- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Камфора майы
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Тері
- Камфора майы
Камфора майы
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Шаншаров-фарм |
---|---|
Өндіруші елі | Қазақстан |
Форма | раствор |
Саны | 1 |
Қаптамасы | бөтелке |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Камфора, негізгі | 10 % |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 0 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Дәрілік затты медициналық қолдану
жөніндегі нұсқаулық
КАМФОРА МАЙЫ
Саудалық атауы
Камфора майы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Май 10 %, 25 мл, 30 мл, 40 мл, 50 мл
Құрамы
100 мл препараттың құрамында
белсенді зат – 10 г камфора;
қосымша зат – күнбағыс майы 100 мл дейін.
Сипаттамасы
Камфораның иісі бар мөлдір сары түсті майлы сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Тірек-қимыл аппаратының ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа да препараттар
АТХ коды М02AХ10
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Терінің бетіне жаққан кезде ішінара сіңеді, тотығуға ұшырайды. Тотығу өнімдері глюкурон қышқылымен байланысады және бүйрекпен шығарылады. Камфораның бір бөлігі өзгермеген күйінде өкпе және өт арқылы бөлініп шығарылады.
Фармакодинамикасы
Камфора майы – өсімдік текті дәрілік зат, антисептикалық, жергілікті тітіркендіретін, жергілікті ауыруды басатын және қабынуға қарсы әсері бар. Терінің сезімтал жүйке ұштарын қоздыра отырып, қан тамырларын кеңейтеді және ағзалар мен тіндердің трофикасын жақсартады.
Қолданылуы
Кешенді емнің құрамында:
- артриттер
- артралгия
- миозит
- радикулит
- миалгия
- ишиас
- тесілу дамуының профилактикасы
Қолдану тәсілі және дозалары
Препаратты ысқылау түрінде сыртқа қолданады. Майды жұқа қабатпен күніне 1-2 рет жағады және уқалау қимылдарымен 2-3 минут ысқылайды.
Емдеу ұзақтығы - 7 - 10 күн.
Жағымсыз әсерлері
- есекжем
- терінің тітіркенуі
- бас ауыруы, бас айналуы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа аса жоғары сезімталдық
- тері аурулары
- тері қабаты тұтастығының бұзылуы
- құрысу реакцияларына бейімдік
- 12 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Жүктілікте, лактация кезеңінде, балаларға сақтықпен қолдану керек.
Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалау
Симптомдары: қозу, тахикардия, құрысулар.
Емі: симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
25 мл, 30 мл, 40 мл және 50 мл бұралатын мойны мен бұрандалы қақпағы бар полимер құтыларда. Құтылар картон қорапқа немесе орау қағазына қапталған бумаға қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге қапталады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Босатылу шарттары
Рецептісіз