- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Балаларға арналған инсти
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Вирусқа қарсы препараттар
- Балаларға арналған инсти
Балаларға арналған инсти
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Хербион |
---|---|
Өндіруші елі | Пакистан |
Форма | порошок |
Саны | 5 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Талдың ақ қабығы, негізгі | 275 мг |
Дәрілік шөптер, көмекші | 215 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 1540 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | 1 н. |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау
комитеті Төрағасының
2009 жылғы “__” _____________
№ _____ бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Дәрілік заттың медицинада
қолданылуы жөніндегі
нұсқаулық
ҚАНТСЫЗ ИНСТИ
Саудалық атауы
ҚАНТСЫЗ ИНСТИ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Өсімдік тектектес түйіршіктер (саше) 5,6 г.
Құрамы
Бір саше-пакет қатты сығындының құрамында:
Ақ тал қабығы 275 мг;
Тамырлы Адхатода жапырақтары 115 мг;
Жұпар шегіргүл шөбі 40 мг;
Жалаң мия тамыры 205 мг;
Қытай жапырақ шайы 50 мг;
Кәдімгі Аскөк жемістері 30 мг;
Шар тәрізді эвкалипт жапырақтары 15 мг;
Дәрілік шүйгін шөп тарам сабағы 40 мг;
Қосымша заттар:
Аспартам, кристаллды ментол, жүгері крахмалы, лактоза.
Описание
Жаншығанда шығатын ментол иісі бар қоңыр түсті түйіршіктер
Фармакотерапиялық тобы
Суық тию аурулары кезінде қабылдау үшін басқадай біріктірілген препараттар
АТЖ коды R05Х
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі АІЖ жүзеге асады. Препаратты алғаш қабылдағаннан кейін 30 – 40 минуттан соң әсер ете бастайды, ол табиғи салицилаттардың бауырда биологиялық өзгеріске ұшырауымен байланысты.
ИНСТИ препараты жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының қабыну үдерісімен қатар жүретін уыттану симптомдарын әлсіретеді (гипертермия, тершеңдік, әлсіздік), антисептикалық әсер етеді, жөтелдің өнімділігін арттырады. Регрессия 3 – 4 күнге дейін қысқарады.
Фармакодинамикасы
Қантсыз ИНСТИ – суыққа қарсы кешенді фитопрепарат, қақырық түсіретін, муколитикалық, бронхолитикалық, қабынуға қарсы, ыстықты түсіретін және түйілуді басатын әсерге ие.
Ақ талдың құрамында салицин, тремулацин гликозидтері бар. Ыстықты түсіретін, қабынуға қарсы, ауырғанды басатын әсері бар.
Тамырлы Адхатода құрамында бронхты кеңейтетін, қақырықты түсіретін әсерібар вазицин, вазицинон алколоидтары бар, бронх эпителийлері кірпікшелерінің жылжығыштығын арттырады және қақырық түсуін жылдамдатады, гистаминнің әсерінен туындаған бронх түйілуінен қорғай отырып демікпеге қарсы әсер етеді.
Жұпар шегіргүл виолин, фриделин, эфир майынан тұрады. Антигистаминді, қақырық түсіретін, ыстықты түсіретін, терлететін әсері бар.
Жалаң мия глицирризин, флавоноид, аспарагин гликозидтерін құрайды. Айқын қақырық түсіретін, иммунитет көтермелейтін және қабынуға қарсы қасиеттері бар. Қабынудың экссудативті және пролиферативті фазаларына бәсеңдетуші әсер етеді.
Қытай шайы танин, кофеин, теофиллинді құрайды. Тұтқыр, сергітетін, несеп айдайтын қасиеті бар.
Кәдімгі Фенхель құрамында эфир майлары, дипентин бар. Бронхтардың сөліністі қызметін күшейтеді және муколитикалық әсер етеді, сондай-ақ антисептикалық және қабынуға қарсы әсері бар.
Шар тәрізді эвкалипт құрамында эфир майлары (цинеол, пинен, миртенол, пинокарвон, эйдесмол), иілік заттар бар. Айқын антисептикалық әсері әсіресе стрептококтарға, стафилококтарға қатысты, қабынуға қарсы әсері бар. Регенерация үдерісін көтермелейді, тіндердің гипоксияға төзімділігін арттырады.
Дәрілік шүйгін шөп құрамында эфир майын (изовалерианды қышқылы, валереналь, борнеол, а-пинен), алкалоидтар (шүйгін шөп, хатинин), сапонинді, кетонді құрайды. Организмге көп жақты әсер етеді: орталық жүйке жүйесінің қозғыштығын төмендетеді, бас ауыруының, жөтелдің айқындылығын азайтады.
Инсти емделушілердің жағдайын едәуір жақсартады, жоғары дене қызуын және жөтелдің қарқындылығын төмендетеді. Қабылдағаннан кейін 24 сағат ішінде ринит, фарингит, трахеит симптомдарының жылдам кетуіне ықпал етеді. Дағдылану мен ұйқышылдықты тудырмайды. Тез арада ыстық сумен араластыру керек.
Қолданылуы
- тұмауда;
- ЖРВЖ;
- жоғарғы тыныс алу жолдарының ауруларында
Бұлшықет ауыруы және бас ауыруы, ринит, қызба, жөтел белгілерін емдеу кезінде қолданылады.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер – күніне 2-3 рет 1 саше-пакеттен.
3 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға – күніне 2 рет 1 саше-пакеттен.
Саше- пакетті ыстық стақан суға ерітіп және асықпай ішу керек.
Емдеу курсы 7-8 күн.
Жағымсыз әсерлері
Қан ұюының көрсеткіштері төмендегенде препарат компененттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Препарат компоненттеріне жоғары жеке сезімталдықта.
Жүктілік және лактацияда.
Айрықша нұсқаулар
Дәрілік заттардың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Дәрілермен өзара әркеттесуі
Жөтелге қарсы препараттармен сондай-ақ қақырықты азайтатын дәрілік заттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды.
Ацетилсалицил қышқылы мен қан ұюына қарсы дәрілермен бірге бір мезгілде қабылдағанда әсерін күшейтеді.
Артық дозалануы
Қантсыз Инсти препаратының кездейсоқ артық дозалануы зерттелмеген.
Шығарылу түрі мен қаптама
5,6 г түйіршіктер саше-пакетте, 5 саше картон қаптамада.
Сақтау шарттары
Балалар қол жеткізе алмайтын жерде, 25º С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Дәрігердің рецептісінсіз босатылады.
Өндіруші
Хербион Пәкістан Пвт Лтд
30/28 Промышленная зона Коранги,
Карачи, Пәкістан