Адаптол

Өнім мәліметтері
ӨндірушіОлайнфарм
Өндіруші еліЛатвия
Формакапсулы
Саны20
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Мебикар, негізгі300 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 3890 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Дәрілік препаратты медициналық

қолдану жөніндегі нұсқаулық (Қосымша парақ)

 

 

Саудалық атауы 

Адаптол®

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі, дозасы  

Капсулалар, 300 мг

 

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі. Психолептиктер. Анксиолитиктер. Басқа анксиолитиктер.

АТХ коды N05BX

 

Қолданылуы

Адаптол ересектерде қолдануға арналған.

- невроздар мен неврозға ұқсас жай-күйлер (үрей, эмоциялық тұрақсыздық, мазасыздық және қорқыныш)

-         шығу тегі әртүрлі кардиалгиялар (жүректің ишемиялық ауруымен байланысты емес)

-        нейролептиктер мен транквилизаторлардың көтерімділігін жақсарту үшін 

-        темекі шегуге деген құштарлықты төмендететін құрал ретінде кешенді ем құрамында

 

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

-   әсер етуші затқа немесе қосымша заттарға жоғары сезімталдық

-   жүктілік және лактация кезеңі

-   18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары 

Арнайы сақтық шаралары қажет емес.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Адаптолды нейролептиктермен, транквилизаторлармен (бензодиазепиндермен), ұйықтататын дәрілермен, антидепрессанттармен және психостимуляторлармен біріктіруге болады.   

Арнайы ескертулер

 Жоғары сезімталдықтың жедел реакциялары (аса жоғары сезімталдық) туралы жекелеген деректер алынды.    

Педиатрияда қолдану 

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде Адаптолды қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жоқ.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік кезінде және емізу кезінде қолдануға болмайды. 

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Адаптол көлік құралдарын басқару және механизмдермен қызмет көрсету қабілетіне әсер етуі мүмкін, өйткені бұл артериялық қысымының төмендеуіне және әлсіздікке әкелуі мүмкін.

 

Қолдану бойынша ұсынымдар

Дозалау режимі

Ересектерге күніне 2-3 рет 300-600 мг тағайындайды. Ең жоғары бір реттік доза – 3 г, тәуліктік доза-10 г. Емдеу курсының ұзақтығы бірнеше күннен 2-3 айға дейін.

Кешенді ем құрамында темекі шегуге деген құштарлықты төмендететін құрал ретінде 5-6 апта бойы күніне 3 рет 600 - 900 мг тағайындайды.

Егде жастағы пациенттерге дозаны таңдау қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер дозаны азайтуды қажет етпейді.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны таңдау зерттелмеген. Пациенттердің осы тобына препаратты сақтықпен қолдану қажет.

Енгізу әдісі мен жолы 

Дәрілік препаратты ас ішуге байланыссыз ішке қабылдайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар 

Препарат уыттылығы аз. 

Емі: артық дозаланғанда детоксикацияның жалпы қабылданған әдістері және симптоматикалық ем жүргізіледі. Арнайы антидоты белгісіз.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар 

Адаптолға дағдылану, құмарлану және тоқтату синдромы анықталмаған.

Кезекті доза қабылданбаған жағдайда, емдеу курсын бұрын тағайындалған дозаларда жалғастырады. Қажет болса, дәрігермен кеңесу керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрі-дәрмекті қолданар алдында дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

 

ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар 

Адаптол, басқа дәрілер сияқты, барлық пациенттерде білінбейтін жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін. 

Сирек

-          бас айналу

-          артериялық гипотензия

-          ас қорытудың бұзылуы 

-          үлкен дозаларды қабылдағаннан кейін аллергиялық реакциялар болуы мүмкін (терінің қышуы)

-          дене температурасының төмендеуі

-          әлсіздік

Аллергиялық реакция жағдайында препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Гипотензия және/немесе дене температурасының төмендеуі (дене температурасы 1-1,5 °С-ге дейін төмендеуі мүмкін) жағдайында препарат қабылдауды тоқтату талап етілмейді. Емдеу аяқталғаннан кейін қан қысымы мен дене температурасы қалыпқа келеді.

 

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

 

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - мебикар 300 мг,

қосымша заттар: метилцеллюлоза, кальций стеараты,

капсула корпусы мен қақпағының құрамы: титанның қостотығы (Е171), желатин. 

 

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Құрамында ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ болатын ақ/ақ түсті №0 қатты желатин капсулалар, шыны таяқшамен түрткенде сусып төгілетін бағанда нығыздалған түрде болады.  Бөлшектерінің өлшеміне қарай әркелкі болуына жол беріледі.      

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.    

2, 3 немесе 4 пішінді ұяшықты қаптамадан  медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.   

 

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

 

Сақтау шарттары

25 ºС -ден аспайтын температурада сақтау керек. 

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

 

Өндіруші туралы мәліметтер 

"Олайнфарм" АҚ

Рупницу к-сі 5, Олайне, LV-2114, Латвия.

Тел.: +371 67013705, факс: +371 67013777

E-mail: olainfarm@olainfarm.com

 

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

"Олайнфарм" АҚ

Рупницу к-сі 5, Олайне, LV-2114, Латвия.

Тел.: +371 67013705, факс: +371 67013777

E-mail: olainfarm@olainfarm.com

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)  

"Олайнфарм" АҚ өкілдігі

050009 Алматы қ., Абай даңғ. 151/115, 807 кеңсе 

телефон / факс +7 727 333 46 52;

E-mail: olainfarm.instr@mail.ru 

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.