Натрия хлорид

Натрия хлорид

Өнім мәліметтері
ӨндірушіНовосибхимфарм
Өндіруші еліРесей
Формаампула
Саны10
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецепт арқылы
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Натрия хлорид, негізгі0.9 %
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 0 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

 

Дәрілік заттың медицинада

қолданылуы жөніндегі

нұсқаулық 

 

Натрий хлориді

Саудалық атауы

Натрий хлориді

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ 

 

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 0.9 % 10 мл ерітінді 

 

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – 9 мг натрий хлориді,

қосымша зат – инъекцияға арналған су.

 

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір сұйықтық

 

Фармакотерапиялық тобы    

Емдік емес басқа дәрілер. Еріткіштер.  

АТХ коды V07AB  

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Плазмадағы натрий иондарының концентрациясы – 142 ммоль/л, интерстициальді сұйықтықта – 145 ммоль/л, интерстициальді сұйықтықтағы хлорид концентрациясы – 101 ммоль/л.

Препарат организмнен бүйрек арқылы шығарылады.  

Фармакодинамикасы

Натрий және хлор иондары қан плазмасының және жасушадан тыс сұйықтықтың осмостық қысымын демейтін жасушадан тыс сұйықтықтың  органикалық емес маңызды компоненті болып табылады.  

Натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі адамның қан плазмасына изотониялы болады. 

Инъекциялық ерітінділерді дайындау үшін қажет.  

 

Қолданылуы

-  инъекциялық енгізуге арналған ұнтақтардан, лиофилизаттардан және концентраттардан стерильді инъекциялық ерітінді дайындау үшін сұйылтқыш ерітінді ретінде

-стерильді ерітінділерді дайындау үшін (соның ішінде тері астына, бұлшықет ішіне және көктамыр ішіне енгізу үшін) 

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Дәрілік заттарды еріткеннен немесе сұйылтқаннан кейін тері астына, бұлшықет ішіне, көктамыр ішіне.

Енгізу жолы және тәсілі ерітілетін немесе сұйылтылатын дәрілік препаратпен анықталады.  

Дәрілік препараттар ерітіндісін натрий хлоридінің стерильді ерітіндісін пайдалана отырып дайындау  (ампуланы ашу, еккішті және ыдысты дәрілік препаратпен толтыру) асептикалық жағдайларда жүзеге асырылады. Дәрілік препаратты дайындау мақсатындағы натрий хлоридінің мөлшері медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулығы бойынша немесе емдеуші дәрігердің жәрдемімен  белгіленеді.

 

Жағымсыз әсерлері

- ацидоз

- гипергидратация

- гипокалиемия.

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- дәрілік препараттарды еріту және сұйылту үшін қолданылмайды (егер еріткіш ретінде басқа препарат көрсетілсе).  

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат коллоидты гемодинамикалық қанның орнын басатындармен үйлеседі. Басқа препараттармен араластырған кезде үйлесетіндігін көзбен бақылау қажет  (сонда да, көзге көрінбейтін және емдік үйлесімсіздік болуы мүмкін).  

 

Айрықша нұсқаулар

Қышқыл-негіздік жағдайды және электролиттерді бақылау қажет.

Препаратты инъекцияға арналған майлы ерітінділермен араластыруға болмайды. 

Келесі жағдайларда сақтықпен қолдану керек: гипернатриемияда, гиперхлоремияда, гипокалиемияда, хлоридті ацидозда, ми және өкпе ісінулерінің пайда болу қаупінде, бүйректің бөліп шығару қызметі бұзылғанда, жүрек қызметінің декомпенсацияланған жеткіліксіздігінде, артериялық гипертензияда, жүкті әйелдердің токсикозында (изотониялық ерітіндіні үлкен көлемде енгізгенде), глюкокортикостероидтардың үлкен дозаларын бірге тағайындағанда.

Жүктілік және лактация

Натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі жүктілікте және емшек емізу кезеңінде көрсетілімдері бойынша пайдаланылуы мүмкін.   

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері 

Препараттың көлік құралдарын басқару және зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерімен айналысу қабілетіне ықпалын бағалауға зерттеулер жүргізілген жоқ.   

Еритін немесе сұйылтылған дәрілік препараттың ықпалы жөніндегі ақпаратты ескеру қажет.  

 

Артық дозалануы

Деректер жоқ

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ампулаларда 10 мл-ден.    

10 ампула картон қорапқа салынған. Әрбір қорапқа медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулық және ампуланы ашуға арналған пышақ немесе ампулалық скарификатор салынған.

Сындыратын сақинасы немесе нүктесі бар ампуланы қаптағанда ампуланы ашуға арналған пышақ немесе ампулалық скарификатор салынбайды.  

 

Сақтау шарттары

150С-ден 250С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды  

 

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

 

Өндіруші

«Новосибхимфарм» ААҚ

630028, Ресей, Новосібір қ-сы, Декабристер к-сі, 275

тел. (383)363-32-44, 

факс (383) 363-32-55

 

Тіркеу куәлігінің иесі

«Новосибхимфарм» ААҚ, Ресей

 

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы 

ҚР-дағы «Валента Фарм» ЖШҚ өкілдігі, Алматы қ-сы, Абай д-лы,  Радостовец к.қиылысы, 151/115, «Алатау» бизнес орталығы, №702 кеңсе

Тел./факс 8727 334-15-52, Е-mail: asia@valentapharm.com

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.