- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Келтикан
Келтикан
Қолдану көрсеткіштері
Тапсырыс беру шарттары
«Келтикан» алдын ала тапсырыс беріңіз және арнайы баға алыңыз - 3672 ₸ (қалыпты баға: 4590 ₸). Алдын ала тапсырысты орындаудың болжалды күні* – 23.04.2025, егер тапсырысты 22.04.2025 14:15 дейін орналастырсаңыз және төлесеңіз.
Орындау мерзімі Рудный-дегі біздің дистрибьюторлық орталықта алу шарттарына сәйкес есептеледі. Сайттың жоғарғы жағындағы қаланы өзгертуге болады, содан кейін болжалды жеткізу күні өзгеруі мүмкін.
Тауарды алғаннан кейін оны пр-т Комсомольский, д. 34 бойынша алуға немесе ыңғайлы уақытта курьер арқылы тегін жеткізуді ұйымдастыруға болады.
Арнайы баға бойынша алдын ала тапсырыс беру тек алдын ала төлеу үшін қол жетімді. Тапсырыс үшін кез келген банктің Visa/MasterCard картасымен 20 минут ішінде төлеу керек.
Жеке және заңды тұлғаларға тапсырыс беруге болады.
Тапсырыс беруге болады: 35 бірлік өнім (әр 15 минут сайын жаңартылады).
Ең аз тапсырыс сомасы:
- жеке тұлғалар үшін – 12 000 ₸
- заңды тұлғалар үшін – 250 000 ₸
* Тауарды жеткізудің болжамды күні технологиялық себептер бойынша өзгертілуі мүмкін, бірақ 3 күнтізбелік күннен аспауы керек.
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Феррер Интерннациональ |
---|---|
Өндіруші елі | Испания |
Форма | капсулы |
Саны | 30 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецепт арқылы |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Цитидин, негізгі | 5 мг |
Бұл өнім екі нұсқада тапсырыс беруге болады: дәл қазір жеткізу немесе алдын ала тапсырыс бойынша. Тапсырыс берген кезде себет ішіндегі тапсырыс опциясын таңдауыңыз керек.
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 4590 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Тапсырыс беру күйі | Қол жетімді |
---|---|
Тапсырыс бағасы | 3377 ₸ 1213 ₸ |
Мерзімнің өту күні | 22.04.2025 |
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Саудалық атауы
Келтикан®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Капсулалар
Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар: 5 мг цитидин-5'-монофосфаттың динатрий тұзы, уридин-5¢- тринатрий трифосфаты, уридин-5¢- динатрий дифосфаты, уридин-5¢- динатрий монофосфаты - 3 мг (1,33 мг таза уридинге сәйкес келеді)
қосымша заттар: лимон қышқылы, натрий цитраты дигидраты, магний стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил 200), маннитол
желатинді капсула: темірдің қара тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171), индигокармин (Е132), желатин
Сипаттамасы
Сұр түсті мөлдір емес корпусы және көк түсті қақпағы бар қатты желатинді капсулалар (№2). Капсула ішіндегісі – гигроскопиялы ақ ұнтақ.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Өзге жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған препараттар.
ATХ коды N07ХХ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Келтикан® екі нуклеотидтің – цитидинмонофосфаттың және уридинмонофосфаттың біріктірілімі болып табылады. Бұл нуклеотидтер организмде болады, сондықтан типтік фармакокинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес.
Фармакодинамикасы
Келтикан® миелинді қабықтың негізгі компоненттері - сфингомиелин жәнеглицерофосфолипидтерді құрайтын фосфатидті қышқылдың және жүйке қабықшаларының қалыптасуы үшін кераминмен моносахаридтерді біріктіруге қажетті организмді фосфатты топтармен қамтамасыз етеді. Осылайша, аксондық жүйке талшықтары толық жетілуі және регенерациясы, төзімді трофикалық әсер қамтамасыз етіледі. Осының салдарынан аксонның зақымданған жерінің қабынуы азаяды және сезімталдығы қалпына келеді, ол аксондық тасымалданудың қалпына келуіне ықпал етеді.
Қолданылуы
- радикулиттерде (люмбаго, люмбалгия, люмбоишиалгия)
- диабеттік полиневропатияда
- алкогольдік полиневриттерде
- белдемелі теміреткіде, ганглионитте
- үштармақты жүйкенің қабынуында, бет, үштармақты, қабырға аралық жүйкелердің невралгияларында
- плекситтерде.
Қолдану тәсілі және дозалары
Келтикан® капсулалары ішу арқылы қолданылады.
Ересектерге: тәулігіне 1–2 капсуладан 2 рет.
Келтиканды® тамақ ішуге дейін немесе кейін қабылдауға болады.
Ұсынылатын емдеу курсының ұзақтығы — 10 күннен кем емес. Қажет болған кезде капсуланы қабылдау 20 күнге ұзартылуы мүмкін, егер дәрігер оны қажет деп санаса.
Жағымсыз әсерлері
Сипатталған жоқ.
Аллергиялық реакциялар пайда болуы мүмкін, қандай да бір жағымсыз құбылыстар пайда болған кезде қабылдауды тоқтату және міндетті түрде дәрігерге көріну керек.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған.
Айрықша нұсқаулар
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты қолдану қарсы көрсетілімде емес, дұрысы ұрық/бала үшін әлеуеттік қауіптің қолданылуынан пайда артықшылығына байланысты дәрілік заттың дозасын және қабылданылуын дәрігер тағайындаған жөн.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Келтикан® көлік құралдарын басқару қабілетіне және назар шоғырландыруды қажет ететін жұмыстарды орындауға ықпал етпейді.
Артық дозалануы
Препараттың уыттылығы төмен болуына байланысты артық дозалану мүмкіндігі аз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 15 капсуладан.
2 пішінді ұяшықты қаптама мемлекеттік және орыс тілдерінде қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы