Хлоргексидин

Өнім мәліметтері
ӨндірушіНурер
Өндіруші еліҚазақстан
Формараствор
Саны1
Қаптамасыбөтелке
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Хлоргексидин, негізгі0.05 %
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 119 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

 

Хлоргексидин биглюконат

 

 

Саудалық атауы

Хлоргексидин биглюконат

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Хлоргексидин 

 

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 0,05% ерітінді

 

Құрамы

1 литр препараттың құрамында

белсенді зат - хлоргексидин  биглюконаты  2,5 г  20 % концентрат

қосымша зат – тазартылған су                   

 

Сипаттамасы

Иіссіз, түссіз мөлдір немесе аздап бозаңданған сұйықтық

 

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және зарарсыздандырғыш препараттар. Бигуанидтер және  амидиндер.

АТЖ коды  D08ÀС02

 

Фармакологиялық қасиеттері 

Антисептикалық дәрі. Препарат грамтеріс және грамоң бактериялардың вегетатиті түріне, сондай-ақ ашытқы, дерматиттер мен липофильдіквирустарға қатысты белсенді, бактерияның қастауышына температура жоғарылаған кезде әсер етеді. Теріге зақым келтірмей тазартады және зарарсыздандырады. 

 

Қолданылуы 

Венерологиялық аурулардың (сифилис, соз, трихомоноз, хламидиоз, ұшық) алдын алу үшін. Сондай-ақ антисептикалық дәрі ретінде гинекологияда және акушерлікте қолданылады.                                                                           

 

Қолдану тәсілі және дозалары 

Хлоргексидин биглюконатын алдын алу дәрісі ретінде несеп шығарғаннан кейін және гениталийді сабынсыз жылы сумен өңдеуден кейін қолдану керек. Құты ішіндегісін инесіз еккіштің көмегімен еркектерге (2-3 мл), әйелдерге (1-2) несеп шығару өзегіне және қынапқа 2-3 минутқа енгізу керек. Сондай-ақ балтыр, қасаға, жыныс мүшелерінің ішкі беткейлерінің терісін өңдеу керек. Емшарадан кейін 2 сағаттай нәжіс шығармау керек. Алдын алу дәрісін жыныстық қатынастан кейін 2 сағаттан кешіктірмей қолдану керек.    

  

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар - терінің құрғауы, қышыма, дерматит, қол терісінің жұмсаруы,  фотосенсибилизация.

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- хлоргексидинге жоғары сезімталдықта

- дерматиттер

Сақтықпен балаларға, жүктілікте, лактация кезеңінде.

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бейтарап ортада қолданылады:  рН 5-8 кезінде белсенділігіндегі айырмашылық айтарлықтай емес, рН 8-ден артық кезде шөгінді отырады. Йод препараттарымен бір мезгілде қолданған кезде дерматиттер дамуы мүмкін. Фармацевтикалық тұрғыдан сабынмен, сілтілермен сыйымсыз. Этанол препараттың тиімділігін күшейтеді.              

 

Айрықша нұсқаулар

Коньюктиваны өңдеу үшін және дене қуыстарын шаю, тереңдеген жараларды, күюлерді өңдеу үшін хлоргексидин ерітінділерін пайдаланбау керек. Байқаусызда көз шырышы қабатына түскен жағдайда жылдам және сумен мұқият шаю керек. Бактерицидтік әсері температураның жоғарылауымен күшейеді. 100°С-ден жоғары температурада препарат ішінара ыдырайды.  

 

Артық дозаланғанда

Анықталмаған

 

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиэтиленді қақпақпен бұралып жабылған полиэтиленді тамшылатқыш-құтыда 100 мл-ден. 70 құтыдан және 70 данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге топтық ыдысқа салынған.   

 

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде,  25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!                                                                                               

 

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

 

Босатылу  шарттары

Рецептісіз

 

Өндіруші

«Нурер» ЖШС, Қазақстан  Республикасы,

Алматы қ-сы, Маметов к-сі, 3-үй

тел: 8(727)2712712 факс, 271-11-86, 

эл. пошта nurer_7@mail.ru.

                                                           

Тіркеу куәлігінің иесі

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.