- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Ризоптан
Ризоптан
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Ацино |
---|---|
Өндіруші елі | Швейцария |
Форма | таблетки |
Саны | 3 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецепт арқылы |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Ризатриптан, негізгі | 10 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 2467 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Саудалық атауы
Ризоптан
Халықаралық патенттелмеген атауы
Ризатриптан
Дәрілік түрі
Таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында 14,53 мг ризатриптан бензоаты 10 мг ризатриптанға шаққанда;
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, желатинделген крахмал, магний стеараты.
Сипаттамасы
Дөңгелек, жалпақцилиндрлі, ойығы бар, таблетканың бір жағында сызығымен, ақ түсті немесе ақ түсті дерлік таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Бас сақинасы кезінде қолданылатын дәрілер. Серотонин 5-НТ1-рецепторының селективті агонистері. Ризатриптан.
АТХ коды N02CC04
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі
Пероральді қолданғаннан кейін ризатриптан жылдам және толық сіңеді. Пероральді қабылдау кезінде таблеткалардың орташа биожетімділігі шамамен 40-45% құрайды, ал плазмада орташа шыңының концентрациялары (Cmax) шамамен 1-1,5 сағаттан соң (Tmax) жетеді. Ризатриптан таблеткаларын майға бай таңғы ас кезінде пероральді қабылдау ризатриптанның сіңу дәрежесіне әсер етпеді, бірақ ризатриптанның сіңуі шамамен бір сағатқа кідіртілді.
Тағамның әсері: егер таблетка тоқ күйде қабылданса, Tmax шамамен 1 сағатқа кідіртіледі.
Таралуы
Ризатриптан плазманың протеиндерімен шағын (14 %) байланысады. Таралу көлемі ерлерде шамамен 140 л және әйелдерде 110 л құрайды.
Биотрансформациясы
Ризатриптан метаболизмінің алғашқы маршруты фармакологиялық белсенді емес индолилсірке қышқылының метаболитіне дейін моноаминоксидаза А (MAO-A) тотықтыратын дезаминирлеу арқылы өтеді.
Белсенділігі 5-HT1B/1D рецепторындағы алғашқы заттың белсенділігіне ұқсас N-монодезметил-ризатриптан, метаболитінің шағын мөлшері түзіледі, бірақ ризатриптанның фармакодинамикалық белсенділігіне елеулі әсер етпейді. N-монодезметил-ризатриптанның плазмадағы концентрациясы алғашқы заттың концентрациясының шамамен 14 %-ын құрайды және қосылыс сондай жылдамдықпен шығарылады. Басқа маңызды емес метаболиттер N-тотығын, 6-гидрокси қосылысын және 6-гидроксиметаболитінің сульфатты конъюгатын қамтиды. Осы маңызды емес метаболиттердің бірде біреуі фармакологиялық белсенділікке ие емес.
Шығарылуы
2,5–10 мг дозалар диапазонынан жоғары дозаны пероральді қабылдағаннан
кейін, қисығы астындағы ауданы пропорционалды дерлік ұлғаяды. Ерлер мен әйелдерде плазмадағы ризатриптанның жартылай ыдырауы кезеңі орташа 2-3 сағатты құрайды.
Плазмадағы ризатриптан клиренсі ерлерде минутына орташа 1000–1500 мл-ге жуық және әйелдерде минутына 900-1100 мл-ге жуық; мұның шамамен 20-30%-ын бүйрек клиренсі құрайды.
14C-таңбаланған ризатриптанды пероральді қабылдағаннан кейін радиоактивтіліктің шамамен 80 %-ы несеппен және дозаның 10 %-ы нәжіспен шығарылады. Бұл метаболиттердің негізінен бүйрек арқылы шығарылатынын көрсетеді.
Ризатриптанның жүйе алдындағы метаболизміне сәйкес, пероральді дозасының шамамен 14 %-ы несеппен өзгермеген күйде, ал 51 %-ы индолилсірке қышқылының метаболиті түрінде шығарылады. 1 %-ға жетер-жетпесі несеппен N-монодезметилінің белсенді метаболиті түрінде шығарылады.
Егер ризатриптанды ең жоғары дозада қабылдаса, плазмада препараттың күнделікті жинақталуы болмайды.
Әртүрлі пациенттердің сипаттамалары
Бас сақинасы ұстамасымен пациенттер: бас сақинасы ұстамасы ризатриптанның фармакокинетикасына әсер етпейді.
Жынысы: ерлерде, ризатриптанның қисық астындағы ауданы (пероральді 10 мг) әйелдерге қарағанда шамамен 25 %-ға төмен, Cmax – 11 %-ға аз және Tmax шамамен бірдей болды. Бұл айқын фармакокинетикалық айырмашылық клиникалық мәнге ие емес.
Егде жастағы пациенттер (65-тен 77 жасқа дейін): плазмадағы ризатриптанның концентрациясы жас пациенттерде қандай болса, сондай болды.
Бауыр функциясының бұзылуымен пациенттер (Чайлд-Пью бойынша бауыр жеткіліксіздігінің ауырлығы – 5–6 балл): бауыр жеткіліксіздігімен пациенттерде пероральді қолданғаннан кейін плазмадағы ризатриптанның концентрациясы зерттеуге қатысатын жас ер адамдар мен әйелдерде оның концентрациясына ұқсас болды. Қисық астындағы ауданының едәуір (50%-ға) және Cmax (25 %-ға) ұлғаюы бауыр жеткіліксіздігімен пациенттерде (Чайлд-Пью бойынша бауыр жеткіліксіздігінің ауырлығы – 7 балл) байқалды.
Чайлд-Пью бойынша > 7 балл (ауыр бауыр жеткіліксіздігі) бүйрек жеткіліксіздігінің ауырлығымен пациенттерде фармакокинетикасы зерттелмеген.
Бүйрек функциясының бұзылуымен пациенттер: бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттерде (креатинин клиренсі 10-60 мл/мин/1,73 м2) ризатриптанның қисық астындағы ауданы сау пациенттердің ауданынан елеулі ерекшеленбеді.
Гемодиализдегі пациенттерде (креатинин клиренсі <10 мл/мин/1,73 м2) ризатриптанның қисық астындағы ауданы қалыпты бүйрек функциясымен пациенттерге қарағанда шамамен 44 %-ға жоғары болды. Кез-келген дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттерде плазмадағы ризатриптанның ең жоғары концентрациясы сау пациенттерде қандай болса, сондай болды.
Фармакодинамикасы
Ризатриптан 5-HT1B және 5-HT1D адамның жоғары афинді рецепторларымен селективті байланысады және 5-HT2, 5-HT3; адренергиялық α1, α2 немесе β; допаминергиялық D1, D2; гистаминдік H1; мускариндік немесе бензодиазепиндік рецепторларға болмашы әсер етеді немесе ешқандай әсер етпейді немесе фармакологиялық әсері етеді.
Бас сақинасы ауыруын емдеу кезінде ризатриптанның терапиялық белсенділігі экстрацеребральді интракраниальді қан тамырларының 5-HT1B және 5-HT1D рецепторына оның агонистік әсерімен түсіндірілуі мүмкін, олар ұстамалар және жүйкесін тоздыратын үштік сенсорлық жүйкелер кезінде кеңейтіледі деп саналады. 5-HT1B және 5-HT1D рецепторының белсендірілуі ауыру тудыратын және нейропептидтің шығарылуын тежейтін интракраниальді қан тамырларының тарылуына әкелуі мүмкін, бұл сезімтал тіндердің қабынуын азайтуға және орталық тригеминальді ауыру сигналының берілуін төмендетуге әкеледі.
Қолданылуы
- аурамен немесе онсыз бас сақинасы ұстамалары кезінде бас ауруы фазасын шұғыл емдегенде
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке қолданады. Профилактикалық мақсаттағы Ризоптан препаратымен қолдануға болмайды.
Таблеткаларды тұтастай жұтып, сұйықтық ішу керек.
Егер препарат тоқ күйінде қабылданса, сіңу уақыты шамамен 1 сағатқа кідіртіледі.
Ұсынылатын доза – 10 мг.
Қайта қабылдау: келесі дозаны кемінде 2 сағаттан соң қабылдауға болады; 24 сағаттық кезең ішінде екі дозадан артық қабылдауға болмайды.
- Келесі 24 сағат ішінде бас ауыруы қайталанған кезде: егер алғашқы ұстаманың жеңілдеуінен кейін бас ауыруы қайталанса, тағы бір дозаны қабылдауға болады. Жоғарыда көрсетілген дозалау нормаларын сақтау керек.
Әсер болмаған кезде: бірінші дозаның әсері болмаған кезде, сол ұстаманы емдеу үшін қайталама дозаның тиімділігі ризатриптан зерттеулері кезінде тексерілмеді. Осылайша, бірінші дозаны қабылдағаннан кейін пациентте терапиялық әсер туындамаса, сол ұстаманы емдеу үшін екінші дозаны қабылдауға болмайды.
Ризатриптанның зерттеулері көрсеткендей, егер тіпті бір ұстама кезінде терапиялық әсер болмасада, келесі ұстамаларда терапиялық әсер туындау ықтималдығы қалады.
Кейбір пациенттерге, әсіресе пациенттердің мынадай топтарына Ризоптан препаратын аз мөлшерде (5 мг) тағайындау керек:
- пропранолол қабылдайтын пациенттерге. Пропранолол қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң, одан ерте емес, ризатриптанды қабылдау керек;
- жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттер;
- жеңіл және орташа бауыр жеткіліксіздігімен пациенттер.
Екі дозаны қабылдау арасында кемінде 2 сағат өтуі керек; 24 сағаттық кезең ішінде 2 дозаға дейін қабылдауға болады.
65 жастан асқан пациенттер.
65 жастан асқан пациенттерде ризатриптанды қабылдау тиімділігі және қауіпсіздігі жүйелі зерттелінбеді.
Балалар (18 жасқа дейін).
Балаларда және (18 жасқа дейінгі) жасөспірімдерде Ризоптан препаратын қолдану тиімділігі және қауіпсіздігі анықтамады.
Жағымсыз әсерлері
Ең көп таралған жағымсыз әсерлер бас айналу, ұйқышылдық және әлсіздік/қажығыштық болып табылады. Жағымсыз реакциялардың жиілігін мынадай түрде анықталған: өте жиі (10 % артық); жиі (1–10 %); жиі емес (0,1–1 %); бірлі-жарым (0,01–0,1 %); сирек (0,01 %-дан кем); жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).
Иммундық жүйе тарапынан: бірлі-жарым – аллергиялық реакциялар, анафилаксия/анафилактоидты реакция.
Психика тарапынан: жиі – ұйқысыздық, жиі емес – дезориентация, ашуланшаңдық.
Жүйке жүйесі тарапынан: жиі – бас айналу, ұйқышылдық, парестезия, бас ауыруы, гипестезия, ойлау қабілетінің айқындығының төмендеуі; жиі емес – атаксия, тремор, вертиго, дисгевзия/жағымсыз бөтен дәм, естен тану; жиілігі белгісіз – құрысу, серотонинді синдром.
Көру мүшелері тарапынан: жиі емес – көрудің анық еместігі.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: жиі – жүрек қағуы; жиі емес – тахикардия, қан кернеу, аритмия, ЭКГ-да өзгерістер, гипертензия; бірлі-жарым – мидағы қан айналымының бұзылуы (хабарламаларға сәйкес осы жағымсыз реакциялардың көпшілігі коронарлық артериялар ауыруының даму қаупі факторларымен пациенттерде туындады), брадикардия; жиілігі белгісіз – миокардиальді ишемия немесе инфаркт (хабарламаларға сәйкес осы жағымсыз реакциялардың көпшілігі коронарлық артериялар ауыруының даму қаупі факторларымен пациенттерде туындады), шеткері тамырлар ишемиясы.
Тыныс жүйесі, кеуде қуысы мүшелері және көкірекорта тарапынан: жиі – жұтқыншақтағы жайсыздық; жиі емес – ентікпе; бірлі-жарым – ысқырық дем.
Ас қорыту жолы тарапынан: жиі – жүрек айну, ауыздың құрғауы, құсу, диарея, диспепсия; жиі емес – шөлдеу сезімі; жиілігі белгісіз – ишемиялық колит.
Тері және тері асты тіндері тарапынан: жиі – қызару; жиі емес – қышыну, есекжем, ангионевроздық ісіну (мысалы беттің ісінуі, тілдің ісінуі, жұтқыншақтың ісінуі), бөртпе, тер бөлінудің жоғарылауы; жиілігі белгісіз – уытты дермальді некролиз.
Қаңқа бұлшықеті және дәнекер тін тарапынан: жиі – жергілікті ауырлығы, мойынның ауыруы, жергілікті кернеулілік; жиі емес –құрысу, бұлшықет әлсіздігі, бет аймағының ауыруы, миалгия.
Жалпы бұзылыстар: жиі – астения/әлсіздік, іштің немесе кеуденің ауыруы.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- ризатриптанға немесе кез келген қосымша затқа аса жоғары сезімталдық
- моноаминоксидазаның (MAO) тежегіштерімен бірмезгілде қолдану немесе MAO тежегіштерімен емді тоқтатқан сәттен бастап екі апта ішінде қолдану
- ауыр бауыр жеткіліксіздігі немесе ауыр бүйрек жеткіліксіздігі
- анамнезінде инсульт немесе транзиторлық ишемиялық шабуыл
- орташа немесе ауыр артериялық гипертензия, сондай-ақ емделмеген жеңіл артериялық гипертензия
- коронарлық артериялардың белгіленген ауыруы, соның ішінде жүректің ишемиялық ауыруы (анамнезінде стенокардия, миокард инфаркты немесе белгіленген симптомсыз ишемия), жүректің ишемиялық ауыруы симптомдары немесе Принцметал стенокардиясы
- шеткері қан тамырларының ауыруы
- ризатриптанды және эрготаминді қастауыш алкалоидтары туындыларын (метисергидті қоса) немесе 5-HT1B/1Dрецепторының басқа агонистерін бірмезгілде қолдану
- лактозаны көтере алмаушылықпен, туа біткен Lapp-лактаза жеткіліксіздігімен немесе глюкоза/галактоза сіңуі бұзылуымен байланысты тұқым қуалаған сирек аурулармен пациенттер
- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Эрготамин, қастауыш алкалоидтары туындылары (соның ішінде метисергид), 5-HT1В/1D рецепторының басқа агонистері: аддитивтік әсердің салдарынан ризатриптан мен эрготаминді, қастауыш алкалоидтары туындылары (соның ішінде метисергид), 5-HT1В/1D рецепторының басқа агонистерін (мысалы, суматриптанды, золмитриптанды, наратриптанды) бірмезгілде қолдану коронарлық артерияның вазоконстрикциясы және гипертензиялық әсер қаупін арттырады. Мұндай біріктірімді қолдануға болмайды.
Моноаминоксидаза тежегіштері: ризатриптан негізінен моноаминоксидаза А қосалқы типі (MAO-A) көмегімен метаболизденеді. Плазмадағы ризатриптанның және оның белсенді N-монодезметил-метаболитінің концентрациялары моноаминоксидаза A селективті кері әсер ететін тежегішін бірмезгілде қолдану арқылы көбейтілді. Моноаминоксидазаның селективті емес кері әсер ететін тежегіштерін (мысалы линезолидті) қолданған кезде ұқсас немесе үлкен әсер күтіледі. Коронарлық артерия вазоконстрикциясының және гипертензияның туындау қаупі болғандықтан, моноаминоксидаза тежегіштерін қабылдайтын пациенттерге Ризоптан препаратын тағайындауға болмайды.
Бета-блокаторлар: ризатриптанның плазмадағы концентрациялары пропранололмен бірмезгілде қабылдағандықтан ұлғаюы мүмкін. Бұл ұлғаю екі препараттың алғашқы метаболизмінің өзара әсер етуінен туындауы ықтимал, себебі MAO-A ризатриптанның да, пропранололдың да метаболизмінде маңызды роль атқарады. Бұл өзара әсер ету қисық астындағы ауданының және Cmax 70-80 %-ға дейін орташа ұлғаюына әкеледі. Пропранололды қабылдаған пациенттер Ризоптан препаратын 5 мг дозада қолдануы керек.
Надолол және метапролол дәрілік заттары плазмадағы ризатриптан концентрациясын өзгертпейді.
Серотониннің селективті кері қармау тежегіштері/норадреналин мен серотониннің кері қармау тежегіштері және серотонин синдромы: серотониннің кері қармау тежегіштерін/норадреналиннің, серотонин мен триптандардың кері қармау тежегіштерін қолданғаннан кейін пайда болған серотонин синдромының симптомдарымен (соның ішінде өзгерген психикалық мәртебемен, вегетативтік жүйке жүйесінің бұзылуымен және нейробұлшықет бұзылыстарымен) пациенттер туралы хабарламалар келіп түсті.
In vitro зерттеулері көрсеткендей, ризатриптан P450 2D6 (CYP2D6) цитохромымен тежеледі. Олардың өзара әсер етуіне қатысты клиникалық деректер жоқ. CYP2D6 субстраттарын қабылдайтын пациенттерге ризатриптанды тағайындау кезінде, олардың потенциальді өзара әсер етуін ескеру керек.
Айрықша нұсқаулар
Ризоптанды профилактика үшін қолдануға болмайды.
Таблетканы пероральді қолдану үшін тұтастай жұтып, сұйықтықты ішу керек.
Тағамға әсері: аспен бірмезгілде қабылдаған кезде ризатриптанның сіңуі шамамен 1 сағатқа кідіртеді. Сондықтан, егер оны тоқ күйінде қабылдаса, препараттың әсер ете бастауы кідіртілуі мүмкін («Фармакокинетика. Сіңуі» бөлімін қараңыз).
Ризоптанды бас сақинасы диагнозы дәл қойылған пациенттерге ғана тағайындау керек. Ризоптанды базилярлық немесе гемиплегиялық бас сақинасымен пациенттерге ғана тағайындау керек.
Ризоптанды «атипиялы» бас ауыруын емдеуге қолдануға болмайды, яғни сондай, олардың кезінде цереброваскулярлық тамырлардың тарылуы қауіпті болуы мүмкін, потенциальді күрделі ауырулармен (мысалы, инсультпен, жарылған аневризмамен) байланысты болуы мүмкін.
Ризатриптанды қабылдау транзиторлық симптомдармен, соның ішінде мынадай, мысалы кеуденің ауыруымен және құрысумен байланысты, қарқынды болуы және тамақты қамтуы мүмкін. Егер мұндай симптомдар жүректің ишемиялық ауыруына күдік туғызса, пациент препаратты қабылдауды тоқтату, сондай-ақ тиісті тексеру жүргізуі тиіс.
5-HT1B/1D рецепторының басқа агонистері сияқты, ризатриптанды жүрек ауыруы болуы ықтимал пациенттерге және коронарлық тамырлар ауырулары туындау қаупімен пациенттерге (мысалы, артериялық гипертензиямен, диабетпенпациенттерге, темекі шегетіндерге немесе никотинді алмастыратын ем алатындарға; 40 жастан асқан ерлерге, климакстан кейінгі кезеңдегі әйелдерге, қарыншааралық бөгеумен пациенттерге және отбасылық анамнезінде коронарлық тамырлар ауыруларының көптеген жағдайларымен пациенттерге) алдын ала тексерусіз тағайындауға болмайды. Кардиологиялық жағдайды бағалау пациентте жүрек-қантамырлық ауыруларын анықтамауы мүмкін, сондықтан алғашқы жүрек-қантамырлары ауыруларынсыз пациенттерде 5-НТ1 рецепторының агонистерін қолданған жағдайда өте сирек жағдайларда күрделі кардиологиялық құбылыстар байқалуы мүмкін. Белгіленген коронарлық тамырлар ауыруымен пациенттерде Ризоптан қабылдау ұсынылмайды.
5-HT1B/1D рецепторының агонистері коронарлық вазоспазммен астасқан. Кейбір жағдайларда 5-HT1B/1D рецепторының агонистерін қолданған кезде миокардиальдік ишемия немесе инфаркт туралы хабарланды.
5-HT 1B/1D рецепторының басқа агонистерін (мысалы, суматриптанды) Ризоптан препаратымен бірмезгілде тағайындауға болмайды.
Эрготамин қатарындағы препараттарды (мысалы, эрготаминді, дигидроэрготаминді немесе метисергидті) қабылдар алдында, ризатриптанды қабылдағаннан кейін кемінде алты сағат өтуін күту ұсынылады. Ризатриптанды қабылдар алдында, құрамында эрготамин бар препараттарды соңғы қабылдағаннан кейін кемінде 24 сағат өткеніне көз жеткізу керек. Триптандарды және серотониннің селективті кері қармау тежегіштерін немесе норадреналин мен серотониннің кері қармау тежегіштерін бірмезгілде қолданғаннан кейін серотонин синдромы (соның ішінде өзгерген психикалық статусы, вегетативтік жүйке жүйесінің бұзылуы және нейробұлшықет бұзылыстары) туралы хабарланды. Бұл реакциялар ауыр болуы мүмкін. Егер ризатриптанды және серотониннің селективті кері қармау тежегіштерін немесе норадреналин менсеротониннің кері қармау тежегіштерін бірмезгілде тағайындау клиникалық көрсеткіштерге жауап береді, пациентті, әсіресе ем басталарда, дозаны ұлғайту кезеңінде немесе тағы бір серотонинергиялық дәріні қосу кезінде тиісті бақылау ұсынылады.
Жағымсыз әсерлер көбінесе триптандарды (5-HT1B/1D агонистерін) және құрамында шілтер жапырақты шайқурай (Hypericum perforatum) бар өсімдік препараттарын бірмезгілде қолдану кезінде туындайды.
Триптандарды, соның ішінде ризатриптанды қабылдаған пациенттерде Квинке ісінуі (мысалы, беттің ісінуі, тілдің ісінуі және фарингальды ісіну) туындауы мүмкін.
Егер тілдің немесе жұтқыншақтың ангионевроздық ісінуі туындаса, пациентті симптомдар жоғалғанға дейін медициналық бақылауға алу керек. Емді дереу тоқтату және дәрілік заттардың басқа класына жататын препаратпен ауыстыру керек.
Лактоза
Препараттың құрамында лактоза бар, сондықтан галактозаны сирек кездесетін тұқым қуалай көтере алмаушылық проблемаларымен, Лапп лактаза тапшылығымен немесе глюкоза мен галактозаның мальабсорбция синдромымен пациенттер оны қабылдамауы тиіс. CYP2D6 субстраттарын қабылдайтын пациенттерге ризатриптанды тағайындаукезінде, олардың потенциальді өзара әсеріне назар аудару керек.
Препаратты шамадан тыс пайдаланудан туындаған бас ауруы
Бас ауыруынан кез-келген ауыруды басатын препаратты ұзақ қолдану бас ауыруын күшейтуі мүмкін. Егер мұндай жағдай туындаса (немесе оған күдік болса), дәрігермен кеңесіп, емді тоқтату қажет. Препараттың шамадан тыс қолданылуынан туындаған бас ауыруын, бас ауыруынан препараттарды жүйелі қабылдауына қарамастан, жиі немесе күнде бас ауруы туындайтын пациенттерде күдіктенуге болады.
Балалар
Балаларда және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде Ризоптан препаратын қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмады.
Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану
Репродуктивті функция
Адамның репродуктивті функциясына әсері зерделенбеді.
Жануарларға жүргізілген зерттеулер адам үшін терапиялық концентрациялардан (500 еседен астам) асып түскен, қан плазмасындағы концентрациялары кезінде репродуктивті функцияға төмен әсерін көрсетті.
Жүктілік кезінде қолдану
Жүкті әйелдер үшін ризатриптанды қолдану қауіпсіздігі анықталмады. Эмбрион/ұрықтың дамуын немесе жүктілік барысын, тууы мен туғаннан кейінгі дамуын назарға алған жануарларға жүргізілген зерттеулер адам үшін терапиялық дозалау деңгейлерінен асатын дозалау деңгейі кезінде зиянды әсерін көрсетпеді.
Жануарлардың репродуктивтік функциясы мен құрсақішілік дамуын зерттеулер адам ағзасының реакциясын әрдайым болжай бермейтіндіктен, РИЗОПТАН жүктілік кезінде өте қажет жағдайларда ғана тағайындалуы тиіс.
Лактация
Зерттеулер көрсеткендей, ризатриптан үлкен мөлшерлерде сүтпен бөлінеді.
Ана сүтімен тамақтандырылатын ұрпақтарда дене салмағының қысқа уақытта елеусіз төмендеуі ана денесіне жүйелі әсер адамдарға әсер етудің ең жоғары деңгейінен әлдеқайда жоғары болған кезде ғана байқалды. Адамдарға қатысты деректер жоқ.
Осылайша, лактация кезінде әйелдерге сақтықпен ризатриптан тағайындалуы керек. Препаратты қабылдағаннан кейін 24 сағат бойы емшек емізбей, дәрінің нәрестеге әсерін азайтуға болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Кейбір пациенттерде Ризоптан препараты бас сақинасын немесе ұйқышылдықты тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, ризатриптанды қабылдаған кейбір пациенттерде бас айналуы туындағаны туралы хабарлады. Сондықтан бас сақинасының ұстамалары кезінде және Ризоптан препаратын қабылдағаннан кейін пациенттер күрделі тапсырмаларды орындауға өзінің қабілеттілігін бағалауы керек.
Артық дозалануы
Ризатриптан 40 мг дозада (дозалар арасындағы екі сағаттық аралығымен бір доза немесе екі доза түрінде қабылданған) әдетте көтерімділігі жақсы болды; препаратты қабылдаған кезде жиі жағымсыз әсерлер бас айналу және ұйқышылдық болды.
Артық дозаланғаннан кейін гипертензия немесе басқа да неғұрлым күрделі жүрек-қантамырлық симптомдар пайда болуы мүмкін. Ризоптан препаратымен артық дозалануына күдік туған пациенттерде асқорыту жолын тазарту (мысалы, асқазанды шаю, одан кейін белсендірілген көмірді қабылдау) керек. Бұдан кейін тіпті клиникалық симптомдар байқалмаса да, клиникалық және электрокардиографиялық мониторингілер кемінде 12 сағат бойы жүргізілуі тиіс.
Ризатриптанның сарысудағы концентрациясына гемодиализ және перитонеальді диализдің әсері белгісіз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Пішінді ұяшықты қаптамада 3 таблеткадан; 1, 2 немесе 3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы