Престилол

Өнім мәліметтері
ӨндірушіЛес лаб Сервье Les Laboratoires Servier Industrie
Өндіруші еліФранция
Форматаблетки
Саны30
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецепт арқылы
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Бисопролола фумарат, негізгі5 мг
Периндоприл, негізгі10 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 0 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Дәрілік затты медициналық қолдану

жөніндегі нұсқаулық

Престилол

Саудалық атауы

Престилол

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ 

 

Дәрілік түрі

Престилол 5 мг/5 мг, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 

Престилол 5 мг/10 мг, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Престилол 10 мг/5 мг, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 

Престилол 10 мг/10 мг, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

 

Құрамы 

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында 5 мг бисопролол фумараты (4,24 мг бисопрололғасәйкес келеді) және 5 мг периндоприл аргинині бар (3,395 мг периндоприлге сәйкес келеді).

Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында 5 мг бисопролол фумараты (4,24 мг бисопрололға сәйкес келеді) және 10 мг периндоприл аргинині бар (6,790 мг периндоприлге сәйкес келеді).

Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында 10 мг бисопролол фумараты (8,49 мг бисопрололға сәйкес келеді) және 5 мг периндоприл аргинині бар (3,395 мг периндоприлге сәйкес келеді). 

Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында 10 мг бисопролол фумараты (8,49 мг бисопрололға сәйкес келеді) және 10 мг периндоприл аргинині бар (6,790 мг периндоприлге сәйкес келеді). 

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза рH 102, құрамында крахмал бар кальций карбонаты (E170), желатинделген жүгері крахмалы, натрий кроскармеллозасы (Е468), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (E551), магний стеараты (E572)

қосымша заттар (алғашқы қабаты): микрокристалды целлюлоза рH 102, құрамында крахмал бар кальций карбонаты (E170), желатинделген жүгері крахмалы, натрий кроскармеллозасы (E468), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (E551), магний стеараты (E572).     

        қосымша заттар (екінші қабаты): микрокристалды целлюлоза рH 102, құрамында крахмал бар кальций карбонаты (E170), желатинделген жүгері крахмалы, натрий крахмал гликоляты А типі (E468), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.

үлбірлі қабықтың құрамы Sepifilm ****: глицерин (E422), гипромеллоза (Е464), макрогол 6000, магний стеараты (E572), титанның қостотығы (E171), темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е 172).

 

Сипаттамасы

Престилол 5 мг/5 мг: сопақша пішінді, қызғылттау-ақсары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі қабатты, екі бөлікке бөлінетін, таблетканың бір жағында «5/5», екінші жағында « » өрнегі бар таблеткалар (5/5 мг дозасы үшін).

 

Престилол 5 мг/10 мг: сопақша пішінді, қызғылттау-ақсары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі қабатты, екі бөлікке бөлінетін, таблетканың бір жағында «5/10», екінші жағында « » өрнегі бар таблеткалар (5/10 мг дозасы үшін).

 

Престилол 10 мг/5 мг: дөңгелек пішінді, қызғылттау-ақсары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі қабатты, таблетканың бір жағында «10/5», екінші жағында « » өрнегі бар таблеткалар (10/5 мг дозасы үшін). 

 

Престилол 10 мг/10 мг: сопақша пішінді, қызғылттау-ақсары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі қабатты, таблетканың бір жағында «10/10», екінші жағында « » өрнегі бар таблеткалар (10/10 мг дозасы үшін).

 

Фармакотерапиялық тобы 

Жүрек-қантамыр жүйесі. Ренин ангиотензин жүйесіне ықпал ететін дәрілер. Басқа препараттармен біріктірілген АӨФтежегіштері. Периндоприл және бисопролол.

АТХ коды: C09BX02

 

Фармакологиялық қасиеттері   

Фармакокинетикасы

Престилол препаратын қабылдағаннан кейін бисопрололдың және периндоприлдің сіңірілу жылдамдығы мен дәрежесінің сәйкесінше оларды монотерапия түрінде бөлек-бөлек қабылдағаннан кейінгі  бисопрололдың және периндоприлдің сіңірілу жылдамдығы мен дәрежесінен елеулі айырмашылықтары жоқ.

Бисопрололмен байланыстылығы

Сіңірілуі 

Бисопролол асқазан-ішек жолында толығымен дерлік (> 90%) сіңіріледі, бауыр арқылы алғаш өтуінің төмен метаболизміне (шамамен 10%) байланысты оның ішу арқылы енгізуден кейінгі биожетімділігі шамамен 90% құрайды.

Таралуы 

Таралу көлемі 3,5 л/кг құрайды. Бисопрололдың қан ақуыздарымен байланысуы шамамен 30% құрайды.

Биотрансформациясы және шығарылуы

Бисопрололдың организмнен шығарылуы екі жолмен жүреді. 50%-ы  бауырда белсенді емес метаболиттерге дейін метаболизденеді, олар содан кейін бүйрек арқылы шығарылады. Қалған 50%-ы бүйрек арқылы өзгермеген күйінде шығарылады. Жалпы клиренсі шамамен 15 л/сағ құрайды. Плазмадан жартылай шығарылу кезеңі 10–12 сағатқа тең болуы нәтижесінде, препаратты тәулігіне бір рет енгізгеннен кейінгі әсері 24 сағат бойы жалғасады.

Пациенттердің ерекше санаттары

Бисопрололдың фармакокинетикасы дозаға тәуелді, ол жасқа байланысты өзгермейді. Шығарылуына бүйрек пен бауыр тең дәрежеде қатысатын болғандықтан, бауыр функциясы бұзылған немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар және бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттердегі фармакокинетикасы зерттелген жоқ. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар (NYHA бойынша ІІІ класс) пациенттерде, дені сау еріктілермен салыстырғанда, плазмадағы бисопролол деңгейі жоғары, ал жартылай шығарылу кезеңі ұзағырақ болады. 10 мг тәуліктік дозада тепе-теңдік күйде плазмадағы ең жоғары концентрациясы 64±21 нг/мл құрайды, ал жартылай шығарылу кезеңі  – 17±5 сағат.

Периндоприлмен байланыстылығы

Сіңірілуі 

Ішу арқылы қабылданғанда периндоприл тез сіңеді, ең жоғары концентрациясына 1 сағат ішінде жетеді. Периндоприлдің плазмадан жартылай шығарылу кезеңі 1 сағатты құрайды.

Таралуы

Байланыспаған периндоприлаттың таралу көлемі шамамен 0,2 л/кг құрайды. Периндоприлаттың плазма ақуыздарымен байланысуы 20%, байланысуы, негізінен, АӨФ арқылы жүреді, бірақ препарат концентрациясына тәуелді болады.

Биотрансформациясы

Периндоприл ізашар дәрі болып табылады. Периндоприлдің қабылданған дозасынан 27% периндоприлаттың белсенді метаболиті түрінде қан ағымына түседі. Организмде белсенді периндоприлаттан басқа тағы белсенді емес бес метаболит түзіледі. Периндоприлат плазмадағы ең жоғары концентрациясына препаратты қабылдаудан кейін 3-4 сағаттан соң жетеді.

Тамақ ішу периндоприлдің периндоприлатқа айналуын, демек, оның биожетімділігін төмендетеді, сондықтан периндоприл аргининін тәулігіне бір рет таңертеңгілік таңғы ас алдында ішу арқылы қабылдау ұсынылады. 

Шығарылуы 

Периндоприлат несеппен бөлініп шығады, оның бос фракциясының түпкілікті жартылай шығарылу кезеңі 17 сағатқа жуық, бұл тұрақты жағдайға 4 күнде жетуге мүмкіндік береді.

Дозаға тәуелділігі

Периндоприлдің дозасы мен оның плазмадағы экспозициясы арасындағы байланыс дозаға тәуелді екені көрсетілген.

Пациенттердің ерекше санаттары

Периндоприлаттың шығарылуы егде пациенттерде, сондай-ақ жүрек немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде баяулайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны бүйрек функциясының бұзылу дәрежесін (креатинин клиренсі)  ескере отырып таңдаған жөн.

Диализ кезінде периндоприл клиренсі 70 мл/мин құрайды.

Периндоприл кинетикасы циррозы бар пациенттерде өзгереді: бастапқы молекуласының бауырдағы клиренсі екі есе баяулайды. Алайда түзілген периндоприлат мөлшері төмендемейді, сондықтан дозаны түзетуді талап етпейді. («Қолдану тәсілі және дозалары» және  «Айрықша нұсқаулар» бөлімдерін қараңыз).

 

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Бисопрололмен байланыстылығы

Бисопролол – стимуляциялайтын және айтарлықтай жарғақша тұрақтандыратын әсері жоқ, бета1-адренорецепторларының жоғары іріктелген блокаторы. Оның бронхтардың және қантамырлардың тегіс бұлшықеттерінің бета2-рецепторларымен, сондай-ақ метаболизмді реттеуге байланысты бета2-рецепторлармен тектестігі аз болады. Осылайша, жалпы алғанда, бисопрололдың тыныс жолдарының кедергісіне және бета2-рецепторлар арқылы болатын метаболизмдік әсерлерге ықпалын күтпеу керек. Оның бета1-рецепторларға іріктелгендігі емдік дозалар диапазоны шегінен тыс та байқалады.  

Периндоприлмен байланыстылығы

Периндоприл – ангиотензин I-ді ангиотензин II-ге (АӨФ) айналдыратын фермент тежегіші. Өзгертуші фермент немесе киназа – бұл экзопептидаза, ол ангиотензин I-ді  тамыр тарылтатын ангиотензин II-ге айналдыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ тамырды кеңейтетін брадикининнің белсенді емес гептапептидке дейін ыдырауын тудырады. АӨФ тежелуі плазмадағы ангиотензин II төмендеуіне әкеледі, бұл плазмадағы рениннің белсенділігін жоғарылатады (рениннің босап шығуының теріс кері байланысын тежеу есебінен) және альдостеронның бөлінуін төмендетеді. АӨФ брадикининнің белсенділігін жоятындықтан, АӨФ тежелуі де айналымдағы және жергілікті калликреин-кинин жүйесі белсенділігінің жоғарылауына (сондай-ақ простагландин жүйесінің белсенділенуіне) әкеледі. Бұл механизм АӨФ тежегіштерінің гипотензивтік әсерінің басталуына жағдай жасауы мүмкін және ішінара кейбір жағымсыз әсерлерді (мысалы, жөтел) тудырады.

Периндоприл өзінің белсенді метаболиті периндоприлат арқылы әсер етеді. Басқа метаболиттері АӨФ әсерін  in vitroтежеу қабілеттілігін көрсеткен жоқ.

Фармакодинамикалық қасиеттері

Бисопрололмен байланыстылығы

Бисопролол айтарлықтай теріс инотропты әсер көрсетпейді.

Бисопролол әсерлерінің ең жоғары айқындығына енгізгеннен кейін 3-4 сағаттан соң жетеді. Бисопрололдың жартылай шығарылу кезеңі  10–12 сағатты құрайтындықтан, ол 24 сағат бойы әсер етеді.

Бисопрололдың  артериялық қысымды төмендетуге қатысты ең жоғары әсері әдетте 2 аптадан соң жетеді.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінсіз  коронарлы жүрек ауруы бар пациенттерге бір рет енгізген кезде, бисопролол ЖЖЖ және соғу көлемін төмендетеді, сондықтан, жүрек лықсытуын және оттегін тұтынуын да  төмендетеді. Ұзақ енгізген кезде бастапқыда жоғары болған шеткері кедергі төмендейді. Бета-блокаторлардың гипертензияға қарсы әсерінің негізінде жатқан механизм плазма ренинінің белсенділігі төмендеуі болып табылады деп болжанады. 

Бисопролол жүрек бета-адренорецепторларын бөгей отырып, симпатикалық-адренергиялық жауапты төмендетеді. Бұл ЖЖЖ және жиырылғыштықтың төмендеуіне әкеліп, миокардтың оттегін тұтынуын азайтады, бұл жүректің коронарлық негізгі ауруымен байланысты стенокардия жағдайында қажетті әсерге жатады.

Периндоприлмен байланыстылығы 

Гипертензия

Периндоприл кез келген дәрежедегі: әлсіз, орташа және ауыр артериялық гипертензия кезінде әсер етеді; систолалық жәнедиастолалық артериялық қысымды шалқадан жатқан күйде де, түрегеп тұрғанда да төмендетеді.

Периндоприл шеткері тамырлардың кедергісін азайтады, бұл артериялық қысымның төмендеуіне әкеледі. Соның нәтижесінде, жүректің жиырылу жиілігіне ықпал етпестен, шеткері қан ағымы ұлғаяды.

Әдетте, бүйректегі қан ағымы артады, ал бұл кезде шумақтық сүзілу жылдамдығы (ШСЖ) өзгеріссіз қалады.

Жүрек жеткіліксіздігі (Престилол 5 мг/5 мг және Престилол 10 мг/5 мг)

Периндоприл алдыңғы жүктемені және кейінгі жүктемені төмендетіп, жүректің жұмысын азайтады. 

Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі 

Бисопрололмен байланыстылығы

CIBIS II зерттеуге жалпы алғанда 2 647 пациент қамтылды. 83%-ы (n=2 202)  NYHA (Нью-Йорк кардиологиялық ассоциациясы) жіктеуі бойынша III класс, ал 17%-ы (n=445) - NYHA жіктеуі бойынша IV класс болды. Пациенттердің  клиниакалық көріністерімен тұрақты систолалық жүрек жеткіліксіздігі болды (эхокардиография мәліметтері бойынша  лықсыту фракциясы ≤ 35%). Жалпы өлім 17,3%-дан 11,8%-ға дейін төмендеді (салыстырмалы төмендеуі – 34%). Кенеттен болатын өлім деңгейінің төмендеуі (6,3%-бен салыстырғанда 3,6%, салыстырмалы төмендеуі –44%) байқалды және ауруханаға жатқызуды қажет ететін жүрек жеткіліксіздігі көріністерінің саны азайды  (17,6%-бен салыстырғанда 12%, салыстырмалы төмендеуі – 36%).

Ақырында, NYHA жіктеуі бойынша функционалдық статустың едәуір жақсарғанын көрсетті. Емдеудің бас кезінде және бисопролол дозасын таңдаған кезде брадикардияға (0,53%), артериялық гипотензияға (0,23%) және жедел декомпенсацияға (4,97%) байланысты ауруханаға жатқызу орын алды, бірақ бұл плацебо тобындағыға қарағанда жиі болған жоқ (0%, 0,3% және 6,74%). Зерттеудің бүкіл кезеңі ішінде инсульт салдарынан өлім жағдайының және мүгедек болып қалу саны бисопролол тобында 20 және плацебо тобында 15 болды.

CIBIS III зерттеуде ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша ІІ немесе ІІІ класс) бар және зерттеуге дейін АӨФ тежегіштерімен, бета-блокаторлармен немесе ангиотензин рецепторларының блокаторларымен емделмеген, сол жақ қарыншаның лықсыту фракциясы ≤35% болған,  ≥65  жастағы 1010 пациент зерттелді.    Пациенттер бисопрололмен немесе эналаприлмен бастапқыда 6 ай емдегеннен кейін 6-24 ай бойы бисопролол мен эналаприлдің біріктірілімімен емделді.

Бастапқы 6 айлық ем ретінде бисопрололды пайдаланған пациенттер тобында созылмалы жүрек  жеткіліксіздігінің жиірек нашарлауының пайда болуына беталыс байқалған. Хаттама бойынша ем алған пациенттер іріктемесіне (РР іріктемесі) талдау жасаған кезде бастапқыда бисопрололды пайдаланып емдеу сызбасының бастапқыда эналаприлді пайдаланып емдеу сызбасымен салыстырғанда тиімділігінің кем еместігі дәлелденген жоқ, әйтсе де созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің бастапқы емінің екі стратегиясы да зерттеу соңында өлім және ауруханаға жатқызу жағдайларын қамтитын  алғашқы біріктірілген ақырғы нүктеге жетудің ұқсас жиілігін көрсетті  (бастапқыда эналаприлді пайдалану тобындағы 33,1%-бен салыстырғанда  бастапқыда бисопрололды пайдалану тобында 32,4% болды, РР іріктемесі). Зерттеу бисопрололды да ауырлық дәрежесі жеңіл немесе орташа созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар егде жастағы пациенттерге қолдануға болатынын көрсетті. 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.