Мырыш пастасы 30г

Мырыш пастасы 30г

Өнім мәліметтері
ӨндірушіШаншаров-фарм
Өндіруші еліҚазақстан
Формамазь
Саны1
Қаптамасыбанка
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Мырыш, негізгі25 гр
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 440 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТЫ ҚОЛДАНУ

ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ (Қосымша-парақ)

 

Саудалық атауы

Мырыш пастасы 

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі, дозалануы

Паста 

 

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Дермапротекторлар. Жұмсартатын және қорғайтын әсері бар препараттар. Мырыш  препараттары.

АТХ коды D02АB

 

Қолданылуы 

– жөргек бөртпесінде

– баздануда

– тербөртпесінде

– дерматитте

– терінің   ойық жаралы зақымдануында

– беткейлік жарақатта

– экземаның өршіген фазасында

– қарапайым герпесте

– стрептодермияда

– трофикалық ойық жарада

 

Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі:

Қарсы көрсетілімдер 

– әсер етуші затқа немесе қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық

– жедел іріңді үдерістер 

Қолдану кезіндегі қажет болатын сақтық шаралары 

Анықталмаған

Дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу түрлері

Анықталмаған  

Тағаммен және сусындармен өзара әрекеттесу түрлері

Анықталмаған

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

Дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады 

Жүктілік немесе лактация кезінде қолдану

Жүкті және лактация кезеңіндегі әйелдерге дәрігер емді тек ана үшін күтілетін пайдасы ұрық пен балаға төнетін қауіптен асып түсетін жағдайда ғана тағайындайды. 

Дәрілік заттың көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препарат көлік немесе басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

 

Қолдану жөніндегі нұсқаулар:

Дозалау режимі

Деректер жоқ  

Енгізу әдісі және жолы 

Сыртқа, терінің зақымданған бөліктеріне күніне  2-3 рет жағады. Іріңді-қабыну   ауруларында теріні  алдын  ала   антисептик  ерітіндісімен  өңдейді. 

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсының ұзақтығын ауру симптомдарының сипаты мен айқындығына байланысты дәрігер анықтайды.

Шамадан тыс дозалану жағдайында қабылдауға қажетті шаралар

  •  

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін хабарласу бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолдану алдында дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.

  

Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар  

– тері қышынуы 

– гиперемия

– тері бөртпесі

 

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

 

Қосымша мәліметтер:

Дәрілік препарат құрамы 

100 г препараттың құрамында

белсенді зат – Мырыш тотығы – 25 г

қосымша  заттар –  Картоп крахмалы, медициналық вазелин

 

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Сары реңдi ақ түстi паста

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г-ден қақпақпен жинақта дәрілік заттарды қаптауға арналған полимер банкіде. Банкіге өздігінен желімделетін заттаңба жапсырылады.          

40 банкіден медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықтың сәйкес мөлшерімен бірге топтық қаптамаға салынады. 

 

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

 

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде,15°С-ден 30°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз 

 

Өндіруші туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы, «Шаншаров-Фарм» ЖШС 

Алматы қ.,  Булкушева к-сі, 4 Е 

тел./факс +7727233-27-58 

э-пошта: farm-4@mail.ru

 

Тіркеу куәлігінің ұстаушы

Қазақстан Республикасы, «Шаншаров-Фарм» ЖШС 

Алматы қ.,  Булкушева к-сі, 4 Е 

тел./факс +7727233-27-58 

э-пошта: farm-4@mail.ru

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттардың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның  атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс,  электронды  пошта)

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ.,  Булкушева к-сі, 4 Е 

тел./факс +7727233-27-58

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.