Хлоргексидин

Өнім мәліметтері
ӨндірушіШаншаров-фарм
Өндіруші еліҚазақстан
Формараствор
Саны1
Қаптамасыбөтелке
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 129 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТЫ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ

НҰСҚАУЛЫҚ (Қосымша-парақ)

 

Саудалық атауы

Хлоргексидин биглюконаты 

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Хлоргексидин

 

Дәрілік түрі, дозалануы

Сыртқа қолдануға арналған ерітінді, 0,05% 

 

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Бигуанидтер және амидтер. Хлоргексидин.

АТХ коды D08AC02 

 

Қолданылуы 

– жыныстық қатынас ауруларының (мерез, соз, трихомониаз, хламидиоз, гениталий герпесі) жанасудан кейінгі профилактикасында

– гинекологияда және акушерліктегі антисептикалық дәрілер.    

 

Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі:

Қарсы көрсетілімдер 

– хлоргексидинге жоғары сезімталдық

– дерматиттер

Қолдану кезіндегі қажет болатын сақтық шаралары 

Конъюнктиваны өңдеу үшін және дене қуыстарын шаю, терең жараларды, күйіктерді шаю үшін хлоргексидин ерітіндісін пайдаланбаған дұрыс. Көздің шырышты қабығына түскен жағдайда, оны тез арада сумен мұқият жуу керек. Ерітіндінің температурасы жоғарылауымен бірге бактерицидтік әсері күшейеді. Препарат 100°С-ден жоғары температурада ішінара бұзылады.

Дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу түрлері

Бейтарап ортада қолданылады: рН 5-8 кезінде белсенділігіндегі айырмашылығы көп емес, рН 8-ден асқанда шөгінді түзіледі. Йод препараттарымен бір мезгілде қолданған кезде дерматиттер дамуы мүмкін. Сабынмен, сілтілермен фармацевтикалық үйлесімсіз. Этанол препараттың тиімділігін күшейтеді. 

Хлорамфениколға, канамицинге, неомицинге, цефалоспориндерге бактериялардың сезімталдығын жоғарылатады. Құрамында катион тобы (бензалконий хлориді, цетримоний бромиді) бар препараттармен үйлесімді. 

Тағаммен және сусындармен өзара әрекеттесу түрлері

Анықталмаған

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

Қолдану тәжірибесі болмауына байланысты балаларға қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде қолдану

Аллергиялық реакциялардың даму қаупіне байланысты бала емізетін аналар мен жүкті әйелдерге сақтықпен қолдану керек. 

Дәрілік заттың көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препарат көлік немесе басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

 

Қолдану жөніндегі нұсқаулар:

Дозалау режимі

Деректер жоқ

Енгізу әдісі және жолы 

Жанасудан кейінгі профилактика үшін хлоргексидин биглюконатын несепті шығарып   және гениталийді сабынсыз жылы сумен жуғаннан соң жыныстық қатынастан кейін 2 сағаттан кеш қалдырмай қолдану керек. Құты ішіндегінің 2-3 мл инесі жоқ шприцтің көмегімен ерлердің несеп шығару өзегіне, әйелдерге 1-2 мл және 2-3 минутқа қынапқа 5-10 мл енгізу керек. Сондай-ақ сан, қасаға, жыныс мүшелері ішкі беткейлерінің терісін өңдеу қажет. Ем-шарадан кейін 2 сағат ішінде несеп шығарудың болмағаны жөн.

Әйелдерде қынапты шаю үшін медициналық қызметкер қатысуымен 2-3 минут құтының түбін басу жолымен 5-10 мл ерітіндіні бүрку керек.

Емдеу ұзақтығы

  •  

Шамадан тыс дозалану жағдайында қабылдауға қажетті шаралар

  •  

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін хабарласу бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолдану алдында дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.

  

Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар  

– терінің құрғауы, қышыну

– дерматит

– қол терісінің жабысқақтығы

– аллергиялық реакциялар

– фотосенсибилизация

 

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

 

Қосымша мәліметтер:

Дәрілік препарат құрамы 

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат – Хлоргексидин биглюконаты 20 % ерітіндісі 0,25 млнемесе 0,05 г

қосымша зат – Тазартылған су

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Түссіз, мөлдір немесе сәл бозаңданатын сұйықтық, иісі жоқ. 

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 және 50 мл-ден бұрандалы полиэтилен қақпағы бар полиэтилен тамшылатқыш-құтыларда. 

100 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың тиісінше мөлшерімен гофрланған қораптарға салынады. 

 

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

 

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз 

 

Өндіруші туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы, «Шаншаров-Фарм» ЖШС 

Алматы қ.,  Булкушева к-сі, 4 Е 

тел./факс +7727233-27-58 

э-пошта: farm-4@mail.ru

 

Тіркеу куәлігінің ұстаушы

Қазақстан Республикасы, «Шаншаров-Фарм» ЖШС 

Алматы қ.,  Булкушева к-сі, 4 Е 

тел./факс +7727233-27-58 

э-пошта: farm-4@mail.ru

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттардың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның  атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс,  электронды  пошта)

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ.,  Булкушева к-сі, 4 Е 

тел./факс +7727233-27-58 

э-пошта: farm-4@mail.ru

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.