- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Бисакодил
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Метаболикалық ауру
- Бисакодил
Бисакодил
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Фармаприм |
---|---|
Өндіруші елі | Молдова |
Форма | суппозиторий |
Саны | 10 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Бисакодил, негізгі | 10 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 990 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | 1 н. |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және
фармацевтикалық қызметті
бақылау комитеті Төрағасының
2011 жылғы “____” ___________
№ _____ бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Дәрілік заттың медицинада
қолданылуы жөніндегі
нұсқаулық
БИСАКОДИЛ
Саудалық атауы
Бисакодил
Халықаралық патенттелмеген атауы
Бисакодил
Дәрілік түрі
Ректальді суппозиторийлер, 10мг
Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
қосымша зат - 10 мг бисакодил,
қосымша заттар: суппоцир (жартылай синтетикалық глицеридтер) (Hard fat) жартылай синтетикалық глицеридтер – массасы 1000 мг суппозиторий алу үшін жеткілікті мөлшерде.
Сипаттамасы
Цилиндр конус пішінді, ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті суппозиторийлер. Кесіндісін қарағанда ауа және кеуекті өзегі бар және шанақша тәрізді үңгілген болуы мүмкін.
Фармакотерапиялық тобы
Іш жүргізетін препараттар. Жанаспалы іш жүргізетін дәрілер
АТЖ коды А06АВ02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Бисакодил тоқ ішектен сіңбейді және емшек сүтіне өтпейді. Тік ішекке енгізген кезде әсері 15 – 60 минуттан кейін басталады.
Фармакодинамикасы
Бисакодил – дифенилметан туындысы іш жібіткіш, жел айдағыш дәрі болып табылады. Әсер ету механизмі тоқ ішектің шырышты қабығының жүйке ұштарының тікелей ынталануымен жүзеге асып, тоқ ішекте шырыштың түзілуін арттырады, ол нәжісті жұмсартып, оның жылжуын жақсартып, нәжістің шығуына мүмкіндік жасайды, сондай-ақ ішектің жиырылуын жылдамдатады және күшейтеді.
Қолданылуы
- гипотониядан және тоқ ішектің жиырылуының әлсіздігінен болатын іш қатуда (атап айтқанда егде жастағ емделушілерде; операциядан кейінгі іш қатуда; босанғанда; диетаны алмастырғанда)
- геморройда, проктитте, анустық сызатта нәжісті реттеп отыруға
- тоқ ішекті хирургиялық араласымдарға, рентгенологиялық және аспаптармен тексерулерге дайындауға.
Қолдану тәсілі және дозалары
Тік ішекке. Ересектерге және 14 жастан асқан балаларға бисакодил тәулігіне 10 – 20 мг-нан (1-2 суппозиторий); 8-14 жастағы балаларға – 10 мг-нан (тәулігіне 1 суппозиторий).
Операциялық араласымға немесе диагностикалық зерттеулерге дайындағанда кешке және таңертең 10 мг-нан (1 суппозиторий).
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар
- ішектің шаншуы
- диарея, ол сусыздануға, су-электролиттік тепе-теңдіктің бұзылуына, бұлшықет әлсіздігіне, құрысуға, артериялық гипотонияға әкеп соқтыруы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа асқын сезімталдықта
- ішек бітелісінде
- қысылған жарықта
- құрсақ қуысы ағзаларының жедел ағымды қабыну ауруларында
- іштің генезі анықталмаған ауырсынуларында
- перитонитте
- асқазан-ішек жолынан қан кеткенде, жатырдан қан кеткенде
- циститте
- спастикалық іш қатуда
- жедел ағымды проктитте, жедел ағымды геморройда
- 8 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Бисакодилдің ішектен сіңбейтінін ескерсек, оның басқа препараттармен өзара әрекеттесуі неғайбыл болады.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты ұзақ уақыт қолдануға болмайды.
Бисакодилді бауыр және/немесе бүйрек қызметінің жеткіліксіздігіне шалдыққан емделушілерге абайлап тағайындайды.
Препаратты қолдану кезінде нәжіс массасының консистенциясын қамтамасыз ету мақсатында сұйықтықты көп мөлшерде қабылдаған жөн.
Егер бисакодилді қолданған кезде тік ішектен қан кете бастаса, препаратты қабылдауды тоқтатқан жөн.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүкті және бала емізетін әйелдерге қолданған кезде сақ болған жөн.
Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану автокөлікті жүргізу және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді.
Артық дозаланғанда
Симптомдары: диарея, су-электролиттік тепе-теңдіктің бұзылуы,гипокалиемия, тоқ ішек тонусының жоғалуы
Емдеу: симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Полиэтилинмен ламинацияланған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 5 суппозиторийден.
Пішінді ұяшықты 2 қаптама қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15°С-ден 25oC-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
ФАРМАПРИМ ЖШҚ, Молдавия Республикасы
МD-2028, Молдавия Республикасы
Кишинэу қ-сы, Г. Тудор к-сі, 3.
Тел/факс; (+37322) 20-86-72
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
ФАРМАПРИМ ЖШҚ, Молдавия Республикасы
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
ҚР-ғы өкілдігі Алматы қ-сы, Гоголь к-сі, 86, кеңсе 528,
телефон. тел + 7(727) 2 79-65-18
электронды поштасы: farmaprim.kz@farmaprim.md