- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Липосом Форте
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Невролгия, психиатрия
- Липосом Форте
Липосом Форте
Қолдану көрсеткіштері
Тапсырыс беру шарттары
«Липосом Форте» алдын ала тапсырыс беріңіз және арнайы баға алыңыз - 10760 ₸ (қалыпты баға: 13450 ₸). Алдын ала тапсырысты орындаудың болжалды күні* – 23.04.2025, егер тапсырысты 22.04.2025 14:15 дейін орналастырсаңыз және төлесеңіз.
Орындау мерзімі Рудный-дегі біздің дистрибьюторлық орталықта алу шарттарына сәйкес есептеледі. Сайттың жоғарғы жағындағы қаланы өзгертуге болады, содан кейін болжалды жеткізу күні өзгеруі мүмкін.
Тауарды алғаннан кейін оны пр-т Комсомольский, д. 34 бойынша алуға немесе ыңғайлы уақытта курьер арқылы тегін жеткізуді ұйымдастыруға болады.
Арнайы баға бойынша алдын ала тапсырыс беру тек алдын ала төлеу үшін қол жетімді. Тапсырыс үшін кез келген банктің Visa/MasterCard картасымен 20 минут ішінде төлеу керек.
Жеке және заңды тұлғаларға тапсырыс беруге болады.
Тапсырыс беруге болады: 37 бірлік өнім (әр 15 минут сайын жаңартылады).
Ең аз тапсырыс сомасы:
- жеке тұлғалар үшін – 12 000 ₸
- заңды тұлғалар үшін – 250 000 ₸
* Тауарды жеткізудің болжамды күні технологиялық себептер бойынша өзгертілуі мүмкін, бірақ 3 күнтізбелік күннен аспауы керек.
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Фидиа фарм |
---|---|
Өндіруші елі | Италия |
Форма | раствор |
Саны | 5 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецепт арқылы |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Гипоталамустың фосфолипидтері, негізгі | 28 мг |
Бұл өнім екі нұсқада тапсырыс беруге болады: дәл қазір жеткізу немесе алдын ала тапсырыс бойынша. Тапсырыс берген кезде себет ішіндегі тапсырыс опциясын таңдауыңыз керек.
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 13 450 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Тапсырыс беру күйі | Қол жетімді |
---|---|
Тапсырыс бағасы | 9828 ₸ 3622 ₸ |
Мерзімнің өту күні | 22.04.2025 |
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және
фармацевтикалық қызметті
бақылау комитеті Төрағасының
20_ жылғы “____” ___________
№ _____ бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Дәрілік заттың медицинада
қолданылуы жөніндегі
нұсқаулық
Липосом форте
Саудалық атауы
Липосом форте
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Инъекцияға арналған 28мг/2мл ерітінді
Құрамы
2 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - 28 мг гипоталамустың фосфолипидтері,
қосымша заттар: маннитол, натрий гидрофосфатының додекагидраты, натрий дигидрофосфатының дигидраты, п-гидроксибензой қышқылының эфирлері, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар ақтан крем түстеске дейінгі бозаңданатын ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйке жүйесінің ауруларын емдеуге арналған препараттар.
Психиканы көтермелегіштер және басқадай ноотроптар.
АТЖ коды N06ВХ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Парентеральды енгізілген метаболикалық процестер жалпы радибелсенділікті бағалау жоспарында және жасушалық деңгейде зерттелді. Деректер бойынша гипоталамус фосфолиптері қанда тұрақты болып, мидың жасушаларына жетеді.
Фармакодинамикасы
Гипоталамустың фосфолипидтерін парентеральді енгізу кейіннен циклді AMФ жинақтаумен дофамин, тирозин гидроксилаза мен аденилатциклаза айналымын ұлғайту жолымен гипоталамустық метаболизмді белсендендіреді. Бұл фармакологиялық әсер гипоталамус-гипофиз жүйесі қызметінде көрініс табады.
Нейрон жарғақшаларының физика-химиялық әсер ете отырып, гипоталамиялық фосфолипидтері емдеуге орталық нейрондар рецепторларының бейімділуін өзгертеді.
Қолданылуы
Нейроэндокринді бұзылулардың метаболикалық церебральді бұзылуларды емдеуде қосымша зат ретінде.
Қолдану тәсілі және дозалары
Липосом форте көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне күніне 1 рет 2 мл-ден енгізіледі. Емдеу курсын дәрігер жеке анықтайды.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз әсерлері анықталмаған.
Нұсқаулықта көрсетілмеген жағымсыз әсерлер пайда болғанда, дәрігерге қаралу керек.
- аллергиялық реакциялар (тері қышымасы, есекжем, бөртпе)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың компоненттеріне анықталған асқын сезімталдықта
- инъекция салынған жердің тері жабындыларының жұқпасы немесе зақымдануында.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препараттың басқа дәрілік заттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесі анықталмаған. Липосом фортені басқа фармацевтикалық өнімдермен, оның ішінде нейролептиктермен, гиперпролактинемияға қарсы препараттармен, үшциклді антидепрессанттармен (қимылдардың іркілуін азайтады да, тиімділігін арттырады) және кардиологиялық дәрілік препараттармен бірге бір мезгілде енгізуге болады.
Айрықша нұсқаулар
Препарат пайдаланғанда ешқандай да айрықша ескертулер мен сақтық шараларын қажет етпейді.
Препаратты зақымданған немесе ашылған қаптамасымен пайдалануға болмайды.
Педиатрияда қолданылуы
Педиатрияда қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ болғандықтан балаларға препаратты қолдану ұсынылмайды.
Жүктілік және лактация кезеңінде
Жүктілікте және лактация кезеңінде (бала емізу) препарат дәрігердің қатаң қадағалауымен қабылдануы керек.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Липосом форте автокөлікті басқаруға жоғары эейін қоюды және психомоторлы реакциялардың жылдамдығын қажет ететін қызмет түрлерімен шұғылдану қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Ұсынылған дозалармен емдегенде артық дозалану белгілері анықталмаған.
Кездейсоқ артық дозаланғанда, емдеуі– белгілеріне қарай ем жүргізіледі.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Бұлшықет ішіне немесе көктамыр ішіне енгізу үшін инъекцияға арналған ерітінді.
Қызғылт-сары шыныдан жасалған І түрдегі ампулаларда 2 мл-ден.
Поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 5 ампуладан.
1 пішінді ұяшықты қаптама мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Фидиа фармацеутиси Эс.Пи.Эй
35031, Абано Терме, Виа Понте делла
Фаббрика, З/Ф, Италия