікке қарсы әсер көрсетеді, регенерацияны көтермелейді. Гиалурон қышқылы протеогликандардың басқа молекулаларымен дәнекер тіннің жасушааралық массасын тұрақтандырады. Гиалурон қышқылының Zn2+-пен біріктірілімі Propionibacterium acne липазалық белсенділігінің тежелуіне ықпал етумен, патологиялық үдерісті бәсеңдетеді және эпидермистің бұзылған метаболизмін қалпына келтіреді, комедондардың, папулалар мен пустулалардың түзілуін болдырмайды.
КуриозинÒ гель безеулердің пайда болуына жол бермейді, коллагеннің түзіле бастаған талшықтарының ретпен орналасуына ықпал етеді және тыртықтардың түзілуін кедергілейді, гранулоциттер мен макрофагтар белсенділігін арттырады және фибробласттар мен ангиогенездер пролиферациясын күшейтеді.
Жергілікті қолданған кезде гиалурон қышқылының және мырыштың жүйелік сіңірілуі төмен.
Қолданылуы
- ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа болатын кәдімгі безеулер (әсіресе камедонды және папулезді-пустулезді безеулер).
Қолдану тәсілі және дозалары
Терінің зақымданған бөліктерін мұқият тазалағаннан кейін тәулігіне екі рет жұқа қабаттап жағады.
Гель бірнеше минут ішінде сіңіп кетеді, сондықтан таңғыш салудың қажеті жоқ. Безеу бөртпесін КуриозинÒ гель препаратымен емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығы мен ұзақтығына байланысты, дәрігер-дерматолог арқылы белгіленеді.
Жағымсыз әсерлері
Жиі (>1/100 - <1/10)
- ашыту сезімі және терінің қызаруы
- тері құрғаған кезде тырысу сезімі пайда болуы мүмкін (әдетте аталған көріністер емдеуді жалғастырған кезде өздігінен жоғалады)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың кез келген ингредиентіне аса жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған.
Айрықша нұсқаулар
Препарат жасөспірім жаста қолдануға арналған.
Препарат фотосезімталдық тудырмайды, теріге немесе іш киімге жұқпайды.
Жүктілік, лактация кезеңі
Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдану жөнінде деректер жоқ.
Автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі
Препарат автокөлікті және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Жүйелік сіңірілуі төмен болуына орай артық дозалану ықтималдығы аз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
15 г препараттан ұшы тесілетін ақ полиэтилен қақпақшасы бар алюминий сықпада.
1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
15оС-ден 30оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші ұйымның атауы және елі
«Гедеон Рихтер» ААҚ, Венгрия
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
«Гедеон Рихтер» ААҚ, Венгрия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасы туралы шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы
ҚР-дағы «Гедеон Рихтер» ААҚ өкілдігі,
Алматы қ., Нұрлыбаев к-сі, 11
e-mail: info@richter.kz
Тел. 8 (7272) 58-26-22, 8 (7272) 58-26-23