Витапрост

Қолдану көрсеткіштері
Өнім мәліметтері
ӨндірушіНижфарм
Өндіруші еліРесей
Форматаблетки
Саны20
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Простата сығындысы, негізгі20 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 0 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

 

Қазақстан Республикасы 

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және 

фармацевтикалық қызметті 

бақылау комитеті Төрағасының 

20   ж. “____” ___________

№ _____ бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

 

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы

жөніндегі нұсқаулық

 

ВитапростÒ

 

Саудалық атауы

ВитапростÒ

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі

Ішекте еритін қабықпен қапталған 20 мг таблеткалар

 

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат –  100 мг простата сығындысы (субстанция Сампрост) 

                          (20 мг суда еритін пептидтерге шаққанда),

қосымша заттар: сахароза, лактоза моногидраты, кальций стеараты моногидраты, кросповидон, микрокристалды целлюлоза,

қабығы: акрил-из: метакрил қышқылы мен этилакрилат сополимері (1:1), титанның қостотығы (Е 171), тальк, триэтилцитрат, коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий гидрокарбонаты, натрий лаурилсульфаты, индигокармин (Е 132).

 

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, көгілдірден ашық-көк түске дейінгі қабықпен қапталған таблеткалар, теңбілдері болуына жол беріледі

 

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды  G04ВХ

 

 

 

Фармакологиялық қасиеттері

ВитапросттыңÒ қуық асты безіне органотропты әсері бар. Қуық асты безінің ісінуін, лейкоцитарлы инфильтрациясын азайтады, эпителиальды жасушалардың секреторлық қызметін қалыпқа келтіреді, ацинустардың секретінде лецитинді түйірлердің санын арттырады, қуықтың бұлшықет тонусын жақсартады. Тромб түзілуін, антиагреганттық белсенділікті төмендету салдарынан қуық асты безінің микроайналымын жақсартады, қуық асты безінде венулалар тромбозының дамуына кедергі жасайды.

Витапрост® қуық асты безінің көлемін, қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы кезінде обструктивті және ирритативті симптоматиканың айқындылығын орташа шамада азайтады, бұл несеп ағынының ең жоғары және орташа көлемдік жылдамдығының ұлғаюынан және қалдық несеп азаюынан көрінеді.

Витапрост® созылмалы абактериялық простатит өршуінің даму ықтималдығын азайтады, клиникалық және биохимиялық қан талдауы, несептің жалпы талдауы көрсеткіштері өзгерістерін туындатпайды. 

ВитапростÒ қуық асты безі секреті және эякулят параметрлерін қалыпқа келтіреді. Простатиттен туындаған ауыруды және жайсыздықты азайтады, дизуриялық құбылыстарды жояды, копулятивті қызметті жақсартады.

 

Қолданылуы

-      созылмалы абактериялық простатиттің өршуінде кешенді ем құрамында

-      қуық асты безіне операциялық араласуға дейінгі және кейінгі жағдайда

-      қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясында

 

Қолдану тәсілі және дозасы

Ішке, 1 таблеткадан күніне 2 рет. Емдеу курсының ұзақтығы: қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясында – 30 күннен кем емес, созылмалы простатиттің өршуі кезінде 1 таблеткадан күніне 2 рет кемінде 30 күн – жылына 1-2 рет қолданады. 

 

Жағымсыз әсерлері

-      аллергиялық реакциялар

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

-      препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

-      балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

 

 

 

Айрықша нұсқаулар

Созылмалы простатитті және қуық асты безіне операциялық араласуға дейінгі және кейінгі жағдайларды емдеу, ВитапростÒтаблеткасын тағайындаумен қатар, дәрілік препараттардың басқа тобын және емдеудің дәрі-дәрмексіз әдістерін қолдануға шамаланған кешенді болуы тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері   

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне препараттың ықпал етуі туралы деректер жоқ. 

 

Артық дозалануы

Анықталмаған

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған. 

2 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

 

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау  мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

 

Өндіруші

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

603950, Нижний Новгород қ.,

ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7

тел.: (831) 278-80-88

факс: (831) 430-72-28

веб сайт: http://www.nizhpharm.ru

 

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

 

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның  мекенжайы

«Нижфарм» ААҚ Өкілдігі

050043, Қазақстан Республикасы, 

Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б 

тел.: (727) 398-64-91, 398-64-92, 398-64-93, 243-45-03, 243-45-04

факс: (727) 398-64-95

e–mail: almaty@stada.kz

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.