Везикар

Қолдану көрсеткіштері
Өнім мәліметтері
ӨндірушіАстеллас Фарм
Өндіруші еліНидерланды
Форматаблетки
Саны30
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецепт арқылы
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Солифенацин сукцинаты, негізгі5 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 0 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Дәрілік затты медициналық қолдану

жөніндегі нұсқаулық

 

Везикар

 

Саудалық атауы

Везикар

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Солифенацин

 

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар, 5 мг

 

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 5 мг солифенацин сукцинаты,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, гипромеллоза 3 мПа·с, магний стеараты, 

қабықтың құрамы: сары опадрай 03F12967 (гипромеллоза 6 мПа·с, тальк, макрогол 8000, титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е 172)).

 

Сипаттамасы

Екі беті дөңес, бір жағында «150» таңбасы мен компанияның логотипінің графикалық бейнесі бар ашық-сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған дөңгелек пішінді таблеткалар.

 

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Урологиялық ауруларды емдеуге арналған спазмолитиктерді қоса, басқа да препараттар. Солифенацин.

АТХ коды G04BD08

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Плазмадағы ең жоғары концентрациясына (Cmax) 3-8 сағат өткеннен кейін жетеді. Ең жоғары концентрациясына жету уақыты (tmax) дозасына тәуелді емес. Cmax пен концентрациясының уақытқа байланыстылығының қисық астындағы ауданы (АUС) дозаны 5-тен 40 мг-ға дейін жоғарылатқанда пропорционалды түрде артады. Абсолюттік биожетімділігі шамамен 90 % құрайды. Тамақтану солифенациннің Cmax пен АUС әсер етпейді.

Таралуы

Вена ішіне енгізуден кейін солифенациннің таралу көлемі шамамен 600 л құрайды. Солифенацин елеулі дәрежеде (98 % жуық) плазма протеиндерімен, көбінесе α1-қышқыл гликопротеинмен байланысады.

Метаболизмі

Солифенацин негізінен Р450 3А4 (СҮР3А4) цитохромымен бауырда белсенді метаболизденеді. Алайда солифенациннің метаболизмі жүзеге асатын басқа да баламалы метаболизм жолдары бар. Солифенациннің жүйелі клиренсі 9,5 л/сағатты құрайды, ал жартылай шығарылуының түпкілікті кезеңі 45-68 сағатқа тең. Препаратты ішу арқылы қабылдағаннан кейін плазмада солифенациннен басқа мынадай: бір фармакологиялық белсенді (4R-гидроксисолифенацин) және үш белсенді емес (N-глюкуронид, N-оксид пен солифенациннің 4R-гидрокси-N-оксиді) метаболиттер идентификацияланды.

Шығарылуы

10 мг 14С-таңбалы солифенацинді 26 күннен кейін бір рет енгізгенде несепте шамамен 70% және нәжісте 23% радиоизотоп анықталған. Несепте радиоизотоптардың шамамен 11%-ы өзгермеген белсенді зат күйінде, 18%-ға жуығы N-оксидті метаболит түрінде, 9%-ы 4R-гидрокси-N-оксидті метаболит түрінде және 8%-ы 4R-гидрокси метаболит (белсенді метаболит) түрінде анықталған. 

Дозаға тәуелділік/дозаға тәуелсіздік

Солифенациннің фармакокинетикасы дозаларының емдік ауқымында дозасына тәуелді.

Пациенттердің жеке санаттарындағы фармакокинетикасының ерекшеліктері

Жасы

Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Егде жастағы адамдардағы зерттуелер солифенацин сукцинатын (күніне бір рет 5 мг және 10 мг) қолданудан кейін AUC (концентрацияның уақытқа тәуелділігінің қисық астындағы ауданы) түрінде байқалған солифенацин экспозициясы егде жастағы (65 жастан 80 жасқа дейін) дені сау адамдарда және жас (55 жастан төмен) дені сау пациенттердегі экспозицияға ұқсас болды. Tmax түрінде байқалған абсорбцияның орташа жылдамдығы егде жастағы пациенттерде біраз төмен болды және жартылай шығарылудың соңғы кезеңі егде жастағы пациенттерге қарағанда шамамен 20% үлкен. Бұл аздаған айырмашылықтар клиникалық тұрғыдан маңызды емес. Солифенациннің фармакокинетикасы балалар мен жасөспірімдерде анықталмаған.

Жынысы

Солифенациннің фармакокинетикасы пациенттің жынысына байланысты емес.

Нәсілі

Қандай нәсілге жататындығы солифенациннің фармакокинетикасына әсер етпейді.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде солифенацин AUC (концентрацияның уақытқа тәуелділігінің қисық астындағы ауданы) және Сmax дені сау еріктілердегі тиісті көрсеткіштерден елеулі дәрежеде айырмашылық болмады. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) пациенттерде солифенациннің экспозициясы едәуір жоғары - Cmax артуы 30 %-ға жуық, АUС – 100 %-дан астам және Т1/2 – 60 %-дан астам. Креатинин клиренсі мен солифенацин клиренсі арасында статистикалық маңызды өзара байланыс байқалған. 

Гемодиализдегі пациенттердің фармакокинетикасы зерттелмеді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауырдың орташа жеткіліксіздігі бар (Чайлд-Пью көрсеткіші 7-ден 9 дейін) пациенттерде Cmax шамасы өзгермейді, АUС 60 %-ға, Т1/2 екі есе артады. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар жасөспірімдерде фармакокинетикасы анықталмаған. 

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Қуық парасимпатикалықхолинергиялық жүйкелермениннервацияланады. Ацетилхолин мускариндік рецепторларға, көбінесе М3 типіне ықпалы есебінен детрузораның тегіс бұлшықетінің жиырылуын туындатады.

Везикар мускариндік рецепторлардың, негізінен М3 қосалқы түрінің спецификалық бәсекелес тежегіші болып табылады. Сонымен бірге препараттың басқа да түрлі рецепторлармен және иондық өзекшелермен тектестігі әлсіз немесе болмайтыны анықталған.

Фармакодинамикалық әсерлері

Везикар препаратын тәулігіне 5 мг және 10 мг дозаларда қолданумен емдеу бірнеше салыстырмалы жасырын, рандомизацияланған, бақыланатын клиникалық зерттеулерде қуығының аса белсенділігі бар еркектер мен әйелдерде зерттелді. 

Везикар препаратының 5 мг және 10 мг дозалардағы тиімділігі емдеудің бірінші аптасында байқалған және одан кейінгі 12 аптаның ішінде тұрақталған. Везикардың барынша жоғары тиімділігі 4 аптадан кейін анықталуы мүмкін. Тиімділігі ұзақ уақыт ішінде (кемінде – 12 ай) қолданған кезде сақталады.Ұзақ мерзімді ашық зерттеу тиімділігі кемінде 12 ай бойы сақталатынын көрсетті. 12 апта қолданған соң несеп ұстай алмаудан зардап шегетін пациенттердің шамамен 50% ем басталғанға дейін несеп ұстай алмауы басылады және 35% пациентте күніне 8 эпизодтан кем несеп шығару жиілігіне қол жетті. Аса белсенді қуық симптомдарын емдеу де жалпы денсаулық жағдайын қабылдау, несепті ұстай алмау салдары, шектеудің әсері, дене шектеулері, күнделікті өмірге қатысты шектеулер, эмоция, симптомдар ауырлығы, дәрежесінің ауырлығы және ұйқы/күш сияқты өмір сапасы көрсеткіштерінің жақсаруына әкелді.

 

Қолданылуы

-        несепті ургентті (императивті) ұстай алмауды емдеуде 

-        қуықтың аса жоғары белсенділік синдромы бар емдеушілерге тән жиі несеп шығаруды және несеп шығаруға ургентті (императивті) қысылуды емдеуде

 

Қолдану тәсілі мен дозалары 

Егде жастағы адамдарды қоса алғанда, ересектер

Тамақтану уақытына қарамастан, таблетканы тұтастай жұтып, сұйықтықпен бірге іше отырып, күніне бір рет 5 мг-ден ішке қабылдайды. Қажет болса дозасы күніне бір рет 10 мг дейін жоғарылатылуы мүмкін.

Балалар 

Препараттың балалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Демек, препаратты балаларға тағайындауға болмайды.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Дәрежесі жеңілден орташаға (креатинин клиренсі > 30 мл/мин) дейінгі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны түзету талап етілмейді. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатин клиренсі ≤ 30 мл/мин) бар пациенттерді емдеу кезінде сақтық таныту қажет. Аталған пациенттерге тәулігіне 5 мг асатын дозаны тағайындамаған жөн. 

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Бауыр функциясы жеңіл дәрежеде бұзылған пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Бауыр функциясы орташа бұзылған (Child-Pugh шкаласы бойынша ауырлықты бағалауға сәйкес 7-9 балл) пациенттерді емдеу кезінде сақтық таныту қажет. Аталған пациенттерге тәулігіне 5 мг асатын дозаны тағайындамаған жөн. 

Р4503А4 цитохромының күшті тежегіштері

Солифенацинді кетоконазолмен немесе CYP3A4 басқа потенциалды тежегіштерінің, мысалы, ритонавирдің, нелфинавирдің, итраконазолдың емдік дозаларымен бір уақытта қолданғанда Везикар препаратының ең жоғарғы дозасы 5 мг шектелуі тиіс. 

 

Жағымсыз әсерлері

Қауіпсіздік бейінінің қысқаша шолуы

Солифенациннің фармакологиялық әсерінің себебімен препарат жеңіл және орташа дәрежедегі антихолинергиялық жағымсыз әсер (тұтастай алғанда) туындатуы мүмкін. Антихолинергиялық жағымсыз әсерлердің туындау жиілігі дозамен байланысты. Ең жиі хабарланатын жағымсыз құбылыс ауыздың құрғауы болып табылады. Ол күніне бір рет 5 мг дозамен ем алатын 11% пациентте, күніне бір рет 10 мг дозамен ем алатын 22% пациентте және плацебомен ем алатын 4% пациентте туындады. Ауыз құрғауының ауырлығы жалпыалғанда жеңіл болды және кейде ғана емнің тоқтатылуына әкелді. Тұтастай алғанда, емге бейімділігі өте жоғары (шамамен 99%) болды және препаратты қолданумен ем алатын шамамен 90% пациент 12 апта емдеу ішінле зерттеудің бүкіл кезеңін аяқтады.

 

Жағымсыз реакциялар анықтау жиілігінің төмендеу тәртібімен төменде тізілген:  өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін); сирек (≥1/10000 <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес). 

 

Өте жиі

- ауыздың құрғауы

Жиі

- ауыздың кеберсуі, жүрек айнуы, диспепсия, іштің ауыруы, іш қатуы

- көру арқылы қабылдаудың анық болмауы (аккомодация бұзылуы)

Жиі емес

-  гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы

-  дисгевзия (дәм сезудің бұзылуы)

-  көз, жұтқыншақ, мұрын қуысы шырышты қабығының құрғауы

-  несеп шығару жолдарының инфекциялары, цистит, несеп шығарудың қиындауы, несеп іркілуі

-  шаршау, ұйқышылдық 

-  шеткері ісінулер

-  терінің құрғауы

Сирек

- бас айналуы*, бас ауыруы*

- жуан ішектің тарылуы, копростаз, құсу

- қышыну, бөртпе 

- несеп іркілуі

Өте сирек

- елестеулер, сананың шатасуы

- мультиморфалы эритема, есекжем, ангионевроздық ісіну

Белгісіз 

- анафилаксиялық реакция

- тәбеттің төмендеуі

- гиперкалиемия

- делирий

- глаукома 

- «пируэт» типті қарыншалық тахикардия, электрокардиограммда QT аралығының ұзаруы, жүрекшелер фибрилляциясы, жүрек қағуын сезіну, тахикардия 

- дисфония

- ішек бітелісі

- асқазан-ішек жайсыздығы

- бауыр бұзылыстары, бауырдың функционалдық сынамалары көрсеткіштерінің нормадан ауытқуы

- эксфолиативті дерматит

- бұлшықет әлсіздігі

- бүйрек функциясының бұзылуы

* - маркетингтен кейінгі кезеңдегі қадағалау

 

Маркетингтен кейінгі кезеңде солифенацинді қабылдағанда «пируэт» типті тахикардия және QT аралығы ұлғаюы дамыған жағдайлары туралы мәлімдемелер болған. Олардың жиілігін анықтау қиындау болып отыр.

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

-        несеп шығарудың іркілуі

-        асқазан-ішектің ауыр сипатты (уытты мегаколонды қоса) аурулары

-        gravis миастениясы

-        жабық бұрышты глаукома

-        белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

-        гемодиализ жүргізу

-        бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

-        СҮР3А4 күшті тежегіштерімен, мысалы кетоконазолмен бір мезгілде емдеген кездегі ауыр бүйрек жеткіліксіздігі немесе бауыр функциясының орташа жеткіліксіздігі

 

 Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фармакологиялық өзара әрекеттесуі

Антихолинергиялық қасиеттері бар дәрілік заттармен қатарлас емдеу емдік және жағымсыз әсерлерінің едәуір айқын болуына алып келуі ықтимал. Везикарды қабылдауды тоқтатқаннан кейін, басқа антихолинергиялық препаратпен емдеуді бастамас бұрын шамамен бір апталық үзіліс жасау керек. Холинергиялық рецепторлар агонистерін бір мезгілде қабылдағанда емдік әсері төмендеуі мүмкін.

Препарат асқазан-ішек жолдарының моторикасын көтермелейтін дәрілік препараттардың, мысалы - метоклопрамид пен цизапридтің әсерін төмендетуі мүмкін.

Фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі

In vitro зерттеулері солифенацин емдік концентрацияларда CYP1A1/2, 2C9, 2C19, 2D6 немесе адам бауырының микросомаларынан бөлінген 3A4 тежемейтінін көрсетті. Осылайша, солифенацин осы CYP-ферменттермен метаболизденетін дәрілік препараттардың клиренсін өзгерту ықтималдығы аз. 

Басқа дәрілік препараттардың солифенацин фармакокинетикасына ықпалы

Солифенацин СҮР3А4 арқылы метаболизденеді. СҮР3А4 күшті тежегіші кетоконазолды (күніне 200 мг) бір мезгілде енгізу солифенацин АUС екі есе артуын, ал 400 мг/күн дозада – үш есе артуын туындатты. Сондықтан егер науқас кетоконазолды немесе СҮР3А4 (ритонавир, нелфинавир, итраконазол сияқты) басқа да күшті тежегіштерін бір мезгілде қабылдайтын болса, Везикардың барынша жоғары дозасы 5 мг-нан аспауға тиіс. Бүйрегінің ауыр жеткіліксіздігі немесе бауырының орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерді солифенацинмен және СҮР3А4 күшті тежегіштерімен бір мезгілде емдеуге болмайды. 

Солифенациннің және оның метаболиттерінің фармакокинетикасына ферменттер индукциясына ықпалы, сондай-ақ жоғары аффинді CYP3А4 субстраттарының солифенацинге ықпалы зерттелмеді. Солифенацин СҮР3А4 арқылы метаболизденетіндіктен, СҮР3А4-тің тектестігі едәуір жоғарылау басқа да субстраттарымен (верапамил, дилтиазем) және СҮР3А4 индукторларымен  (рифампицинмен, фенитоинмен, карбамазепинмен) фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі болуы мүмкін.

Солифенациннің басқа дәрілік препараттардың фармакокинетикасына ықпалы

Пероральді контрацептивтер

Везикарды пероральді контрацептивтік дәрілермен бірге қабылдағанда солифенацин және біріктірілген пероральді контрацептивтердің  (этинилэстрадиол\левоноргестрел) фармакокинетикалық өзара әрекеттесулері анықталмады.

Варфарин

Везикарды варфаринмен қоса қабылдағанда R-варфарин немесе S-варфариннің фармакокинетикасы және олардың протромбиндік уақытына әсері өзгермейді. 

Дигоксин

Везикарды дигоксинмен бірге қолданғанда дигоксин фармакокинетикасына әсер етпейді.

 

Айрықша нұсқаулар

Везикармен емдеуді бастамас бұрын несепті жиі шығарудың басқа себептерінің (жүрек жеткіліксіздігінің немесе бүйрек ауруларының) бар-жоғын анықтап алу қажет. Егер несеп шығару жолдарының инфекциясы анықталса, бактерияға қарсы тиісті емдеуді бастау керек.

Везикарды төмендегі:

-        несеп ағуының бұзылуымен және несептің іркілу қаупімен қуықтың клиникалық тұрғыдан маңызды обструкциясы бар

обструкциямен асқазан-ішек аурулары бар

-        асқазан-ішек жолдары моторикасының төмендеу қаупі бар

-        бүйрегінің ауыр (креатинин клиренсі минутына < 30 мл) және бауырының орташа (Child-Pugh көрсеткіші 7-ден 9 дейін) жеткіліксіздігі бар пациенттерге, бұл пациенттерге арналған дозалары 5 мг аспауы тиіс

-        СҮР3А4 күшті тежегішін, мысалы, кетоконазолды бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге

-        диафрагманың өңеш тесігінің жарығы, гастроэзофагеальді рефлюксі бар және/немесе эзофагитті туғызуы немесе күшейтуі мүмкін дәрілік препараттарды (мысалы бисфосфонаттарды) бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге 

-        шеткері нейропатиясы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау қажет.

 

QT аралығының ұзаруы және «пируэт» типті қарыншалық тахикардия QT аралығының бұрыннан бар ұзару синдромы және гипокалиемия сияқты қауіп факторлары бар пациенттерде байқалды.

Нейрогендік факторлардан туындаған қуық  детрузорлары бұлшықеттерінің асқын белсенділігі бар пациенттерде Везикардың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген.

Галактоза жақпаушылығы сирек кездесетін тұқым қуалайтын бұзылулары, Lapp-лактаза ферменті жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер препаратты қабылдамауы тиіс.

Солифенацин сукцинатын қолданумен кейбір пациенттерде тыныс алу жолдарының өткізгіштігі бұзылған ангионевроздық ісіну туралы хабарланды. Егер ангионевроздық ісіну туындаса солифенацин сукцинатын қабылдау және тиісті ем тағайындау және/немесе тиісті шаралар қабылдау қажет. 

Солифенацин сукцинатын қолданумен ем алатын кейбір пациенттерде анафилаксиялық реакциялар туралы хабарланды. Анафилаксиялық реакциялар дамыған пациенттерде солифенацин сукцинатын қабылдауды тоқтату және тиісті ем тағайындау және/немесе тиісті шаралар қабылдау қажет. 

Препараттың ең жоғарғы әсері 4 аптадан соң барып анықталуы мүмкін.

 

Жүктілік және лактация кезеңі

Везикарды қабылдап жүріп жүкті болып қалған әйелдер жөнінде деректер жоқ. Адам үшін потенциалды қауіп белгісіз. Бұл препаратты жүкті әйелдерге тағайындау кезінде сақ болу керек.

Солифенациннің әйел сүтімен бөлініп шығатыны туралы деректер жоқ. Бала емізу кезеңінде Везикарды қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Везикар басқа да антихолинергиялық препараттар сияқты көру айқындығының бұзылуын, сондай-ақ (сирек) ұйқышылдық пен шаршау сезімін туғызуы ықтимал, бұл көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне жағымсыз ықпал етуі мүмкін.

 

Артық дозалануы

Симптомдары:

Артық дозалану ауыр антихолинергиялық әсерлер туындатуы әбден мүмкін. Кездейсоқ бір пациенттен алынған солифенацин сукцинатының ең жоғарғы дозасы 5 сағат ішінде 280 мг құрады, ауруханаға жатуды керек етпейтін психикалық күйдің өзгеруіне әкелді.

Басқа да антихолинергиялық препаратпен артық дозалану жағдайындағы сияқты, QT аралығының ұзару қаупі анықталған пациенттерге (яғни гипогликемияда, брадикардияда және  QT аралығының ұзаруын туғызатын препараттарды бір мезгілде қабылдағанда) және жүрек аурулары (миокард ишемиясы, аритмиясы, іркілісті жүрек  жеткіліксіздігі) бар пациенттерге айрықша назар аудару керек. 

Емі: белсенділендірілген көмірді тағайындау, асқазанды шаю егер бір сағат ішінде орындалса тиімді, бірақ құстырмау керек. Басқа да антихолинергиялық дәрілермен артық дозалану кезіндегідей ауру белгілерін төмендегіше емдеу керек:

- орталықтық әсер ететін ауыр антихолинергиялық әсерлері (елестеулер, айқын қозу) болғанда – физостигмин немесе карбахол 

- құрысуларда немесе айқын қозғыштықта – бензодиазепиндер

- тыныс алу жеткіліксіздігінде – қолдан тыныс алдыру

- тахикардияда – бета-блокаторлар

- несеп шығару іркілісінде – катетеризация

- мидриазда – көзге пилокарпинді тамызу және/немесе науқасты қараңғы бөлмеге орналастыру керек.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы  

10 таблеткадан поливинилхлорид үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 

1 немесе 3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған. 

 

Сақтау шарттары

150С-ден  250С-ге  дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

 

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.