- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Метилурацил
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Әртүрлі
- Метилурацил
Метилурацил
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Биосинтез |
---|---|
Өндіруші елі | Ресей |
Форма | суппозиторий |
Саны | 10 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Метилурацил, негізгі | 500 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 0 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және
фармацевтикалық қызметті
бақылау комитеті Төрағасының
20 ж. “____” ___________
№ _____ бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы
жөніндегі нұсқаулық
МЕТИЛУРАЦИЛ
Саудалық атауы
Метилурацил
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ректальді суппозиторийлер 0.5 г
Құрамы
1 суппозиторийдің құрамында
белсенді зат -
метилурацил – 0.50 г,
қосымша заттар -
қатты май
Сипаттамасы
Ақ немесе сарғыш немесе крем реңді ақ түсті суппозиторийлер.
Фармакотерапиялық тобы
Басқа да иммуностимуляторлар
АТХ коды L03AX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ректальді енгізгеннен кейін препарат тік ішектен жақсы сіңеді.
Фармакодинамикасы
Анаболизмдік және антикатаболизмдік белсенділікке ие. Гемопоэздік, лейкопоэздік, иммунитет көтермелеуші, қабынуға қарсы әсер береді. Нуклеин алмасуын қалпына келтіріп, жарақаттарда жасушалық регенерация үдерістерін жеделдетеді, тіндердің өсуі мен грануляциялық жетілуін және эпителизациясын жеделдетеді (оның ішінде асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығының жылдам пролиферацияланатын жасушаларында).
Қолданылуы
- ректитте
- сигмоидитте
- ойық жаралы колитте
Қолдану тәсілі және дозалары
Ректальді. Ересектер - 1-2 суппозиторийден тәулігіне 3-4 рет, 8-18 жастағы балалар - тәулігіне 1 суппозиторийден.
Емдеу курсы аурудың сипатына байланысты 7 күннен 4 айға дейін.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар
- тік ішек тұсында қысқа мерзімдік ашытуды сезіну
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа жоғары сезімталдық
- жедел және созылмалы лейкоздың лейкемиялық формалары (әсіресе
миелоидты)
- лимфогрануломатоз
- сүйек кемігінің қатерлі аурулары
- 8 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Мәліметтер жоқ.
Айрықша нұсқаулар
Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану
Препаратты жүктілік және лактация кезінде қолдану туралы ақпарат жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлікті басқаруға және жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысуға әсер етпейді.
Артық дозалануы
Мәліметтер жоқ.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
Ректальді суппозиторийлер 0.5 г.
5 суппозиторийден поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 20ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
”Биосинтез” ААҚ, Ресей Федерациясы
440033, Пенза қ., Дружба к-сі, 4, тел/факс (8412) 57-72-49,
e-mail: certificate@biosintez.com
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
”Биосинтез” ААҚ, Ресей Федерациясы.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Биосинтез» ААҚ, Ресей Федерациясы
440033, Пенза қ., Дружба к-сі, 4, тел/факс (8412) 57-72-49,
e-mail: certificate@biosintez.com