Аммиак ерітіндісі

Аммиак ерітіндісі

Өнім мәліметтері
ӨндірушіСултан
Өндіруші еліҚазақстан
Формараствор
Саны1
Қаптамасыбөтелке
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Концентрлі аммиак ерітіндісі, негізгі10 %
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 139 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада 4 н.
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Дәрілік затты медициналық қолдану

жөніндегі нұсқаулық

 

Аммиак ерітіндіcі  10%

 

Препараттың саудалық атауы

Аммиак ерітіндісі  10%

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі

10% ерітінді 

 

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат- 40 мл концентрацияланған  аммиак ерітіндісі 

қосымша зат – тазартылған су 100 мл дейін

 

Сипаттамасы

Реакциясы жоғары сілтілі, өткір иісі бар, түссіз мөлдір  ұшқыш сұйықтық.

 

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс алу орталығының стимуляторлары.

АТХ коды  R07AВ

 

Фармакологиялық қасиеттері

Препарат әсері жоғарғы тыныс алу жолдарының рецепторлары (үш тармақты жүйке ұшы) арқылы әрекет ете отырып, тыныс алу орталығын рефлекторлы қоздыруға негізделген. Терінің рецепторларын тітіркендіреді, қантамырларын кеңейтеді, тіндердің қоректенуін және регенерациясын жақсартады.  Демді ішке тарту кезінде  тыныс алу жолдарының шырышты қабықтарының тітіркенуін туындатады және тыныс алу мен тамыр қозғалтқыш орталықтарын рефлекторлы қоздырады. Теріге дезинфекциялайтын әсер береді.

 

Қолданылуы

- тыныс алуды қоздыру және науқасты естен тану жағдайынан шығару үшін 

- жәндіктер шаққанда

- хирургиялық тәжірибеде С.И. Спасокукоцкий және И.Г. Кочергин әдісі бойынша қолды жуу үшін қолданылады.

 

Қолдану тәсілі

Тыныс алуды қоздыру үшін: мақта немесе дәке тампонды препаратқа малып, мұрын қуысына 0,5 -1 секундқа абайлап жақындатады. Хирургиялық практикада қолды жууға арналған ерітінді дайындау үшін  25 мл препаратты 5 литр қайнаған жылы суда сұйылтады. Жәндіктер шаққан кезде – дымқыл дәке басу түрінде.

 

Жағымсыз әсерлері

- қышыну, гиперемия, ісіну

- аммиак буының үлкен концентрациясымен тыныс алған кезде  тыныстың тарылуы және тыныс алудың рефлекторлы тоқтауы мүмкін.

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- тері тұтастығының бұзылуы

- жергілікті қолданған кезде тері аурулары: дерматиттер, дерматоздар, экзема

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

 

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңінде, балаларға сақтықпен қолдану керек.

 

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз реакциялардың күшеюі

Емі: тыныс алу тоқтап қалған кезде  тыныс алу аналептиктерін (кофеин, кордиамин) енгізу, жасанды тыныс алдыруды жүргізу керек. Симптоматикалық емдеу.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл, 20 мл, 40 мл мойны бұрандалы, бұралып жабылатын пластмасса қақпағы бар және полиэтиленді тығынмен тығындалған қызыл-сары шыныдан жасалған құтыларда немесе бұралып жабылатын қақпағы бар полиэтиленнен жасалған тығынмен тығындалған пластмассадан жасалған құтыларда.

Құтылар картоннан жасалған қорапқа мемлекеттік және орыс тіліндегі  қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге қапталған.  

 

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 18оС-ден  25оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

 

Босатылу шарттары

Рецептісіз

 

Өндіруші

«Сұлтан» ЖШС,  Қазақстан

Алматы обл., Талғар ауданы,

Еркін ауылы, Б.Момышұлы к-сі, 5.

 

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Сұлтан» ЖШС, Қазақстан

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Сұлтан» ЖШС, Қазақстан Республикасы,  Алматы облысы,

Талғар ауданы, Еркін ауылы, Б.Момышұлы к-сі, 5

Тел./факс 7 727 305-48-65/-80, 304-98-32

Электрондық пошта:  toosultan@list.ru

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.