Гипотиазид

Қолдану көрсеткіштері
Өнім мәліметтері
ӨндірушіСанофи Авентис
Өндіруші еліФранция
Форматаблетки
Саны20
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецепт арқылы
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Гидрохлортиазид, негізгі100 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 2490 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада 1 н.
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

 

 

Қазақстан Республикасы 

Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау 

комитеті  Төрағасының  

2008   жылғы “__” _____________

№ _____ бұйрығымен 

БЕКІТІЛГЕН

 

 

 

Дәрілік заттың медицинада  

қолданылуы жөніндегі 

нұсқаулық

 

ГИПОТИАЗИДÒ

 

Саудалық атауы

ГипотиазидÒ

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Гидрохлоротиазид

 

Дәрілік  түрі     

25 мг, 100 мг таблеткалар

 

Құрамы

Бір  таблетканың құрамында

Белсенді зат - гидрохлоротиазид 25 мг немесе 100 мг,

Қосымша заттар: магний стеараты, желатин, тальк, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты. 

 

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ түсті дерлік жалпақ таблеткалар. Бір жағында "Н" деген таңба, екінші жағында –бөлгіш сызығы бар.

 

Фармакотерапиялық тобы

Диуретиктер, тиазидтер

АТЖ коды   C03AA03

 

Фармакологиялық қасиеттері  

Фармакокинетикасы

Гидрохлоротиазид ішу арқылы қабылдағаннан кейін жақсы сіңеді, оның    диуретикалық және натриуретикалық әсері 2 сағаттан соң байқалады және ең жоғары деңгейіне шамамен 4 сағаттан соң жетеді. Бұл әсері  6 – 12  сағат бойы сақталады. Қан плазмасының ақуыздарымен байланысуы  40%-ды құрайды. Бүйрек арқылы өзгермеген түрде шығарылады. Бүйрек қызметі қалыпты емделушілерде жартылай шығарылу кезеңі 6,4 сағатты, ал бүйрек жеткіліксіздігі орташа  емделушілерде – 11,5 сағатты, ал  креатинин клиренсі 30 мл/минуттан кем ауыр  бүйрек жеткіліксіздігі – 20,7 сағатты құрайды. Гидрохлортиазид плацентарлы бөгет арқылы өтеді және аз мөлшерде анна сүтіне бөлінеді.

Фармакодинамикасы 

Гипотиазидтің негізгі әсер ету принципі оның бүйрек өзекшелері  эпителийлеріне бәсеңдетуші әсеріне негізделген. Бұл негізінен натрий, хлор иондарының реабсорбциясы және судың тиісті мөлшерінің азаюынан байқалады. Гипотиазид натрий және хлор иондарының  тасымалдану жүйесін тежеу арқылы дистальді өзектердің бастапқы бөлігінде натрий және хлор иондарының реабсорбциясын бәсеңдетеді. Препарат сондай-ақ проксимальді өзектерге қандай да бір әсер етеді. Аздаған мөлшерде   карбоангидраз аны тежейді, ол гидрокарбонат реабсорбциясы төмендеуінен байқалады. Калий иондарының сөлінісін арттырады, магний иондарының шығарылуын бұзады. Мұның барлығы несептегі рН өзгертпей натрий және хлор калий, сондай-ақ магний және  бикарбонат иондарының  несеппен бөлінуін арттырады.  Диуретиекалық әсері  2 сағаттан соң пайда болады, ең жоғары  деңгейіне  4 сағаттан соң жетеді және 6-12 сағатты құрайды. Ұзақ уақыт қолданғандаГипотиазидті қолданғанда кальций иондарының бүйрек арқылы шығарылуын кідіртеді, ол құрамында кальций тұздары бар бүйрек тастары болғанда жағымды әсер етуі мүмкін.  Гипотиазид аздаған дозаларда несеп қышқылы шығарылуын азайтады және  гиперурикемияны туындатуы мүмкін, подагра болғанда оның жүруі қиындайды. Үлкен дозаларда несеп қышқылының шығарылуына ықпал етеді. Ацидоз және алкалозда белсенділігін сақтайды. Гипотиазидке әдеттену туындамайды. Егде жастағы адамдарда препараттың диуретикалық әсеріне сезімтал. Несеп айдағыш әсерден басқа препараттың экстрацеллюлярлы сұйықтың көлемі азаюынан есебінен  гипотензивті әсері бар, натрий, хлор иондарының және судың шығарылуының нәтижесінде; артериола кеңеюіне қол жеткізіледі. Гипотиазидтің әсер ету аясында көптеген гипотензивті дәрілердің тиімділігі әсер етеді.  Гипотиазид қалыпты артериялық қысымға әсер етпейді.  Антигипертензивті әсері 3-4 күннен кейін пайда болады, оңтайлы емдік әсерге жету үшін 3-4 апта қажет болуы мүмкін. Гипотензивті әсері препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін бір апта бойы сақталады. Қантты емес диабетте препарат парадоксальді түрде диурезді төмендетеді   (әсер ету механизмі). 

 

Қолданылуы

- I және II сатыдағы артериялық гипертензияда (монотерапия түрінде және басқа антигипертензивті препараттармен бірге)      

- қантты емес диабетте   

- гиперкальциурияда 

Шығу тегі әртүрлі ісіну синдромында 

- жүрек, бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігіндегі кешенді ем құрамында)

- етеккір алдындағы кезеңдегі ісінулерде

- дәрілерді (мысалы, кортикостероидтермен емдегенде) қабылдаудан туындаған  ісінулерде

 

Қолдану тәсілі дозалары

Дозалануы жеке таңдалуы керек және тұрақты бақылауды қажет етеді. Емдеу барысында калий және магний күшті жоғалтуына байланысты  (қансарысуындағы калий деңгейі 3,0 ммоль/л-ден төмендеуі мүмкін), олардың дер кезінде толықтыру қажеттілігі пайда болады. Жүрек жеткіліксіздігі, бауыр қызметі бұзылған  немесе тырнақгүл гликозидтерін қабылдаған науқастарда аса сақ болу керек. Таблеткаларды ас ішкеннен кейін қабылдау керек.  

Ересектер  

Антигипертензивті дәрілер ретінде, ұсынылатын бастапқы тәуліктік доза бір қабылдауға 25-100 мг монотерапия немесе басқа гипотензивті  препараттармен біріктіріп. Кейбір науқастарға монотерапия түрінде де және біріктірген түрде де 12,5 мг бастапқы дозада ұсынылады. Тәулігіне  100 мг-ден аспайтын  ең аз тиімді  дозаны қолдану керек. Егер Гипотиазид басқа гипотензивті препараттармен біріктіргенде шамадан тыс гипотензивті әсерді ескерту үшін дозаларды төмендету қажет болуы мүмкін.  Гипотензивті әсері  3 – 4 күн аралығында пайда болады, алайда оңтайлы әсерге жету үшін 3 – 4 апта қажет болуы мүмкін. Емдеу аяқталғаннан кейін гипотензивті әсер бір аптаға дейін сақталады.      Қантты емес диабеттеұсынылатын тәуліктік  доза 50-150 мг-ні (2 - 4 қабылдауға) құрайды.    

Ісінулерді емдеу кезінде ұсынылатын доза - 25-100 мг препаратты тәулігіне бір рет немесе екі күнде бір рет. Клиникалық реакцияның дозасына қарай  25 – 50 мг-ге дейін тәулігіне бір рет немесе екі күнде бір рет.  Кейбір ауыр жағдайларда тәулігіне  200 мг-ге дейін бастапқы  дозалар қажет болуы мүмкін.    

Етеккір алдындағы кезеңдегі ұсынылатын доза тәулігіне 25 мг-ні құрайды және белгілер пайда бола бастағаннан  етеккір басталғанға дейін қолданылады.   

Қабылдау жиілігі мен курстың ұзақтығы емдеуге емделушінің реакциясына және емдеуші дәрігер жеке анықтайды.  

Балаларға

Дозалар баланың дене салмағына қарай анықталуы керек. Балаларға арналған ұсынылатын тәуліктік  доза 1 – 2 мг/кг немесе дене бетінің шаршы метріне 30 – 60 мг тәулігіне бір рет тағайындалады. 2 айдан 2 жасқа дейінгі балаларға арналған жалпы тәуліктік доза 12,5-37,5 мг; 2-ден 12 жасқа дейінгілерге– күніне 37,5-100 мг-ден. Кішкентай балаларға  таблеткаларды  сұйықтықпен бірге үгітілген түрде беру керек.  

Егде жастағы адамдарғы  дозаны төмендету қажет болуы мүмкін. 

 

Жағымсыз әсері

- гипокалиемия, гипомагниемия, гиперкальциемия және гипохлоремиялық алкалоз: ауыздың кеберсуі, шөліркеу, жүрек аритмиясы, көңіл күйдің немесе  психиканың өзгеруі, құрысулар және бұлшықеттің ауыруы, жұрек айнуы, құсу, әдеттегіден тыс шаршағыштық немесе әлсіздік.  Гипохлоремиялық алкалоз бауыр  энцефалопатиясын немесе бауыр комасын туындатуы мүмкін.

- гипонатриемия: сананың шатасуы, конвульсиялар, летаргия, қозғыштық,  бұлшықеттің құрысуы    

симптомсыз подагралық науқастарда подагра ұстамаларын туындатуы мүмкін гипергликемия, глюкозурия, гиперурикемия 

-  латентті қант диабетінің манифестациясы 

- үлкен дозаларды қабылдағанда қанда  липидтер деңгейінің артуы  

- холецистит немесе панкреатит, холестатикалық сары ауру, диарея, сиаладенит, іш қатулар, анорексия   

аритмиялар, ортостатикалық гипотензия, васкулит   

бас айналуы, уақытша анық көрмеу, бас ауыруы, парестезиялар   

- өте сирек: лейкопения, агранулоцитоз, тромбоцитопения, гемолитикалық анемия, апластикалық анемия        

есекжем, пурпура, некротикалық васкулит, Стивенс-Джонсон синдромы, респираторлы дистресс синдромы (пневмонит және өкпенің кардиогенді емес ісінуін қоса), жарыққа сезімталдық, шокқа дейінгі анафилактикалық реакциялар

жыныс қызметінің бұзылуы, пневмонит, бүйрек қызметінің бұзылуы, интерстициальді нефрит.      

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа немесе басқадай  сульфонамидтерге  жоғары сезімталдықта

- бүйректің (креатинин клиренсі 30 мл/минуттан төмен) немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігінде

- анурияда   

- лактация кезеңінде. 

 

Дәрілермен өзара әрекеттестігі

Мыналармен бір мезгілде қолданбау  керек:

- литий тұздарымен (литий деңгейі уыттылық шегіне жетуі   мүмкін).   

Мына  препараттармен бірге сақтықпен қолдану керек:     

- антигипертензивті препараттармен (олардың әсер күшейеді, дозаны түзету қажет болуы мүмкін)  

- жүрек гликозидтерімен (гипокалиемия және гипомагниемия, тиазидных диуретиктердің әсеріне байланысты,  тырнақгүлмен  улану қаупін арттырады)

- амиодаронмен (гипокалиемия  аритмия даму қаупін арттырады)

- пішу арқылы қабылданатын диабетке қарсы препараттармен (олардың тиімділігі төмендейді,  гипергликемия дамуы мүмкін)

- кортикостероидты препараттармен, кальцитонинмен (калий шығарылу дәрежесін арттырады)

- полярсызданбайтын бұлшықет релаксанттарымен (олардың әсері күшеюі мүмкін)

- амантадинмен, өйткені оның уыттылығы артады

- холестираминмен, ол гидрохлортиазидтің асқазан-ішек жолдарынан сіңуін бәсеңдетеді 

- қабынуға қарсы стероидті емес дәрілермен (ҚҚСП гидрохлортиазидтің диуретикалық және гипотензивті әсерін әлсіретеді)

- алкоголь, барбитураттармен және есірткілік заттармен олар ортостатикалық гипотензия әсерін күшейтеді.

"препарат/зертханалық тексерістер" өзара әрекеттестіктері

Тиазидтер қан плазмасындағы ақуыздармен байланысты  йод деңгейін төмнендетеді. Пара қалқанша без қызметіне тексеріс жүргізердің аплдында   гипотиазидті қабылдауды тоқтату керек. Қан плазмасындағы билирубиннің концентрациясы жоғары болуы мүмкін.

 

Айрықша нұсқаулар

Емдеу курсы ұзақ уақыт болғанда ең алдымен қаупі жоғары топтағы емделушілерде: жүрек және бауыр бұзылулары бар науқастарда, тоқтатмай құсқанда немесе ауыздың кеберсуі, шөліркеу, әлсіздік летаргия, ұйқышылдық, алаңдаушылық, бұлшықет ауруы немесе құрысулар,  бұлшықет әлсіздігі, гипотензия, олигурия, тахикардия, асқазан-ішек жолдарынан шағымдар түріндегі су-электролитті теңгерімнің  бұзылу белгілері пайда болғанда  су-электролитті теңгерімнің  клиникалық симптомдарын мұқият бақылау керек.

Құрамында калий бар препараттарды немесе калийге бай тағамдарды (жемістер, көкөністер) әсіресе калийді көп жоғалтқанда қолдану немесе тырнақгүл гликозидтермен немесе  кортикостероидты препараттармен бір мезгілде емдегенде гипокалиемияны туындатпайды.       

Тиазидтер магнийдің несеппен шығарылуын арттырады; бұл гипомагниемияға әкеп соқтыруы мүмкін.          

Бүйрек қызметі төмендеген жағдайда  креатинин клиренсін бақылау керек. Бүйрек аурулары бар  емделушілерде  препарат азотемияны, сондай-ақ препарат жинақталуын байқатуы мүмкін.  Мұндай жағдайларда, сондай-ақ   олигурия пайда болғанда, препараты қабылдауды тоқтату керек. Бауыр қызметі бұзылған науқастарға тиазидтерді сақтықпен тағайындайды өйткені су-электролитті теңгерімнің, сондай-ақ қан сарысуындағы аммоний деңгейінің бұзылуы бауыр  комасы өршуіне әкеп соқтыруы мүмкін. 

Ауыр церебральді және тәжді склероз пайда болғанда препараты сақтықпен тағайындау керек.    

Ұзақ емдеу курсы кезінде манифестілі және латентті қант диабетінде қандағы глюкоза деңгейін жүйелі түрде бақылау керек  гипогликемиялық препараттар дозасын арттыру қажет болуы мүмкін. Несеп қышқылы метаболизмі бұзылған науқастар мұқият бақылануы керек.  

Тиазидтермен ұзақ уақыт емдегендегі сирек жағдайларда гиперкальциемия және гипофосфатемиямен қатар жүретін пара қалқанша без қызметінің өзгерістері сирек байқалған.  Тиазидтер  қалқанша без қызметінің бұзылу белгілері байқалмайтын қан плазмасының ақуыздарымен байланысатын  йод мөлшерін төмендетуі  мүмкін.  

Лактозаны көтере алмаған жағдайда гипотиазидтің 25 мг-лік таблеткаларында  63 мг лактоза, ал  100 мг-ліктаблеткаларда– 39 мг лактозадан бар.  

Педиатрияда қолданылуы

Бұл дәрі түрі  балаларға 2 айдан бастап тағайындалады.

Жүктілік және  лактация  

Жүктілік кезінде препарат аса қажет жағдайларда, күтілетін пайда және қауіпті мұқият бағалағанда ғана тағайындалуы мүмкін, өйткені  препарат қан плазмасының көлемін және плацентаның қанмен қамтамасыз етілуін төмендетеді, сондай-ақ плацента арқылы өтеді. Осылайша, ұрықта немесе жаңа туылған нәрестелерде сары ауру, тромбоцитопения және препараттың басқа да жағымсыз әсерлер  даму қаупі бар. 

Препарат анна сүтіне өтеді; сондықтан  егер препараты міндетті түрде қабылдау аса қажет болса, онда бала емізуді тоқтату керек.      

Автомобиль және қозғалмалы жабдықтарды басқару қабілетіне әсері  

Препараты қабылдаудың алғашқы сатысында (бұл кезеңнің ұзақтығы жеке анықталады)  автомобиль жүргізуге және аса зейін қоюды қажет ететін жұмыстарды орындауға болмайды. Соңынан тиым салу дәрежесі  жекелеген тәртіпте  анықталуы керек.  

    

Артық дозалануы  

Симптомдары: гидрохлоротиазидпен артық дозалану сұйықтықтар мен электролиттерді жедел жоғалту түрінде  және мынадай симптомдар түрінде білінуі мүмкін: тахикардия, гипотензия, шок, әлсіздік, сананың шатасуы, бас айналуы бұлшықеттің түйілуі, парестезия, сананың бұзылуы, шаршағыштық, жүрек айнуы, құсу, полиурия, олигурия немесе анурия; зертханалық көрсеткіштер өзгеруі мүмкін: гипокалиемия, гипонатриемия, гипохлоремия, алкалоз, қанда азот мочевинасы  деңгейінің артуы (әсіресе бүйрек жеткіліксізді бар науқастарда).  

Емдеу: арнайы у қайтарғысы жоқ. Құсуды индукциялау, асқазанды шаю   препараттың организмнен шығарылуына көмектеседі. Белсендірілген көмірді қолдану арқылы препараттың сіңуін азайтуға болады. Гипотензия жағдайында немесе шокта следует жоғалтқан сұйықтық және электролиттер (калий, натрий, магний) көлемін толықтыру керек. Су-электролитті теңгерімді (әсіресе қансарысуындағы  калий деңгейі) және қалыпты мәндерді анықтағанға дейін   бақылау керек.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы  

25 мг, 100 мг таблеткалар 

20 таблетка 25 мг немесе 100 мг-ден  ПВХ/алюминийден жасалған блистерде мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған қолданылу жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапта.                

 

Сақтау шарттары  

25С-ден төмен  температурада, жарықтан қорғалған жерде  сақтау керек.

Балалар қол жеткізе алмайтын жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі  

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолданбау керек.

 

 

Дәріханалардан босатылу шарттары  

Рецепт бойынша    

 

Өндіруші

ХИНОИН Фармацевтикалық және Химиялық Өнімдер зауыты, ЖАҚ, Венгрия Санофи-Авентис ЖАҚ, Венгрия үшін

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.