- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Витапрост
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Несеп-жыныс жүйесі
- Витапрост
Витапрост
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Нижфарм |
---|---|
Өндіруші елі | Ресей |
Форма | суппозиторий |
Саны | 10 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Простата сығындысы, негізгі | 10 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 0 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы
жөніндегі нұсқаулық
ВитапростÒ
Саудалық атауы
ВитапростÒ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ректальді суппозиторийлер, 10 мг
Құрамы
1 суппозиторийдің құрамында
белсенді зат – 50 мг простата сығындысы (субстанция Сампрост) (20 % суда еритін пептидтердің мөлшеріне шаққанда – 10 мг)
қосымша зат: қатты май (Витепсол H 15, W 35 маркасы, Суппосир NA 15, NAS 50 маркасы) – салмағы 1,25 г суппозиторий алғанға дейін.
Сипаттамасы
Пішіні торпеда тәрізді, ақтан сарғыш немесе сұрғылт-қоңыр реңді ақ түске дейінгі суппозиторийлер
Фармакотерапиялық тобы
Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды G04ВХ
Фармакологиялық қасиеттері
ВитапростÒ қуық асты безіне органотропты әсері бар. Қуық асты безінің ісінуі, лейкоцитарлы инфильтрация дәрежесін төмендетеді, эпителиальді жасушалардың секреторлық қызметін қалыпқа келтіреді, ацинустардың секретінде лецитинді түйірлердің санын арттырады, қуықтың бұлшық ет тонусын көтермелейді. Тромб түзілуін, антиагрегантты белсенділікті төмендету салдарынан қуық асты безінің микроайналымын жақсартады, қуық асты безінде венулалар тромбозының дамуына кедергі жасайды.
ВитапростÒ қуық асты безі қызметі және эякулят құрамын қалыпқа келтіреді. Простатиттен туындаған ауыруды және жайсыздықты азайтады, дизуриялық құбылыстарды жояды, копулятивті қызметті жақсартады.
Қолданылуы
- созылмалы простатитте
- қуық асты безіне операциялық араласуға дейінгі және кейінгі жағдайда
Қолдану тәсілі және дозалары
Ректальді, ішек өз бетінше босағаннан кейін немесе тазартушы клизмадан кейін 1 суппозиторийден күніне 1 рет. Суппозиторийді енгізгеннен кейін емделушінің төсекте 30-40 минут бойы жатқаны дұрыс.
Емдеу курсының ұзақтығы – 10 күннен кем емес.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған.
Айрықша нұсқаулар
Созылмалы простатитті және қуық асты безіне операциялық араласуға дейінгі және кейінгі жағдайларды емдеу, ВитапростÒтағайындаумен қатар, әр түрлі топтағы дәрілік препараттарды және емдеудің дәрі-дәрмексіз әдістерін қолдануды болжамдаумен, кешенді болуы тиіс.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Анықталмаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 суппозиторийден полиэтиленмен ламинацияланған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
2 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
20 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
603950, Нижний Новгород қ.,
ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7
тел.: (831) 278-80-88
факс: (831) 430-72-28
веб сайт: http://www.nizhpharm.ru
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Нижфарм» ААҚ Өкілдігі
050043, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б
тел.: (727) 2222-100
факс: (727) 398-64-95