- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Роксера
Роксера
Қолдану көрсеткіштері
Тапсырыс беру шарттары
«Роксера» алдын ала тапсырыс беріңіз және арнайы баға алыңыз - 2792 ₸ (қалыпты баға: 3490 ₸). Алдын ала тапсырысты орындаудың болжалды күні* – 23.04.2025, егер тапсырысты 22.04.2025 14:15 дейін орналастырсаңыз және төлесеңіз.
Орындау мерзімі Рудный-дегі біздің дистрибьюторлық орталықта алу шарттарына сәйкес есептеледі. Сайттың жоғарғы жағындағы қаланы өзгертуге болады, содан кейін болжалды жеткізу күні өзгеруі мүмкін.
Тауарды алғаннан кейін оны пр-т Комсомольский, д. 34 бойынша алуға немесе ыңғайлы уақытта курьер арқылы тегін жеткізуді ұйымдастыруға болады.
Арнайы баға бойынша алдын ала тапсырыс беру тек алдын ала төлеу үшін қол жетімді. Тапсырыс үшін кез келген банктің Visa/MasterCard картасымен 20 минут ішінде төлеу керек.
Жеке және заңды тұлғаларға тапсырыс беруге болады.
Тапсырыс беруге болады: 301 бірлік өнім (әр 15 минут сайын жаңартылады).
Ең аз тапсырыс сомасы:
- жеке тұлғалар үшін – 12 000 ₸
- заңды тұлғалар үшін – 250 000 ₸
* Тауарды жеткізудің болжамды күні технологиялық себептер бойынша өзгертілуі мүмкін, бірақ 3 күнтізбелік күннен аспауы керек.
Өнім мәліметтері
Өндіруші | КРКА |
---|---|
Өндіруші елі | Словения |
Форма | таблетки |
Саны | 30 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецепт арқылы |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Розувастатин, негізгі | 10 мг |
Бұл өнім екі нұсқада тапсырыс беруге болады: дәл қазір жеткізу немесе алдын ала тапсырыс бойынша. Тапсырыс берген кезде себет ішіндегі тапсырыс опциясын таңдауыңыз керек.
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 3490 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Тапсырыс беру күйі | Қол жетімді |
---|---|
Тапсырыс бағасы | 2558 ₸ 932 ₸ |
Мерзімнің өту күні | 22.04.2025 |
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Дәрілік заттың медицинада
қолданылуы жөніндегі
нұсқаулық
РОКСЕРА®
Саудалық атауы
РОКСЕРА ®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Розувастатин
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған 5 мг, 10 мг, 20 мг және 40 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - тиісінше 5 мг, 10 мг, 20 мг және 40 мг розувастатинге баламалы 5.21 мг, 10.42 мг, 20.83 мг немесе 41.66 мг кальций розувастатині
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, сусыз лактоза, кросповидон, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты,
үлбірлі қабық: бутилирленген метакрилаттың негізгі сополимері, макрогол 6000, титанның қостотығы Е171, лактоза моногидраты.
Сипаттамасы
Бір жақ бетінде 5 таңбасы және ойығы бар, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі беті аздап дөңестелген, дөңгелек түрдегі таблеткалар (5 мг доза үшін).
Бір жақ бетінде 10 таңбасы және ойығы бар, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі беті аздап дөңестелген, дөңгелек түрдегі таблеткалар (10 мг доза үшін).
Ойығы бар, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, дөңгелек түрдегі таблеткалар (20 мг доза үшін).
Ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі беті дөңес, капсула түріндегі таблеткалар (40 мг доза үшін).
Фармакотерапиялық тобы
Гиполипидемиялық препараттар. HMG CоА редуктаза тежегіштері.
АТЖ коды С10АА07
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Cіңуі
Қан плазмасындағы розувастатиннің ең жоғары концентрациясына (С max) пероральды қабылдаудан соң шамамен 5 сағаттан соң (Tmax) қол жеткізіледі. Абсолюттік биожетімділігі шамамен 20%-ды құрайды.
Таралуы
Розувастатин көбіне холестерин синтезі (ХС) мен тығыздығы төмен липопротеиндер (ТТЛП) метаболизмінің негізгі орны болып табылатын бауырмен қармалады. Розувастатиннің бөліну көлемі шамамен 134 л-ді құрайды. Розувастатиннің шамамен 90%-ы қан плазмасының ақуыздарымен, негізінен, альбуминмен байланысады.
Метаболизмі
Розувастатин шектелген метаболизмге (10%-ға жуық) ұшырайды. Розувастатиннің метаболизміне қатысатын негізгі изофермент CYP2C9 болып табылады. Негізгі бөлінген метаболиттер - N-десметил және лактонды метаболиттер. Розувастатинге қарағанда, N-десметилді метаболиттің белсенділігі шамамен 50%-ға аз болып келеді, ал лактонды түрі клиникалық тұрғыдан белсенді емес. Айналдырушы гидроксиметилглутарил -коэнзим А (HMG-CoA) редуктазаның тежеуші белсенділігінің 90%-ға жуығы розувстатинге байланысты болады.
Шығарылуы
Розувастатин дозасының 90%-ға жуығы өзгермеген күйінде нәжіспен бірге (сіңірілген және сіңірілмеген розувастатинді қоса алғанда) шығарылады. Қалған бөлігі несеппен бірге шығарылады. Розувастатиннің шамамен 5%-ы өзгермеген күйінде несеппен бірге шығарылады. Жартылай шығарылудың плазмалық кезеңі шамамен 20 сағатты құрайды. Препараттың дозасын ұлғайтқанда жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) өзгермейді. Орташа геометриялық плазмалық клиренс сағатына шамамен 50 литрді құрайды. Розувастатиннің жүйелік әсері дозаға тең шамада ұлғаяды. Препаратты көп қабылдаған жағдайда, фармакокинетикалық параметрлері өзгермейді.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Жеңіл немесе орташа айқындалған бүйрек ауруы розувастатиннің немесе N-десметилді метаболиттің плазмалық концентрацияларына әсер етпейді. Бүйрегі сау адамдармен салыстырғанда, бүйрегі ауыр зақымдалған (креатининнің клиренсі 30 мл/мин-тан кем) адамдарда розувастатиннің плазмалық концентрациясы 3 есе, ал N-десметилді метаболиттің концентрациясы – 9 есе ұлғаяды. Бүйрегі сау емделушілерге қарағанда, гемодиализде тұрған розувастатиннің тең салмақты плазмалық концентрациялары шамамен 50%-ға жоғары болып келеді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Чайлд-Пью шкаласы бойынша 7 немесе одан кем балға ие емделушілерде розувастатиннің жүйелі әсерінің ұлғаю белгілері айқындалған жоқ. Чайлд-Пью шкаласы бойынша дәрежесі 8 және 9-ды құрайтын бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде T1/2, -нің кем дегенде 2 есеге ұлғаюы атап өтілген. Чайлд-Пью шкаласы бойынша 9-дан жоғары балға ие емделушілерге препаратты қолдану тәжірибесі жоқ.
Фармакодинамикасы
РОКСЕРА® - липидті төмендететін препарат, HMG-CoA редуктазаның, З-гидрокси-3-метилглутарилкоэнзим А-ны мевалонатқа айналдыратын ферменттің селективті бәсекелес тежегіші болып табылады, холестериннің негізін қалаушы. Розувастатиннің негізгі әсер ету орны бауыр, орган - гипохолестериндік емдеу нысанасы болып табылады.
РОКСЕРА® ТТЛП қармауы мен катаболизмін арттыра отырып, жасушалардың бетінде тығыздығы төмен липопротеиндердің (ТТЛП) бауыр рецепторларының санын ұлғайтады, бұл өз кезегінде тығыздығы өте төмен липопротеиндер (ТӨТЛП) синтезінің тежелуіне әкеліп, сол арқылы ТТЛП және ТӨТЛП-ның жалпы санын азайтады.
РОКСЕРА® холестерин-ТТЛ-нің, жалпы холестериннің, триглицеридтердің (ТГ) жоғары құрамын төмендетеді, тығыздығы жоғары липопротеидтердің (ХС-ТЖЛП) холестерин құрамын артырады. Ол сондай-ақ аполипопротеин В (АпоВ), ХС- ТЖЛП, ХС-ТӨТЛ, ТГ-ТӨТЛ-ның құрамын төмендетіп, аполипопротеин A-I (АпоА-I)-ның деңгейін ұлғайтады.
РОКСЕРА® ХС- ТЖЛП /ХС-ТЖЛ, жалпы ХС/ХС- ТЖЛП және ХС- ТЖЛП / ХС- ТЖЛП қатынасын және АпоВ/АпоА-I қатынасын төмендетеді.
Терапиялық әсері емдеу басталған соң алғашқы аптаның ішінде белгілі болады, емдеудің 2 аптасынан соң ең жоғары мүмкін болатын әсердің 90%-ына жетеді. Ең жоғары терапиялық әсерге, әдетте, 4-ші аптада қол жеткізіліп, кейінгі қабылдау кезінде де осы қалыпта тұрады.
РОКСЕРА® препараты нәсіліне, жынысы немесе жас ерекшеліктеріне қарамай гиперхолестеринемиясы бар немесе гипертриглицеридемиясы жоқ ересек емделушілерге, оның ішінде емделушілердің айрықша топтарына (қант диабеті бар немесе отбасылық гиперхолестеринемиясы бар) тиімді. РОКСЕРА® препараты IIa және IIb типіндегі гиперхолестеринемиясы бар (ХС-ТТЛ-ның орташа бастапқы деңгейі шамамен 4,8 ммоль/л) емделушілердің басым көпшілігін емдеуде тиімді .
Гомозиготты отбасылық гиперхолестеринемиясы бар емделушілерге РОКСЕРА® препаратын 20-дан 40 мг-ға дейінгі дозада қолданғанда, ХС- ТЖЛП-ның орташа төмендеуі жалпы таңдамада 22%-ды құрады. РОКСЕРА® сонымен қатар Фенофибратпен құрамдастырғанда, триглицеридтердің деңгейін төмендетуге қатысты және никотин қышқылымен құрамдастырғанда, ХС-ТЖЛП-ны ұлғайтуға қатысты аддитивті әсер береді.
Розувастатинді 40 мг дозада ауыр гиперхолестеринемиясы және жүрек-қантамыр патологиясының жоғары қаупі бар науқастарға ғана тағайындалуы тиіс.
Қолданылуы
- емдәм және емдеудің басқа да дәрілік зат емес әдістері (мысалы, дене жаттығулары, дене салмағын төмендету) жеткіліксіз болғанда, емдәмге қосымша ретте алғашқы гиперхолестеринемияда (отбасылық гетерозиготтік гиперхолестеринемияны қоса алғанда, II типі) немесе аралас дислипидемияда (Iib типі)
- ем-дәмге және басқа да липидті төмендететін емдеуге қосымша ретінде (мысалы, ЛПНП-аферез) немесе мұндай емдеу емделушіге сәйкес келмейтін жағдайда, отбасылық гомозиготтік гиперхолестеринемияда
- жалпы холестерин (ЖХС) және ХС ТТЛП-нің деңгейлерін мақсатты деңгейге дейін төмендетуге арналған емнің бір бөлігі ретінде ересек емделушілердегі атеросклероздың дамуын баяулату үшін ем-дәмге қосымша түрінде
- қосымша емдеу ретінде атеросклероздық жүрек-қантамыр аурулары дамуының жоғары қаупі бар ересек емделушілердегі жүрек-қантамыр асқынуларының алдын алуда
Қолдану тәсілі және дозалары
Препаратпен емдеуді бастар алдында емделуші холестерин құрамы төмен стандарты диетада болуы және осы ем-дәмді емдеу кезеңінде ұстап тұруды жалғастыруы тиіс. Препараттың дозасы емдеу мақсатына, емделушінің емделуге жауабына қарай жеке тағайындалады. Ұсынылатын бастапқы тәуліктік доза 5 мг-нан 10 мг-ға дейін құрап, күніне бір рет қабылданады. Статиндерді алғаш рет қабылдаған, сондай-ақ емдеуден HMG - CoA редуктазаның басқа тежегішіне өткен емделушілер үшін доза бірдей болып келеді. Межелік дозаны таңдағанда, холестериннің бастапқы жеке деңгейі мен орын алған жүрек-қантамыр қаупін, сондай-ақ жағымсыз реакциялардың әлеуетті қаупін ескеру қажет.
Қажет болған жағдайда, дозаны 4 аптадан соң ұлғайтуға болады. Едеуір төмен дозалармен салыстырғанда, 40 мг дозаны қабылдаған кезде, жағымсыз реакциялар туралы хабарлардың жиілей түсуін ескеретін болсақ, тәуліктік дозаны 30 мг немесе 40 мг-ға дейін ұлғайту ауыр гиперлипидемиясы және жоғары жүрек-қантамыр қаупі бар (әсіресе, отбасылық гиперхолестеринемияда), төмен дозаларды қабылдау кезінде липидтердің мақсатты деңгейіне қол жеткізу мүмкін болмаған, бақылауда болатын емделушілер үшін ғана қарастырылуы тиіс. Емделушілер 40 мг немесе 30 мг дозаны қабылдай бастағанда, оларға айрықша назар аудару керек.
Дәрігердің бақылауымен ғана дозаны 40 мг-ға дейін ұлғайтуға болады. Препаратты бұрын қабылдамаған емделушілерге 40 мг дозаны тағайындауға ұсынылмайды. 2 апталық емдеуден соң және/немесе РОКСЕРаның®дозасын арттырғанда, липидтік алмасу көрсеткіштерін бақылау (қажет болған жағдайда – дозаны түзету) қажет.
РОКСЕРАны® тамақтануға қарамай күннің кез келген уақытында қабылдауға болады.
Егде адамдарға қолдану
Жасы 70-тен асқан емделушілерге препаратты 5 мг дозадан бастап қабылдау ұсынылады.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге дозалау
Жеңіл немесе орта ауырлық дәрежесіндегі бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге дозаны түзету қажет емес, препараттың бастапқы ұсынылатын дозасы 5 мг. Бүйрек қызметі бұзылуы орташа емделушілерге (креатинин клиренсі 60 мл/мин-тан кем) - 40 мг дозадағы препаратты қолдануға болмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі айқын емделушілерге (креатинин клиренсі 30 мл/мин-тан кем) – РОКСЕРА®препаратын қолдануға болмайды.
Бауыры зақымдалған емделушілерге дозалау
Чайлд-Пью шкаласы бойынша 7 және/немесе одан аз балға ие емделушілерге дозаны түзету қажет емес.Чайлд-Пью шкаласы бойынша 9-дан жоғары балға ие емделушілерге препаратты қолдану тәжірибесі жоқ.
РОКСЕРА® препаратын бауыр ауруының белсенді сатысындағы емделушілерге қолдануға болмайды.
Нәсілі
Жапондықтар мен қытайлықтарда розувастатиннің жүйелі концентрациясының ұлғаюы атап өтіледі. Азиялықнәсілді емделушілерге ұсынылатын бастапқы доза 5 мг-ды құрайды. Азиялық нәсілді емделушілерге препаратты 30 мг немесе 40 мг дозада тағайындауға болмайды.
Миопатияға бейімі бар емделушілерді дозалау
Миопатияның дамуына бейім факторларға ие емделушілер үшін ұсынылатын бастапқы доза 5 мг-ды құрайды. Мұндай емделушілерге 40 мг және 30 мг-дық дозаларды қолдануға болмайды.
Жағымсыз әсерлері
Жиілік(³1/100 до <1/10)
- бас ауыруы, бас айналуы
- лоқсу, іштің ауыруы, іштің қатуы
- миалгия
- астения
- қант диабеті (қандағы және аш қарынға глюкоза деңгейі 5,6-6,9 ммоль/л болған емделушілер)
- протеинурия (көбіне шығу тегі түтікшелік. Несептегі ақуыз мөлшерінің өзгеруі (жоқ болуынан немесе із мөлшерінің ++дейінгі немесе одан да көп із мөлшерлері) препараттың 10-20 мг-ын алатын емделушілердің 1%-ына жетпейтін мөлшерде және препараттың 40 мг-ын алатын емделушілердің шамамен 3%-ында атап өтіледі. Несептегі ақуыз мөлшерінің шамалы ғана ұлғаюы 20 мг дозаны қабылдағанда атап өтілді. (Көп жағдайларда емдеу барысында протеинурия азаяды немесе жоғалып кетеді және орын алған бүйрек ауруының жеделдеуін немесе дамуын білдірмейді).
Жиі емес(³1/1000 до <1/100)
- қышу, бөртпе, есекжем
Сирек(³1/10 000 до <1/1000)
- ангионевротикалық ісінуді қоса алғанда, жоғары сезімталдық реакциялары
- панкреатит
- миопатия және рабдомиолиз (розувастатинді барлық дозаларда қабылдағанда, әсіресе, 20 мг-дан асатын дозаларды қабылдағанда, миалгия,
миопатия, сирек жағдайларда рабдомиолиз сияқты тірек-қозғалыс аппаратына әсері жөнінде хабарланған. Креатинфосфокиназа (КФК) деңгейін дозаға тәуелді ретте арттыру розувастатин қабылдаған емделушілердің шамалы бөлігінде ғана байқалады. Көпшілік жағдайларда ол елеусіз, симптомсыз және уақытша сипатта болды. КФК деңгейі артқан жағдайда (норманың жоғары шегімен салыстырғанда, 5 еседен аса) емдеу тоқтатылуы тиіс)
- бауыр трансаминазы деңгейінің артуы (розувастатинді қолданғанда, емделушілердің шамалы бөлігінде «бауыр» трансаминазы белсенділігінің дозаға тәуелді ретте артуы байқалады. Көпшілік жағдайларда ол елеусіз, симптомсыз және уақытша сипатта болды.
Өте сирек (<1/10 000)
- сарғаю, гепатит
- артралгия
- полинейропатия, жадының төмендеуі (жадының жоғалуы)
- депрессия, ұйқының бұзылуы
- гематурия
- жыныстық дисфункция
Жиілігі белгісіз
- диарея
- Стивенс-Джонсон синдромы
Бүйрек пен бауыр жағынан маңызды оқиғалардың, рабдомиолиздің дамуының атап өтілген жиілігі (көбіне «бауыр» трансаминазы артуынан көрінетін) 40 мг дозаны қабылдағанда жоғары болады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
5 мг, 10 мг және 20 мг дозалар үшін
- розувастатинге немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық
- белсенді кезеңдегі бауыр ауруы, трансаминаздың қан сарысуы белсенділігінің тұрақты артуы және норманың жоғары шекарасымен салыстырғанда, қан сарысуында трансаминаздың 3 еседен аса кез келген артуы
- бүйрек қызметінің айқын бұзылулары (креатинин клиренсі 30 мл/мин-нан кем)
- миопатия
- циклоспоринді бір мезгілде қабылдау
- миотоксиялық асқынулардың дамуына бейімділік
- жүктілік және лактация кезеңі
- контрацепцияның баламалы әдістері болмаған жағдайда, бала туатын жастағы әйелдерде.
20 мг-нан жоғары және 40 мг-ге дейінгі дозалар үшін қарсы көрсетілім қосымша атап көрсетіледі:
- миопатия немесе миопатияның/ рабдомиолиздің дамуына бейім факторлар, дербес немесе отбасылық анамнездегі тұқым қуалайтын миопатиялар
- бүйрек қызметінің орташа бұзылулары (креатинин клиренсі
< 60 мл/мин)
- гипотиреоз
- HMG CoА редуктазаның басқа тежегіштерін немесе фибраттарды қабылдау кезінде миотоксиялық құбылыстарға арналған анамнездік нұсқаулар
- алкогольді тәуелділік
- препараттың плазмалық концентрациясы артуы мүмкін жағдайлар
- азиялық нәсілді емделушілер
- фибраттарды бір мезгілде қабылдау.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Циклоспорин
Розувастатин мен циклоспоринді бір мезгілде қабылдағанда, розувастатиннің AUC мәні («концентрация - уақыт» қисық сызық астындағы аудан) орташа 7 есеге артады. Бірге пайдалану циклоспориннің плазмалық концентрациясына әсер етпейді.
K витаминінің антогонистері
HMG - CoА редуктазаның басқа да тежегіштерінің жағдайы сияқты, бір мезгілде К витаминінің антогонистерін (мысалы, варфарин) қабылдайтын емделушілерді РОКСЕРА® препаратымен емдеуді бастау немесе препараттың дозасын ұлғайту протромбиндік уақыттың ұлғаюына әкелуі мүмкін.
Эзетимиб
Розувастатин мен эзетимибті бір мезгілде қабылдау қос препараттың да AUC немесе Cmax –ының өзгеруімен қоса жүрмейді. Алайда, розувастатин және эзетимиб арасында жағымсыз реакциялармен көрінетін фармакодинамикалық өзара әрекеттестікті жоққа шығаруға болмайды.
Гемфиброзил және басқа да липидті төмендететін дәрілер
Розувастатин мен гемфиброзилді бір мезгілде қабылдау розувастатиннің Сmах және AUC-ын 2 есеге ұлғаюға әкеледі. Спецификалық өзара әрекеттесу бойынша деректерге негізделетін болсақ, фенофибраттармен фармакокинетикалық маңызды өзара әрекеттестігі күтілмейді, фармакодинамикалық өзара әрекеттестігі болуы мүмкін. Гемфиброзил, фенофибрат, басқа да фибраттар мен ниациннің (никотин қышқылының) липидті төмендететін дозалары (үлкен немесе 1 г/тәулікке балама дозалар) HMG - CoА редуктазаның тежегіштерімен бір мезгілде пайдаланғанда, миопатияның туындау қаупін ұлғайта түсті, олардың миопатияны тудыра алатындығына байланысты болса керек, монотерапия ретінде пайдаланғанда да миопатияның туындау қаупін ұлғайта түседі. 40 мг және 30 мг-дық дозаларды гемфиброзилмен және басқа да липидті төмендететін дәрілермен бірге қолдануға болмайды. Осындай емделушілерді емдеу де 5 мг-дық дозадан басталуы тиіс.
Протеаз тежегіштері
Өзара әрекеттесудің дәл уақыты белгісіз болғанымен, протеаз тежегіштерін бір мезгілде қабылдау розувастатиннің жүйелік концентрациясын айқын ретте арттыруы мүмкін. Розувастатиннің 20 мг-ы мен протеаздың екі тежегішінен (лопинавирдің 400 мг-ы /ритонавирдің 100 мг-ы) жасалған құрама өнімді бір мезгілде қабылдағанда, розувастатиннің тең салмақты AUC и Cmax –ының сәйкес ретте 2 және 5 есе артуы туралы хабарланған. Сонымен, протеаз тежегіштерін қабылдайтын АИВ-жұқтырған емделушілерге розувастатинді қабылдау ұсынылмайды.
Антацидтер
Розувастатин мен құрамында алюминий және магний сутотығы бар антацидтер суспензиясын бір мезгілде қабылдау розувастатиннің плазмалық концентрациясының шамамен 50%-ға төмендеуіне әкеледі. Егер антацидтер РОКСЕРА® препаратын қабылдаудан соң 2 сағаттан кейін қолданылатын болса, осы әсер әлсіз білінетін болады. Осындай өзара әрекеттесудің клиникалық маңызы зерттелмеген.
Эритромицин
Розувастатин мен эритромицинді бір мезгілде қабылдау розувастатиннің AUC-ын 20 %-ға және розувастатиннің Сmах -ын 30%-ға азаюына әкеледі. Мұндай өзара әрекеттесу эритромицинді қабылдаудан туындайтын ішек қимылының күшеюі нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Ішу арқылы қабылданатын контрацептивтер/орын басушы гормональды ем (ОБЕ)
Розувастатин мен ішу арқылы қабылданатын контрацептивтерді бір мезгілде қабылдау AUC этинилэстрадиолдың AUC-ы мен норгестрилдің AUC-ын сәйкес ретте 26% және 34%-ға ұлғайтады. Плазмалық концентрацияның мұндай ұлғаюы ішу арқылы қабылданатын контрацептивтердің дозасын іріктеу кезінде ескерілуі тиіс.
Дигоксин
Арнайы зерттеулердің деректері бойынша, розувастатиннің дигоксинмен клиникалық маңызды өзара әрекеттестігін күтудің қажеті жоқ.
P450 цитохромасының ферменттері
In vivo және in vitro зерттеу нәтижелері көрсеткендей, розувастатин Р450 цитохромының тежегіші де, индукторы да болып табылмайды. Сонымен қатар, розувастатин осы ферментер үшін әлсіз субстрат болып табылады. Розувастатин және флуконазол (CYP2C9 және CYP3A4 тежегіші) мен кетоконазол (CYP2A6 және CYP3A4 тежегіші) арасындағы клиникалық маңызды өзара әрекеттестік атап өтілген жоқ. Розувастатин мен итраконазолды (CYP3А4 тежегіші) бірге қабылдау розувастатиннің AUC-ын 28%-ға ұлғайтады. Осы бір аз ғана ұлғаюдың өзі клиникалық маңызды емес ретте бағаланды. Сонымен, Р450 цитохромының метаболизмімен байланысты өзара әрекеттестік күтілмейді.
Айрықша нұсқаулар
Бүйрекке әсері
Розувастатиннің жоғары дозасын (әсіресе, 40 мг) қабылдаған емделушілерде, түтікшелік протеинурия байқалды, көп жағдайларда мерзімдік немесе қысқа уақыттық сипатта болды. Препаратты 30 немесе 40 мг дозада қабылдаған емделушілерде, емдеу кезінде бүйрек қызметі көрсеткіштерін бақылау (кемінде 3 айда бір рет) ұсынылады.
Қаңқа бұлшықеттеріне әсері
Розувастатинді барлық дозаларда қабылдағанда, әсіресе, 20 мг-дан асатын дозаны қабылдағанда, тірек-қозғалыс аппаратына келесі әсерлері хабарланды: миалгия, миопатия, сирек жағдайларда -рабдомиолиз. HMG- CoА редуктазаның тежегіштері мен эзетимибты бір мезгілде қабылдағанда, рабдомализдің өте сирек жағдайлары атап өтілген. Фармакодинамикалық өзара әрекеттесуін жоққа шығаруға болмайды, сондықтан розувастатинді эзетимибпен бірге сақтықпен қабылдау қажет.
HMG - CoА редуктазаның басқа да тежегіштерінің жағдайы сияқты, препаратты 40 мг дозада маркетингтен кейінгі қолдану кезінде, рабдомиолиздің жиілігі жиі байқалады.
Қарқынды дене жүктемелерінен соң немесе КФК деңгейін арттырудың басқа да мүмкін болған себептері бар болған жағдайда, креатинфосфокиназаны (КФК) анықтауға болмайды; бұл алынған нәтижелердің дұрыс түсіндірілмеуіне әкелуі мүмкін. Егер КФК-ның бастапқы деңгейі едәуір жоғары болса (норманың жоғарғы шекарасына қарағанда, 5 есе жоғары), 5- 7 күннен соң өлшеуді қайта өткізу керек. Егер қайта тест өткізу КФК-ның бастапқы деңгейін растайтын болса (норманың жоғарғы шекарасымен салыстырғанда 5 еседен жоғары), емдеуді бастауға болмайды.
HMG CoА редуктазаның басқа тежегіштеріне сәйкес ретте, РОКСЕРА® препараты миопатия/рабдомиолиз қаупі факторына ие емделушілерге сақтықпен тағайындалуы тиіс. Мұндай факторларға мыналар жатады:
- бүйректердің зақымдалуы
- гипотиреоз
- дербес немесе отбасылық анамнездегі тұқым қуалайтын миопатиялар
- HMG CoА редуктазаның басқа тежегіштерін немесе фибраттарды қабылдау кезінде миотоксиялық құбылыстарға арналған анамнездік нұсқаулар
- алкогольді тәуелділік
- 65-тен жоғары жас
- препараттың плазмалық концентрациясы артуы мүмкін жағдайлар
- фибраттарды бір мезгілде қабылдау.
Мұндай емделушілерде қауіпті және емдеудің мүмкін болған пайдасын бағалау керек. Сондай-ақ клиникалық мониторинг өткізу керек. Егер КФК-ның бастапқы деңгейі норманың жоғарғы шекарасымен салыстырғанда, 5 еседен жоғары болса, препаратпен емдеуді бастамау керек.
Препаратпен емдеу кезеңінде емделушіге бұлшықет ауырулары, бұлшықет әлсіздігі немесе түйілудің күтпеген жерден пайда болу жағдайлары туралы, әсіресе, дімкәстік және құрысумен үйлескенде, тез арада дәрігерге хабарлауы қажет екенін айту керек. Мұндай емделушілердің КФК деңгейін анықтау қажет. Егер КФК деңгейі едәуір ұлғаятын болса (норманың жоғарғы шегімен салыстырғанда 5 еседен аса) немесе егер бұлшықет жағынан симптомдар бірден білінетін болса және күнделікті қолайсыздық тудыратын болса (тіпті, егер КФК деңгейі норманың жоғарғы шегімен салыстырғанда 5 есе аз болса да), емдеу тоқтатылуы тиіс. Егер симптомдар жоғалып, КФК деңгейі қалыпқа түсетін болса, емделушіні мұқият бақылау жағдайында РОКСЕРА®препаратын немесе HMG CoА редуктазаның басқа да тежегіштерін аз дозада қайта тағайындау мәселесін қарастыру керек. Симптомдар жоқ болған кезде, КФК деңгейін егжей-тегжейлі бақылау дұрыс емес.
Клиникалық зерттеулерде розувастатинді қолданғанда және қосымша емдеу кезінде қаңқалық бұлшықеттерге әсерінің ұлғаю белгілері атап өтілген жоқ. Алайда, HMG CoА редуктаза тежегіштерін фибрин қышқылының туындыларымен (мысалы, гемфиброзил), циклоспоринмен, никотин қышқылымен, азолды зеңдерге қарсы дәрілермен, протеаз тежегіштерімен және макролидтік антибиотиктермен үйлестіре қолданған емделушілерде миозит пен миопатия жағдайларының ұлғаюы туралы мәліметтер бар. Сонымен, РОКСЕРА® мен гемфиброзилді бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды. РОКСЕРАны® фибраттармен немесе ниацинмен (никотин қышқылымен) құрамдастыра қолданғанда, липидтер деңгейінің одан әрі өзгеру артықшылықтары, мүмкін болған қауіптер ескеріле отырып, мұқият саралануы тиіс. 40 мг және 30 мг-дық дозаларын фибраттармен құрамдастыра емдеу үшін қарсы көрсетілімде. РОКСЕРАны ® миопатияға алып келетін жағдайда немесе рабдомиолиз салдарынан бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына бейім жағдайда тұрған емделушілерге тағайындауға болмайды (мысалы, сепсис, гипотензия, кең хирургиялық араласулар, жарақаттар, ауыр метаболикалық, эндокриндік және электролиттік бұзылулар, немесе бақыланбайтын құрысулар).
Бауырға әсері
HMG CoА редуктазаның басқа тежегіштеріндегі сияқты, РОКСЕРА® препараты алкогольдің артық мөлшерін пайдаланатын және/немесе сыртартқысында бауыр ауруы бар емделушілерге сақтықпен қолданылуы тиіс.Чайлд-Пью шкаласы бойынша 9-дан жоғары балға ие емделушілерге қолдану тәжірибесі жоқ.
Бауыр қызметінің көрсеткіштерін анықтауды емдеу басталғанға дейін және емдеу басталған соң 3 айдан кейін өткізу ұсынылады. Егер қан сарысуында трансаминаздың белсенділік деңгейі норманың жоғарғы шегінен 3 есе артық болса немесе тұрақты артуы атап өтілсе, РОКСЕРА® препаратын қолдануды тоқтату немесе препараттың дозасын азайту керек.
РОКСЕРА® препаратымен емдеу басталғанға дейін гипотиреоз немесе нефротикалық синдром салдарынан гиперхолестеринемиясы бар емделушілерге негізгі ауруларын емдеу жүргізілуі тиіс.
Нәсілі
Розувастатиннің жүйелік концентрациясы еуропалықтармен салыстырғанда, азиялық нәсілді емделушілерде жоғары.
Қосымша заттар туралы ақпарат
Үлбірлі қабықпен қапталған РОКСЕРА® таблеткаларының құрамында лактоза бар. Галактозаны көтере алмайтын сирек жағдайда тұқым қуалайтын проблемалары, Лаппа лактазасының тапшылығы бар немесе глюкоза-галактозаны сіңіруі бұзылған синдромы бар емделушілер осы препаратты қабылдамауы тиіс.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Розувастатиннің көлік құралын және әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсерін зерделеу бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ. Автомобильді басқарғанда немесе механизмдермен жұмыс істегенде, емдеу кезінде бас айналудың пайда болуы мүмкін екенін ескеру қажет.
Артық дозаланғанда
Симптомдары: жағымсыз әсерлер симптомдарының айқындылығы.
Емдеу: симптоматикалық, демеуші іс-шаралар қажет. Спецификалық емі жоқ. Бауыр қызметі мен КФК деңгейін бақылау қажет. Гемодиализдің тиімділігі аз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 мг, 10 мг, 20 мг және 40 мг үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
7 таблеткадан (40 мг доза үшін) немесе 10 таблеткадан (5 мг, 10 мг, 20мг және 40 мг доза үшін) немесе 14 таблеткадан (5 мг, 10 мг және 20 мг доза үшін) ламинацияланған OPA/Al/PVC және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
3, 9 пішінді ұяшықты қаптамадан (10 таблеткадан) немесе 2, 4, 12 пішінді ұяшықты қаптамадан (7 таблеткадан) немесе 1, 2, 6 пішінді ұяшықты қаптамадан (14 таблеткадан) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Түпнұсқалық қаптамасында сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Сақтау мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
КРКА, д.д. Ново место, Словения
Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
КРКА, д.д., Ново Место, Словения
Тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
ҚР «KRKA, tovarna zdravil, d.d., Novo mesto» өкілдігі
ҚР, 050059, Алматы қ-сы, Әл-Фараби д-лы, 5/1, секция 3 А, 4-ші қабат.
тел. 8 (727) 311-08-09
факс 8 (727) 311-08-12