Вагил-ШФ

Вагил-ШФ

Қолдану көрсеткіштері
Өнім мәліметтері
ӨндірушіШаншаров-фарм
Өндіруші еліҚазақстан
Формамазь
Саны1
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Инъекцияға арналған су, негізгі0.8 гр
Левоментол, негізгі0.13 гр
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 2090 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

жөніндегі нұсқаулық

 

Вагил-ШФ

 

Саудалық атауы

Вагил-ШФ  

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі

10 г ұнтақ

 

Құрамы

10 г препараттың құрамында

белсенді заттар: натрий хлориді  0,8 г

                              натрий гидрокарбонаты  7,7 г

                              натрий тетрабораты 1,375 г  

                              L-ментол 0,125 г  

қосымша зат - натрий бензоаты 0,2 г

 

Сипаттамасы

Суда еритін бөгде қосылыстарсыз, ментолға тән иісі бар ақ ұнтақ

 

Фармакотерапиялық тобы

Урогенитальді ағзаларды емдеуге арналған препараттар және жыныс гормондары. Антисептиктер және гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған микробқа қарсы препараттар. Антисептиктер және гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған микробқа қарсы препараттар (кортикостероидтармен біріктірілімдерін қоспағанда)

АТХ коды G01А

 

Фармакологиялық қасиеттері

Вагил-ШФ ұнтағы сыртқы несеп-жыныс мүшелерін және қынапты өңдеуге арналған сулы сілтілі ерітіндіні дайындау үшін пайдаланылады. Препарат бактерияға қарсы, қышынуға қарсы, жұмсартқыш және тұтқыр қасиеттерге ие.

Қолданылуы

- етеккір кезінде, босанғаннан кейінгі кезеңде жергілікті контрацептивтік дәрілерді және қынаптық препараттарды пайдаланғаннан кейін гигиеналық зат ретінде;  сыртқы несеп-жыныс мүшелеріндегі ашыту, тітіркену, қышынуды симптоматикалық емдеу үшін

- медициналық аборт алдында, операциялық араласулар алдында қынапты санациялау үшін

- үй жағдайында және стационарда гигиеналық өңдеу үшін (төсектегі науқастарды және операциядан кейінгі кезеңдегі науқастарды ішектің және қуықтың әрбір босауынан кейін) 

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Құтының 10 г ішіндегісін 1 литр жылы суда еріту керек және мұқият араластырылады. Алынған ерітінді сыртқы несеп-жыныс мүшелерін және қынапты күніне 1-2 рет шайып жууға пайдаланылады.

Препарат өздігінен де, басқа да (зеңге қарсы, трихомонацидті, антибиотиктермен, қабынуға қарсы және т.б.) препараттармен біріктіріліп те пайдаланылады

 

Жағымсыз әсерлері

- препаратты қолданғаннан кейін тікелей жеңіл, жылдам өтетін күйдіру болуы мүмкін

өте сирек:

-         препарат ингредиенттеріне жоғары сезімталдық болуымен негізделген тітіркену

   

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық 

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

 

Артық дозалануы

Анықталған жоқ 

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 г-ден полиэтилен банкі медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен топтық қаптамаға салынады. 

 

Сақтау шарттары

30ºС-ден аспайтын температурада, құрғақ жерде сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

 

 

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

 

Босатылу шарттары

Рецептісіз

 

Өндіруші

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Б. Бұлқышев к-сі, 4е 

 

Тіркеу куәлігінің иесі

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы 

ҚР аумағында өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның  мекенжайы

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 

Алматы қ., Б. Бұлқышев к-сі, 4е 

Тел./факс: +7 727 233-27-58

Электронды пошта: farm-4@mail.ru

 

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері 

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 

Алматы қ., Б. Бұлқышев к-сі, 4е 

Тел./факс: +7 727 233-27-58

Электронды пошта: farm-4@mail.ru

 

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.