Өнім мәліметтері
ӨндірушіТева
Өндіруші еліИзраиль
Форматаблетки
Саны10
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Дәрілік шөптер, негізгі15 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 1640 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада 3 н.
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Дәрілік заттың медицинада

                                                       қолданылуы жөніндегі         

нұсқаулық

 

НОВО-ПАССИТ

 

Саудалық атауы

НОВО-ПАССИТ

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар 

 

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

НОВО-ПАССИТ құрғақ сығынды  – 157.5 мг (дәрілік шүйгіншөп, дәрілік жаужапырақ, шілтер жапырақты шайқурай, кәдімгі долана, инкарнат пассифлорасы (страстоцвет), кәдімгі құлмақ, қара ырғай); 

гвайфенезин – 200 мг 

қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы,  микрокристалды  целлюлоза, глицерол  трибегенаты, магний  стеараты, лактоза моногидраты

қабықта: жасыл опадри  "AMB 80W31115" (поливинилді  спирт, титанның қостотығы (Е 171), тазартылған тальк,  лецитин, ксантан шайыры,  хинолинді сары (Е 104), индигокармин Е 132, темірдің сары тотығы (Е 172)).

 

Сипаттамасы

Ақшыл-жасыл түсті ойығы бар, қабықпен қапталған, сопақша түрдегі таблеткалар 

 

Фармакотерапиялық тобы

Ұйықтататын және тыныштандыратын дәрі.

АТЖ коды N05СМ

 

Фармакологиялық қасиеттері 

НОВО-ПАСССИТ- біріктірілген препарат, құрамында дәрілік өсімдіктер сығындысы мен гвайфенезин қосындысы бар. 

Негізінен тыныштандыратын әсері бар дәрілік өсімдіктер (дәрілік шүйгіншөп, дәрілік сермене, шілтер жапырқты шайқурай, кәдімгі долана, инкарнат пассифлорасы (страстоцвет), кәдімгі құлмақ, қара аюбадам) және гвайфенезиннің жиынтық сығындысынан тұратын біріктірілген препарат. 

НОВО-ПАСССИТТІҢ құрамында анксиолитиктердің (бұл жағдайда - гвайфенезиннің) тыныштандыратын әсері бар табиғи биологиялық белсенді заттармен (өсімдіктің жиынтық сығындысымен) синергизмді әсері пайдаланылады.

Галендік компоненттердің уытсыздандыратын әсері аюбадам мен шайқурай сығындысының диуретикалық, шайқурайдың, долананың және сермененің  өт айдағыш, аюбадамның жеңіл терлеткіш әсерімен қамтамасыз етіледі және синтетикалық ингредиенттердің жағымсыз әсерін мүлдем төмендетуге  мүмкіндік береді. 

Жиынтық әсерге қобалжу жай-күйі мен үрелену кезінде тиімділігі жоғары болатын гвайфенезинді енгізу арқылы оның анксиолитикалық әсері қамтамасыз етіледі. 

Гвайфенезин асқазан-ішек жолында тез сіңеді, бауырда метоболизденеді, глюкурон қышқылымен байланысады және негізінен несеппен инактивті метоболиттер түрінде шығарылады. Биологиялық жартылай ыдырау кезеңі шамамен 1 сағат.

 

Қолданылуы

-      ашушаңдықпен,  үрейлікпен, қорқумен, шаршағыштықпен, олақтықпен жалғасатын неврастения және невротикалық реакцияларда

-      «менеджер синдромында» (тұрақты психикалық жүктеме жағдайында)

-      ұйқысыздықта (жеңіл түрлерінде)

-      жүйкелік ширығумен байланысқан бас ауыруларында

-      бас сақинасында

-      АІЖ фунциональдық ауруларында (диспептикалық синдромда, “тітіркенген ішек” синдромында)

-      нейроайналым дистониясы және климактериялық синдромда симптоматикалық дәрі ретінде

-      қышыма дерматоздарында (атопиялық және себорейлік экземада, есекжемде)

 

Қолдану тәсілі және дозалар

Ново-Пасситті 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет қабылдау керек. Қажет жағдайда тәуліктік дозаны күніне 3 рет 2 таблеткаға  дейін арттыруға болады. 

Қажетсіз іркілістер пайда болған жағдайда таңғы және күндізгі дозаларды жартылай төмендетіп – ½ таблеткадан қабылдап, ал кешкі доза – 1 таблетка.  

Дозаны емделушінің реакциясына байланысты өзгертуге болады. Препаратты қабылдау арасындағы аралық 8 сағат болуы керек.

Ново-Пассит таблеткасын  сусындармен (шаймен, шырынмен) бірге қабылдауға болады.

Асқазан-ішек жайсыздықтары жағдайында немесе жүрек айнуын сезіну пайда болса, препаратты тамақпен бірге қабылдаған жөн.

 

Жағымсыз әсерлері

-                    бас айналуы

-                    шаршағыштық, ұйқышылдық

-                    аллергиялық реакциялар, экзантема

-                    жүрек айнуы, құсу, түйілулер, қыжыл, іш өтуі 

-                    назар аударуды шоғырландырудың төмендеуі

Барлық жағымсыз әсерлер  препаратты тоқтатқаннан кейін тез арада басылады.

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

-                    препараттың қандай да бір құрамдас бөлігіне жекелеген жоғары сезімталдықта, әсіресе гвайфенезинге

-                    миастенияға

-                     қояншық ауыруында

-                    18 жасқа дейінгі балаларға

 

Айрықша нұсқаулар

Препаратты асқазан-ішек жолдарының жедел ауруларында сақтықпен қолдану керек.

Емдеу кезінде алькогольдік сусынды қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Ново-Пассит жүктілік және лактация (бала емізу) кезінде дәрігердің бақылауы бойынша қабылдануы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралдарын  және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері 

Емделу кезінде қауіпті деп саналатын қызмет түрлерімен шұғылдануға, концентрацияда жоғары назарды және психомоторлық реакциянының жеделдігін талап ететін жағдайда олармен айналыспаған дұрыс. 

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ново-Пассит құрамына кіретін гвайфенезин ОЖЖ, сондай-ақ этанол қызметін төмендетіп әсер көрсететін заттардың әсерін күшейтеді. 

 

Артық дозаланғанда

Белгілері: алғашында – ұйқышылдық, шаршауды сезіну, кейінірек – жүрек айнуы, бұлшықеттің жеңіл әлсіздігі, буындардағы ауыру, асқазандағы ауырсынуды сезіну. 

Емдеу: асқазанды шаю, белгілеріне қарай ем жүргізу. Арнайы у қайтарғысы жоқ. 

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминийлік фольгадан жасалған блистрлі ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан салынған.  1 немесе 3 блистерлі қаптамалармен бірге қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.  

30, 60 немесе 100 таблеткадан бұралып жабылатын қақпағы бар полиэтиленді құтыға салынған. 1 құты қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.         

 

Сақтау  шарттары

Түпнұсқаулық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардан қорғау керек! 

 

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолданбау керек. 

 

Босатылу шарттары

Рецептісіз

 

Өндіруші 

Тева Чех Кәсіпорны с.р.о.,Чех Республикасы

Ostravska  29, 747 70 Opava-Komarov, Czech Republic

+420/553642725; +420/553644469

 

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы: 
«Тева Чеш  Индастриез с.р.о» компаниясының 
ҚР-дағы өкілдігі 
050000 Қазақстан Республикасы  
Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 13,
Нұрлы Тау бинес орталығы 1в,  305, 306 оф.
Телефон, факс (727) 311-10-66; 311-10-68  
E-mail   Galina.Major@teva.co.il

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.