- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Уролесан
Уролесан
Тапсырыс беру шарттары
«Уролесан» алдын ала тапсырыс беріңіз және арнайы баға алыңыз - 2416 ₸ (қалыпты баға: 3020 ₸). Алдын ала тапсырысты орындаудың болжалды күні* – 23.04.2025, егер тапсырысты 22.04.2025 14:15 дейін орналастырсаңыз және төлесеңіз.
Орындау мерзімі Рудный-дегі біздің дистрибьюторлық орталықта алу шарттарына сәйкес есептеледі. Сайттың жоғарғы жағындағы қаланы өзгертуге болады, содан кейін болжалды жеткізу күні өзгеруі мүмкін.
Тауарды алғаннан кейін оны пр-т Комсомольский, д. 34 бойынша алуға немесе ыңғайлы уақытта курьер арқылы тегін жеткізуді ұйымдастыруға болады.
Арнайы баға бойынша алдын ала тапсырыс беру тек алдын ала төлеу үшін қол жетімді. Тапсырыс үшін кез келген банктің Visa/MasterCard картасымен 20 минут ішінде төлеу керек.
Жеке және заңды тұлғаларға тапсырыс беруге болады.
Тапсырыс беруге болады: 438 бірлік өнім (әр 15 минут сайын жаңартылады).
Ең аз тапсырыс сомасы:
- жеке тұлғалар үшін – 12 000 ₸
- заңды тұлғалар үшін – 250 000 ₸
* Тауарды жеткізудің болжамды күні технологиялық себептер бойынша өзгертілуі мүмкін, бірақ 3 күнтізбелік күннен аспауы керек.
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Галичфарм |
---|---|
Өндіруші елі | Украина |
Форма | раствор |
Саны | 1 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Дәрілік шөптер, негізгі | 67 мг |
Бұл өнім екі нұсқада тапсырыс беруге болады: дәл қазір жеткізу немесе алдын ала тапсырыс бойынша. Тапсырыс берген кезде себет ішіндегі тапсырыс опциясын таңдауыңыз керек.
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 3020 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Тапсырыс беру күйі | Қол жетімді |
---|---|
Тапсырыс бағасы | 2873 ₸ 147 ₸ |
Мерзімнің өту күні | 22.04.2025 |
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы
жөніндегі нұсқаулық
УРОЛЕСАН
Саудалық атауы
Уролесан
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішуге арналған 25 мл ерітінді
Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: 67,60 мг самырсын майы, 16,90 мг бұрыш жалбызы майы, 92,95 мг майсана майы, 194,35 мг жабайы сәбіз жемісінің сұйық сығындысы (1:1), 278,80 мг құлмақ бүршігінің сұйық сығындысы (1:1), 192,95 мг жұпаргүл шөбінің сұйық сығындысы (1:1),
қосымша зат: 0,04 мг динатрий эдетаты.
Сипаттамасы
Жалбызға тән иісі бар, боялуы жасыл-қоңырдан қоңырға дейінгі сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Спазмолитиктерді қоса, урологиялық ауруларға арналған басқа да препараттар. Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды G04B Х
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Эфир майларының жоғары ерігіштігі мен қылтамырлық белсенділігінің нәтижесінде қанға жеңіл сіңеді.
Фармакодинамикаcы
Уролесан несеп конкременттерін (сондай-ақ өт конкременттерін) шығаруға ықпал ететін дәрілік заттар тобына жатады. Препарат құрамына кіретін эфир майының құрамдас бөліктері қабыну үдерістерін азайтады, бауыр мен бүйректі қанмен жабдықтаудың күшеюіне ықпал етеді, диуретикалық, өт айдайтын және бактерицидті әсер етеді, несепте қорғаныстық коллоид түзеді, сондай-ақ өт қабы мен жоғары несеп жолдарының тегіс бұлшық еттерінің тонусын (түйіліп жиырылуын тоқтатады) қалыпқа келтіреді. Бүйректік және бауырлық қан айналымын көтермелей отырып, несеп пен өттің шығарылуына ықпал етеді.Препараттың қабынуға қарсы айқын әсері бар, өттің ағып шығуына, бүйректен, қуық және өт қаптарынан тас пен құмның шығарылуына ықпал етеді. Препарат сондай-ақ конкременттер шығарылған кезде маңызы зор болатын жұмсақ түрде тыныштандырғыш әсер етеді.
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында:
- несеп шығару жолдарының және бүйректің жедел және созылмалы жұқпаларында (циститтер және пиелонефриттер)
- несеп-тас ауруы және несеп-қышқыл диатезде (оларды алып тастағаннан кейін конкременттер түзілуінің алдын алуда)
- созылмалы холециститтерде (оның ішінде калькулезді), өт жолдарының дискинезиясында.
Қолдану тәсілі және дозалары
Тамақтың алдында ішке қабылдайды.
Ересектерге: 8 - 10 тамшыдан (қантқа, қант диабеті бар емделушілерге – нанға) тәулігіне 3 рет. Қабылдау ұзақтығы 5-30 күнді құрайды. Қажет болған жағдайда қайталау курстары болуы мүмкін. Бүйрек және бауыр шаншуларында бір реттік доза 15-20 тамшыны құрайды.
7-14 жастағы балалар үшін: 5-6 тамшыдан (қантқа, қант диабеті бар емделушілерге – нанға) тәулігіне 3 рет.
Бір реттік дозаны, қабылдау жиілігі мен ұзақтығын жекелей дәрігер белгілейді.
Жағымсыз әсерлері
- ас қорыту жолы тарапынан: диспепсиялық құбылыстар (жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы)
- аллергиялық реакциялар: қышыну сезімі, беттің қызаруы, тері бөртпесі, ангионевротикалық ісіну (тамақтың жыбырлау сезімі, тыныс алудың қиындауы, беттің, тілдің ісінуі)
- орталық және шеткергі жүйке жүйелері тарапынан: бас айналуы, жалпы әлсіздік
- жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: артериялық гипертензия, гипотензия.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық
- гастриттер, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы
- 7 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі белгісіз.
Айрықша нұсқаулар
Егер тастың диаметрі 3 мм-ден артық болса қолдануға болмайды.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктілік және лактация кезеңіндегі әйелдерге қолдану тәжірибесі жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлер даму мүмкіндігін ескере отырып, сақтық таныту қажет.
Артық дозалануы
Симптомдары: жүрек айнуы, жеңіл бас айналуы.
Емі: сұйықты көп мөлшерде ішу, тыныштық, белсенділендірілген көмір, атропин сульфаты (0,0005 – 0,001 г).
Шығарылу түрі және қаптамасы
25 мл-ден пластмасса қақпақпен және тығынмен тығындалған тамшылатқыш-құтыда.
Құтыға заттаңба жапсырылады. 1 құты тамшылатқыш-тығынмен және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
25 мл-ден алғашқы ашылуы бақыланатын тығын-тамшылатқышпен және бұралып кигізіліп-тығындалатын қақпағы бар немесе«Артериум» корпорациясының логотипі салынған алғашқы ашылуы бақыланатын бұралып кигізіліп-тығындалатын қақпағы бар тамшылатқыш-құтыда.
Құтыға заттаңба жапсырылады.
1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
МССТ 17768-90 сәйкес топтық және тасымалдау ыдысы.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 20 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Препаратты құты ашылғаннан кейін 30 күн ішінде пайдалану керек.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Галичфарм» АҚ
Украина, 79024, Львов қ., Опрышковская к., 6/8
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Артериум» корпорациясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі
050060,Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 97 үй, 3 подъезд, «54» кеңсе
Тел/факс: 8(727)315-82-09; 8(727)315-82-10;
Е-mail: office@arterium.kz