Максигра

Өнім мәліметтері
ӨндірушіСанто-Химфарм
Өндіруші еліҚазақстан
Форматаблетки
Саны1
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецепт арқылы
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Силденафил, негізгі100 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 3550 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада 1 н.
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

 

МАКСИГРА 

Саудалық атауы 

Максигра  

                        

Халықаралық патенттелмеген атауы

Силденафил 

 

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған 50 мг, 100 мг таблеткалар 

 

Құрамы

Бір  таблетканың құрамында

белсенді зат - 70.24 мг немесе 140.48 мг силденафил цитраты, тиісінше 50.00 мг немесе 100.00 мг (силденафилге баламалы),

қосымша заттар: маннитол, кросповидон (А типті),  повидон (К 25), коллоидты кремнийдің қостотығы, жүгері крахмалы, магний стеараты,  натрий  лаурилсульфаты,

қабықтың құрамы: гипромеллоза (15 mPas), макрогол 6000, титанның қостотығы Е171, тальк, индигокармин Е132.

 

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, көгілдір түсті қабықпен қапталған таблеткалар.                                          

 

Фармакотерапиялық тобы

Эрекция бұзылуын емдеуге арналған препараттар.                    

АТХ коды  G04BE03

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Силденафил жылдам сіңеді. Препаратты ашқарынға ішу арқылы қабылдағаннан кейін плазмадағы ең жоғары концентрациясына 30-дан 120-ға дейінгі минут ішінде  жетеді. Ішке қабылдағаннан кейін орташа абсолютті биожетімділігі 41%-ды (25-63% диапазонды) құрайды. Силденафилді ұсынылатын емдік  дозаларда ішке қабылдағаннан кейін  AUC және Cmax мәні дозаға (50-100 мг) пропорционалды өседі. 

Силденафилді тамақпен бірге қабылдағаннан кейін сіңу жылдамдығы төмендейді, осылайша Тmax орташа іркілуі 60 минутты, ал Cmax орташа төмендеуі 29% құрайды.

Таралуы

Тепе-тең концентрация (Vd) жағдайында силденафилдің орташа таралу көлемі 105 л-ді құрайды, бұл оның тінде таралуын дәлелдейді. 100 мг дозада бір рет пероральді қабылдаудан соң, плазмадағы силденафилдің орташа ең жоғары  концентрациясы шамамен 440 нг/мл-ді құрайды. Силденафил (және оның негізгі айналымдағы  метаболиті N-дезметил) 96%-ға плазманың ақуыздарымен байланысады, плазмадағы силденафилдің орташа ең жоғары концентрациясы 18 нг/мл-ді (38 нМ) құрайды. Ақуыздармен байланысу препараттың жалпы концентрациясына әсер етпейді.

Силденафилді қабылдаушы дені сау еріктілерде (100 мг дозада бір рет қабылдау), енгізілген соң 90 минуттан соң ұрық сұйықтығында енгізілген дозаның 0,0002%-дан азы (орташа 188 нг) анықталды.

Метаболизмі

Силденафил көбіне бауырдың микросомальді изоферменттері CYP3A4-пен (негізгі жол) және CYP2C9-бен (екінші дәрежелі жол) метаболизденеді.

Негізгі айналымдағы метаболит N-деметилдену арқылы силденафилден пайда болады. Бұл метаболит фосфодиэстеразаларға қатысты осындай силденафилге ұқсас селективтілік профилін, оның ФДЭ5-ке қатысты in vitro белсенділігі шамамен бастапқы препараттың белсенділігінің 50%-ын құрайды. Плазмадағы осы метаболиттің концентрациясы шамамен силденафил концентрациясының 40%-ын құрайды. Одан әрі N-дезметил метаболиті метаболизденеді, бұл жағдайда оның жартылай шығарылу кезеңі 4 сағ-қа жуықты құрайды.

Шығарылуы

Силденафилдің жалпы клиренсі 41 л/сағ-ты құрайды, бұл жағдайда терминальді жартылай шығарылу кезеңі 3-5 сағ-ты құрайды. Пероральді немесе көктамыр ішіне енгізгенде, силденафил метаболиттер түрінде көбіне нәжіспен (шамамен пероральді енгізілген дозаның 80%-ы) және аз мөлшерде несеппен (шамамен пероральді енгізілген дозаның 13%-ы) шығарылады.

Емделушілердің жекелеген топтарындағы препараттың фармакокинетикасы

Егде жастағылар

Егде жастағы дені сау еріктілерде (жасы 65-тен асқан) силденафил клиренсінің төмендеуі атап өтіледі, бұл жасы едәуір кіші дені сау еріктілермен (18-45 жас) салыстырғанда, плазмадағы силденафил мен белсенді метаболит N-дезметилдің концентрациясын 90%-ға дейін арттыруға әкелді. Плазманың ақуыздарымен байланысудағы жас айырмашылықтарының салдарынан, плазмадағы бос силденафил концентрациясының тиісті артуы шамамен 40%-ды құрады.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер

Бүйрек қызметі жеңіл және орташа дәрежеде бұзылған еріктілерде (креатинин клиренсі = 30-80 мл/мин) силденафилді 50 мг дозада пероральді бір рет енгізген соң, оның фармакокинетикалық параметрлері өзгерген жоқ. AUC және Cmaxметаболит N-дезметилдің орташа мәндері бүйрек қызметі бұзылмаған осы жастағы еріктілермен салыстырғанда тиісінше 126% және 73%-ға дейін артты. Алайда, жеке емделушілер арасындағы ауытқудың жоғарылығы салдарынан осы айырмашылықтар статистикалық маңызды болып табылмайды. Бүйрек қызметі ауыр дәрежеде бұзылған еріктілерде (креатинин клиренсі< 30 мл/мин) силденафил клиренсі төмендеді, бұл бүйрек қызметі бұзылмаған осы жастағы еріктілермен салыстырғанда, AUC және Cmax –тың орташа мәндерінің  сәйкес ретте 100% және 88%-ға дейін артуына әкелді. Сондай-ақ, N-дезметил метаболиті үшін  AUC және Cmax–тың мәндері тиісінше 79% және 200%-ға дейін едәуір артты.

Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер

Жеңіл және орташа дәрежедегі бауыр циррозы бар еріктілерде  (Чайлд-Пью жіктемесі бойынша А және В класстары) силденафил клиренсінің төмендеуі анықталды, бұл бауыр қызметі бұзылмаған осы жастағы еріктілермен салыстырғанда,  AUC (84%) және Cmax(47%) мәндерінің артуына әкелді. Бауыр қызметі ауыр дәрежеде бұзылған емделушілерде силденафилдің  фармакокинетикалық параметрлері зерттелген жоқ.

Фармакодинамикасы

Силденафил эрекциялық бұзылуды емдеуге арналған пероральді препарат болып табылады.  Табиғи жағдайда, мысалы, сексуалды көтермелеу  жағдайында, препарат жыныстық мүшеге қанның құйылуын күшейту арқылы бұзылған эрекциялық қызметті қалпына келтіреді.

Жыныстық мүшенің эрекциясын жүргізетін физиологиялық механизмге сексуалдық стимуляция  кезіндегі каверналы денедегі азот тотығының (NO) босатылуы кіреді. Одан әрі азот тотығы гуанилатциклаза ферментін белсенділендіреді, бұл каверналы денедегі тегіс бұлшықеттің босаңсуы мен қанның құйылуын тудыратын циклдық гуанозинмонофосфат (цГМФ) деңгейін арттыруға әкеледі. Силденафил каверналы денедегі цГМФ-5-ші типтегі спецификалық фосфодиэстеразаның (ФДЭ5) селективті тежегіші болып табылады, ФДЭ5 мұнда  цГМФ-тың  ыдырауына жауапты. Силденафил эрекцияға әсер етудің шеткергі типіне ие. Силденафил адамның оқшауланған каверналы денесіне тікелей босаңсытатын әсер бермейді, бірақ кеуекті тінге NO-ның босаңсытатын әсерін белсенді күшейтеді. NO/цГМФ-тің жолдарын белсендіргенде, сексуалды көтермелеу жағдайындағыдай, силденафилдің әсерінен ФДЭ5  тежелуі  каверналы денедегі цГМФ деңгейінің артуына әкеледі. Сондықтан силденафил күтілген тиімді фармакологиялық әсер беруі үшін, сексуалды стимуляция қажет. Силденафил эрекция процессі барысында қатысатын ФДЭ5-ке қатысты селективті болып келеді. Оның ФДЭ5-ке қатысты белсенділігі басқа бір белгілі фосфодиэстеразаларға қатысты белсенділіктен асып түседі. Бұл белсенділік жарықты торқабыққа беру процессіне қатысатын ФДЭ6 белсенділігіне 10 есе асып түседі. 

Силденафил артериялық қысымның көпшілік жағдайда клиникалық тұрғыдан көрініс таппайтын елеусіз және өткінші төмендеуін тудырады. Силденафилді 100 мг дозада пероральді қабылдаудан соң, шалқадан жату қалпында систолалық артериялық қысымның орташа барынша төмендеуі 8,4 мм с.б.-ны құрады. Шалқадан жату қалпында диастолалық артериялық қысымның тиісті өзгерісі 5,5 мм с.б. құрады. Артериялық қысымның осылай төмендеуі сиденафилдің тамырлардың тегіс бұлшықетіндегі цГМФ деңгейінің артуымен байланысты болуы ықтимал  тамыр кеңейткіш әсерімен үйлеседі. Силденафилді 100 мг дозада бір рет пероральді қабылдау ЭКГ параметрлеріне клиникалық маңызды әсер еткен жоқ.

Силденафилді 100 мг дозада бір рет қабылдаған соң, сперматозоидтердің ширақтығы мен морфологиясына әсері анықталмаған.

 

Қолданылуы             

- эрекцияның бұзылуын емдеу үшін (жыныс мүшесінің жыныстық актіні жүргізуге жеткілікті эрекциясын демеу үшін)

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қолдануға арналған

Ересектер

Ұсынылатын бастапқы доза  50 мг силденафилдің 1 таблеткасы болып  табылады. 

Ұсынылатын тәуліктік ең жоғары доза  - 100 мг.

Максигра препаратын сексуальді белсенділік басталғанға дейін шамамен  60 минут бұрын қабылдау керек.

Егде жастағы емделушілер

Доза таңдауды емдеуші дәрігер жеке өзі жүргізеді.

Бүйрек қызметі бұзылуы бар емделушілерде қолданылуы

Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) дозаны 25 мг дейін төмендету ұсынылады. Доза дәрілік препараттың тиімділігі мен жағымдылығына байланысты 50 мг және 100 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін. 

Бауыр қызметі бұзылуы бар емделушілерде қолданылуы

Бауыр қызметі бұзылуы бар емделушілерде (мысалы, циррозда) силденафил метаболизмі төмен болады. Сондықтан бауыр қызметінің жеңіл және орташа  бұзылуы бар емделушілерде дозасын 25 мг дейін төмендету ұсынылады, тиімділігі мен жағымдылығына байланысты дозасын 50 мг және 100 мг-ге дейін арттыруға болады.

 

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі ≥1/10

- бас ауыруы

- «ысынулар»

Жиі  ≥1/100-ден  <1/10-ға дейін

- көрудің бұзылуы (фотосенсибилизация, көру өткірлігінің бұзылуы)

- әлсіз қарқындылықтағы транзиторлы хроматопсия 

- жүрек қағуын сезу

- мұрынның бітелу сезімі

- диспепсия

Сирек ≥1/10000-ден <1/1000-ға дейін

- жоғары сезімталдық  реакциялары

- тері бөртпесі

- көздің ауыруы және қызаруы   

- тахикардия, қарыншалық аритмия, миокард инфаркті, тұрақсыз стенокардия

- мұрыннан қан кету

- миға қан құйылу

- транзиторлық  ишемиялық шабуыл 

- артериялық  гипертензия немесе гипотензия, естен тану

- құсу

- приапизм, ұзақ эрекция

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар 

- силденафилге немесе препараттың қандай да бір компоненттеріне жоғары сезімталдық

-  жүрек-қан тамырлар жүйесінің аурулары (мысалы, тұрақсыз стенокардия немесе ауыр жүрек жеткіліксіздігі)

- препаратты  нитраттармен және, азот оксидін босатып шығаратын басқа да дәрілік препараттармен  ем алып жүрген  емделушілерге қолдануға болмайды  

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі          

- артериялық гипотензияда (АҚ  90/50 мм с.б. төмен)

- жақында өткерген   миокард инфарктында немесе ми  инсультында    

- торлы қабықтың тұқым қуалайтын дегенеративті аурулары (мысалы, retinitis pigmentoza)

-артерия қабынуымен байланыссыз, бұл эпизодтың ФДЭ5 тежегіштерін бұрын қолданумен байланыстылығы немесе байланыссыздығына қарамастан көру жүйкесінің алдыңғы ишемиялық нейропатиясы салдарынан бір көздің көрмеуі

-  балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Силденафил азот оксидін босатып шығаратын дәрілік препараттардың  (мысалы, нитраттар, молсидомин, натрий нитропруссиді) гипотензивті әсерін күшейтеді.

Силденафилді (100 мг дозада бір рет) және CYP3A4 тежегіштері болып табылатын АИВ-протеаза саквинавир тежегіштерін  бір мезгілде қолдану тепе теңдік концентрация жағдайында  (тәулігіне 3 рет 1200 мг дозада)  силденафилдің Cmax 140% жоғарылауына, ал силденафилдің AUC 210% жоғарылауына алып келеді.

Силденафил саквинавир фармакокинетикасына әсер етпеді.

Кетоконазол және итраконазол сияқты CYP3A4 изоферментінің күштірек тежегіштері айқынырақ әсер ете алады.

Грейпфрут шырыны асқазан-ішек жолындағы CYP3A4 изофермент метаболизмінің әлсіз тежегіштері болып табылады және қан плазмасындағы силденафил деңгейінің орташа жоғарылауын туындатуы мүмкін. 

Антацидті бір рет қабылдау (магний гидроксиді/алюминий гидроксиді) силденафил биожетімділігіне әсер етпейді.

Барлық дәрілік препараттар үшін спецификалық өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмесе де  популяциялық фармакокинетикалық талдау

CYP2C9 тежегіштері  (мысалы, толбутамид, варфарин, фенитоин), CYP2D тежегіштері (мысалы, серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері, үшциклдық антидепрессанттар), тиазидтер және  тиазидке ұқсас диуретиктер, ілмекті және калийжинақтағыш  диуретиктер, ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіштері, кальций өзекшелері бөгегіштері, бета адренорецепторлар антагонистері, немесе CYP450 метаболизм  индукторлары (мысалы, рифампицин, барбитураттар) сияқты қатар жүретін препараттарды бір уақытта қолдану силденафил фармакокинетикалық параметрлеріне әсер етпейтінін көрсетті.

Никорандил калийлік өзекшелер және нитраттар белсенділендіргіші болып табылады.

Нитрат компоненттері болуынан  силденафилмен өзара әрекеттесуі мүмкін.

CYP2C9 метаболизденетін толбутамидпен (250 мг) немесе варфаринмен (40 мг) бірге қолданғанда силденафилмен (50 мг) өзара әрекеттесуі анықталмады.

Силденафил (50 мг) ацетилсалицил қышқылын (150 мг) қабылдаудан туындаған  қан кету уақытының қосымша ұлғаюын туындатпайды.

Силденафил (50 мг) дені сау еріктілерде қандағы алкогольдің ең жоғары орташа 80 мг/дл деңгейінде гипотензивті әсерді күшейтпеді.

Силденафилді CYP3A4 бәсеңдететін дәрілік препараттармен  (мысалы, кетоконазол, эритромицин, циметидин) біріктіре қолданғанда силденафилдің  метаболизмі төмендейді. Силденафил мен CYP3A4 тежегіштерін  бір мезгілде қолданған жағдайда силденафилдің бастапқы  дозасын 25 мг дейін төмендету ұсынылады.

Силденафилді  ритонавирмен (HIV протеаза тежегішімен) бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені силденафил метаболизміедәуір төмендейді.          

Силденафил мен HIV саквинавир  протеаза тежегіштерімен бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы силденафил концентрациясының артуын туындатады.

Силденафилді α-адренолитикалық дәрілік  препараттарды (әсіресе > 25 мг дозада) қабылдап  жүрген емделушілерге сақтықпен қолдану керек, силденафилді қабылдағаннан кейін 4 сағат ішінде  симптоматикалық гипотензия болуы мүмкін.

Амлодипин мен силденафилді  100 мг дозада бір мезгілде қолданғанда амлодипиннің гипотензивті әсері артады (систолалық  және диастолалық қысым тиісінше  8 мм с.б. және 7 мм с.б. төмендейді). 

 

Айрықша нұсқаулар

Препаратты қатар жүретін жыныс мүшесінің анатомиялық патологиясы (мысалы, каверналы денелердің фиброзы, Пейрони ауруы) бар емделушілер, жүрек-қан тамырлы жүйесінің аурулары бар емделушілер (препараттың тамырды кеңейткіш қасиеті бар, ол  артериялық қысымның қысқа мерзімге төмендеуін туындатуы мүмкін), сондай-ақ приапизм (мысалы, орақжасушалы  анемия, лейкоздар, көптеген миелома) туындауына бейімділік  факторлары бар емделушілерде  сақтықпен қолданылуы керек.

Силденафилды бір мезгілде  эрекция бұзылуын емдеудің басқа әдістерімен қолдануға болмайды, өйткені мұндай емнің қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдейтін зерттеулер жоқ.

Силденафилдың емдік әсерін тудыру үшін алдын ала сексуальді көтермелеу керек. 

Силденафилды гемостаз бұзылуы бар емделушілерге, сондай-ақ  асқазан мен он екі елі ішек жолдарының белсенді ойық жарасы бар емделушілерге қолданудың қауіпсіздігі жайлы  деректердің жоқтығын ескере отырып, мұндай емделушілерге Максигра препаратын тек эрекцияның бұзылуын  емдеу  пайдасы қан  кетудің зор қаупінен жоғары болғанда ғана қолдану керек.                           

Сексуалдық белсенділіктің жүрек ауруында белгілі бір қауіп төндіруіне байланысты, эрекция бұзылуы бойынша кез келген емді бастар алдында дәрігер емделушінің жүрек-қан тамырлар жай-күйіне зерттеу жүргізуі керек. 

Силденафилдің вазодилататорлық қасиеті бар, бұл артериялық қысымның елеусіз және өтпелі төмендеуіне алып келеді.

Вазодилататорларға жоғары бейімділік сол жақ қарыншаның шығу жолының тарылуы бар (мысалы, аортальді стеноз, гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия), сондай-ақ сирек кездесетін артериялық қысымның автономды реттелуінің ауыр бұзылуымен білінетін, көп жүйелі атрофия синдромы бар емделушілерде бақыланады.

Силденафил нитраттардың  гипотензивті әсерін күшейтеді.

Жүрек-қан тамырлары жүйесі тарапынан постмаркетингтік құбылыстарға миокард инфаркті, тұрақсыз стенокардия, кенеттен жүректен болатын өлім, қарыншалық аритмия, миға қан құйылу, транзиторлық ишемиялық шабуыл, гипертензия және  гипотензия жатады және силденафил қолдануда уақыт бойынша байланысы болды.

Жүрек-қан тамырлар жүйесі тарапынан қауіптің бұрыннан болған факторлары көбінде болса да, бұл емделушілердің барлығында бірдей болған жоқ. Көптеген құбылыстардың кейбірі сексуалдық белсенділіксіз силденафил қабылдаған соң бірден білінгені , көбінің жыныстық акті кезінде немесе дереу содан кейін болғаны хабарланған. Бұл жайлардың тікелей осы факторлармен байланыстылығы немесе олардың басқа факторлармен байланыстылығын анықтау мүмкін емес.

Максиграны және басқа да ФДЭ5 тежегіштерін бірге пайдаланғанда көрудің бұзылуына алып келетін, артериялық емес алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатия дамуының сирек  жағдайлары туралы хабарламалар бар.

Көрудің кенеттен бұзылуы жағдайында емделушіге силденафил қабылдауды тоқтатып, дереу дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Силденафилді жекелеген сезімтал емделушілерде клиникалық айқын гипотензияға алып келуі мүмкіндігінен альфа-бөгегіштер қабылдайтын емделушілерге сақтықпен тағайындау керек.

Бұл әсердің дамуының ықтималдығы  силденафил қабылдағаннан кейін 4 сағат ішінде көбірек болып келеді. Альфа-бөгегіштер қабылдайтын емделушілерде  ортостатикалық  гипотензия даму мүмкіндігін ең аз мүмкіндікке жеткізу үшін силденафилмен емді бұл емделушілерде гемодинамиканы тұрақтандырғаннан кейін бастау керек.

Емдеуші дәрігер ортостатикалық  гипотензия симптомдары пайда болған жағдайда қандай әрекеттер жасау керектігін емделушіге мәлімдеуі тиіс.

Зерттеулер силденафил натрий нитропруссидінің in vitro адам тромбоциттеріне антиагреганттық әсерін күшейтетінін көрсетті.

Жүктілік және лактация кезеңі

Максигра препараты әйелдерде қолдануға арналмаған.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Максигра препаратын қабылдағаннан кейін бас айналуы, көрудің бұзылуы сияқты жағымсыз әсерлер даму мүмкіндігіне байланысты көлік құралдарын және аса қауіпті механизмдерді басқаруда сақтық жасау керек.  

 

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлері  симптомдарының  күшеюі.               

Емдеу: белгісіне қарай. Силденафилдің арнайы у қайтарғысы белгісіз. Диализ силденафилдің шығарылуын жылдамдатпайды.  

 

Шығарылу түрі және қаптамасы  

Қабықпен қапталған 50 мг және 100 мг таблеткалар 

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 1немесе 4 таблеткадан салынған. 

1 пішінді қаптама  медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған. 

 

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек. 

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

 

Сақтау мерзімі

4 жыл

Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

 

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт  арқылы

 

Өндіруші

«Польфарма» АҚ фармацевтикалық зауыты 

Пельплиньска к-сі. 19,  83-200 Старогард Гданьски, Польша

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.