Розулип Плюс

Розулип Плюс

Өнім мәліметтері
ӨндірушіЭгис
Өндіруші еліВенгрия
Формакапсулы
Саны30
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецепт арқылы
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Розувастатин, негізгі20 мг
Эзетимиб, көмекші10 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 0 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі

10 мг/10 мг, 20 мг/10 мг капсулалар

 

Құрамы

Бір 10 мг/10 мг капсуланың құрамында 

белсенді заттар: 10 мг розувастатин (10,68 мг мырыш розувастатиніне 

баламалы),

10мг эзетимиб, 
Бір 20 мг/10 мг капсуланың құрамында 

белсенді заттар:  20 мг розувастатин (21,36 мг мырыш розувастатиніне 

баламалы),

10мгэзетимиб, 
қосымша заттар: кремнийлі микрокристалды целлюлоза (микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, повидон, натрий кроскармеллозасы, маннитол, натрий лаурилсульфаты, орын басу дәрежесі төмен гидроксипропилцеллюза, 
Қатты желатинді капсуланың құрамы (CONI–SNAP 0): 
темірдің сары тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171), желатин (10 мг/ 10 мг доза үшін)
темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің сары тотығы (Е172),
 титанның қостотығы (Е171), желатин (20 мг/ 10 мг доза үшін)

Сипаттамасы

10 мг/10 мг капсулалар (розувастатин/эзетимиб): қатты желатинді капсулалар CONI-SNAP 0, таңбаланусыз, өздігіне жабылатын, сары түсті корпусы мен сары түсті қақпағымен, құрамында екі таблетка бар

Капсуланың құрамында: 

10 мг розувастатин таблеткалары: ақ немесе ақ дерлік түсті таблетканың бір жағында Е әрпі және 596 нөмірі бедерленіп ойылып жазылған, иіссіз немесе иіссіз дерлік, сопақша таблеткалар.

Эзетимиб таблеткалары: ақ немесе ақ дерлік түсті, таблетканың бір жағында Е әрпі және екінші жағында 612 нөмірі бедерленіп ойылып жазылған, иіссіз немесе иіссіз дерлік, дөңгелек жайпақ таблеткалар (10 мг/10 мг доза үшін).

20 мг/10 мг капсулалар (розувастатин/эзетимиб): қатты желатинді капсулалар CONI-SNAP 0, таңбаланусыз, өздігіне жабылатын, сары түсті корпусы мен карамель түсті қақпағымен, құрамында екі таблетка бар

Капсуланың құрамында: 

20 мг розувастатин таблеткаларыақ немесе ақ дерлік түсті таблетканың бір жағында Е әрпі және 597 нөмірі бедерленіп ойылып жазылған, иіссіз немесе иіссіз дерлік, сопақша таблеткалар.

Эзетимиб таблеткалары: ақ немесе ақ дерлік түсті, таблетканың бір жағында Е әрпі және екінші жағында 612 нөмірі бедерленіп ойылып жазылған, иіссіз немесе иіссіз дерлік, дөңгелек жайпақ таблеткалар (20 мг/10 мг доза үшін).

 

Фармакотерапиялық тобы

Гиполипидемиялық препараттар. HMG-CoA редуктаза тежегіштері басқа гиполипидемиялық дәрілермен біріктірілімде. Розувастатин және эзетимиб.

АТХ коды C10BA06

 

Фармакологиялық қасиеттері 

Фармакокинетикасы 

Розувастатин

Қан плазмасында розувастатиннің ең жоғары концентрациясына ішке қабылдағаннан кейін шамамен 5 сағаттан соң жетеді. Абсолютті биожетімділігі шамамен 20% құрайды. Розувастатиннің басым бөлігі бауырмен сіңіріледі, мұнда холестериннің негізгі синтезі және ТТЛП-Хс шығарылуы жүредіРозувастатиннің таралу көлемі шамамен 134 лқұрайды. Розувастатиннің 90%-ға жуығы плазма ақуыздарыменбасым бөлігі альбуминмен байланысады.Розувастатин болмашы дәрежеде метаболизмге ұшырайды (10%-ға жуығы). Розувастатин Р450 цитохромы жүйесінің изоферменттері үшін профильді емес субстрат болып табылады. CYP2C9 розувастатиннің метаболизмінеқатысатын негізгі ферменті болып табылады. CYP2С19, CYP3А4 және CYP2D6 ферменттері метаболизмге аз дәрежеде қамтылған

Розувастатиннің негізгі туындылары N-десметил метаболит және лактонды метаболиттер болып табыладыРозувастатинмен салыстырғанда, N-десметил белсенділігі шамамен 50%-ға төмен, лактонды туындылар фармакологиялық белсенді емес. Розувастатин айналымдағы 90%-дан асатын HMG-CoA-редуктазаның белсендiлiгiн басуды қамтамасыз етедi. Розувастатиндозасының 90%-ға жуығы нәжіспен (сіңген және сіңірілмеген розувастатинді қоса) өзгермеген түрде шығарыладыДозаның қалған бөлігі несеппен шығарыладыПрепаратдозасының 5%-ға жуығы несеппен өзгермеген түрде шығарылады. Қан плазмасынан препараттың жартылай шығарылу кезеңі шамамен 19 сағатты құрайды

Жартылай шығарылу кезеңі препараттың дозасын ұлғайту кезінде өзгермейдіОрташа геометриялық плазмалық клиренсі шамамен сағатына 50 литр құрайды (ауытқу коэффициенті 21.7%). HMG-CoA-редуктазасының басқа тежегіштеріне ұқсас розувастатиннің бауырды тұрақтату үдерісінде Розувастатиннің бауырдан шығарылуында маңызды роль атқаратын С (OATP-C)типті органикалық аниондарының жарғақшалық ақуыз-тасымалдағышы қатысады. Розувастатиннің жүйелік биожетімділігі дозаға пропорциональді ұлғаядыПрепаратты тәулігіне бірнеше рет қолданған кезде фармакокинетикалық параметрлері өзгермейді.

Пациенттердің айрықша топтары 

Жасы және жынысы: Розувастатиннің фармакокинетикалық қасиеттеріне жасының және жынысының клиникалық елеулі әсері байқалмады. Отбасылық гетерозиготты гиперхолестеринемиямен балаларға және жасөспірімдерге қолданған кезде розувастатиннің фармакокинетикасы ересек пациенттердің фармакокинетикасына ұқсас болған.

Нәсілі: Фармакокинетикалық зерттеулердің нәтижелері еуропалық нәсілді тұлғалармен салыстырғанда, азиялық нәсілді тұлғаларда (жапон, қытай, филиппин, вьетнам және корей) «концентрация-уақыт» (area under the curveAUC) қисығында орташа ауданы және қан плазмасында препараттың ең жоғары концентрациясы (Cmax) шамамен 2 есе жоғары екендігін мәлімдейді. Үнділіктерде бұл көрсеткіштер еуропалық нәсілді тұлғаларға қарағанда, шамамен1,3 есе жоғары. Популяциялық фармакокинетиканы талдау еуропалық және негроидты нәсілдердің арасында розувастатиннің фармакокинетикалық параметрлерінде клиникалық елеулі ерекшеліктерді анықтамаған.

Бүйрек функциясының бұзылуымен пациенттер. Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа бұзылуы қан плазмасында розувастатиннің немесе N-десметил-метаболиттің концентрациясына әсер етпеген. Бүйрек функциясының ауыр дәрежедегі бұзылуымен пациенттерде (креатинин клиренсі <30 мл/мин) розувастатиннің жәнеN-десметил-метаболиттің концентрациясы дені сау пациенттерге қарағанда, тиісінше және 9 есе жоғары болған.Гемодиализ сеансын қабылдайтын пациенттерде розувастатиннің плазмалық концентрациясы тепе-теңдік жағдайында дені сау пациенттерге қарағанда 50%-ға жоғары болған. 

Бауыр жеткіліксіздігімен пациенттер: Әртүрлі дәрежедегі ауырлықтағы бауыр жеткіліксіздігімен пациенттердеЧайлд-Пью шкаласы бойынша 7 балдан кем мәнмен тұлғаларда розувастатиннің әсерінің жоғарылауы туралы деректер болған жоқ. Әйтсе де Чайлд-Пью шкаласы бойынша 8 және 9 балл мәнімен 2 қатысушыда Чайлд-Пью шкаласы бойынша төменірек мәнімен қатысушылармен салыстырғанда розувастатиннің жүйелі әсерінің кем дегенде 2 есе жоғарылауы байқалды. Чайлд-Пью шкаласы бойынша 9 баллдан жоғары мәнімен тұлғаларда розувастатинді қолдану тәжірибесі жоқ.
Генетикалық полиморфизм. OATP1B1 және BCRP тасымалдаушы ақуыздар ГМГ-КоА-редуктазаның оның ішіндерозувастатиннің де тежегіштерін шығаруға қатысады

SLCO1B1 (OATP1B1) және/немесе ABCG2 (BCRP) генетикалық полиморфизмімен пациенттерде розувастатинэкспозициясының жоғарылау қаупі бар. SLCO1B1 c.521CC және ABCG2 c.421AA жекелей полиморфизмі үшін розувастатиннің экспозициясының (AUC) SLCO1B1 c.521TT және ABCG2 c.421CC генотиптерімен салыстырғанда сәйкесінше 1.7 есе және 2.4 есе жоғарылауы сипатты. 

Бала жасындағы пациенттер. Розувастатин фармакокинетикасының параметрлері гетерозиготалы тұқым қуалаған гиперхолестеринемиямен 10–17 бала жасындағы пациенттерде толық сипатталған жоқ. 18 балада розувастатин фармакокинетикасының аздаған зерттеулері көрсеткендей розувастатиннің бала жасындағы пациенттердегі әсері ересектердегі әсеріне ұқсауы мүмкін. Одан басқа, зерттеу нәтижелері көрсеткендей, дозаға тәуелділіктен айтарлықтай ауытқуы күтілмейді. 

Эзетимиб

Эзетимиб ішке қабылдағаннан кейін жылдам сіңеді және айтарлықтай дәрежеде фармакологиялық белсенді фенолды глюкуронид - эзетимиб глюкуронидін түзумен конъюгацияланады. Эзетимибтің плазмадағы ең жоғары концентрациясының (Cmax) орташа мәні эзетимиб глюкурониді және эзетимиб үшін сәйкесінше қабылдағаннан кейін 1–2 және 4–12 сағаттан соң байқалады. Эзетимибтің абсолютті биожетімділігін анықтау мүмкін емес, өйткені ол іс жүзінде инъекция үшін жарамды сулы ортада ерімейді.

Бір мезгілде ас қабылдау (майлардың жоғары және төмен құрамымен) ішке қабылдағаннан кейін эзетимибтің биожетімділігіне әсер етпейді. Эзетимибті ас қабылдауға тәуелсіз қабылдауға болады.Эзетимиб пен оның глюкуронидінің плазма ақуызымен байланысуы сәйкесінше 99.7% және 88–92% құрайды. Эзетимибтің метаболизмі глюкурондану арқылы (II фаза реакциясы) және кейіннен өтпен бірге шығарылумен негізінен аш ішекте жүреді. 

Барлық зерттелген түрлерінде эзетимибтің ең төмен айқындықпен тотығу метаболизмі байқалды (I фаза реакциясы).

Эзетимиб пен эзетимиб-глюкуронид препараттың негізгі туындылары, препараттың қан плазмасындағы жалпы құрамының сәйкесінше 10-20% және 80-90% құрайды. Эзетимиб пен эзетимиб-глюкуронид қан плазмасынан ішек-бауыр рециркуляциясы жолымен баяу шығарылады. Эзетимиб пен эзетимиб-глюкуронидтің жартылай ыдырау уақыты 22 сағатқа жуықты құрайды.

Пациенттердің ерекше тобы

Пациенттердің жасы және жынысы: 65 жастан асқан пациенттерде қан плазмасындағы эзетимибтің жалпы концентрациясы 18-45 жастағы пациенттерге қарағанда шамамен 2 есе жоғары. ТТЛП-Хс және қауіпсіздік бейінінің төмендеу деңгейі эзетимиб қабылдайтын егде және жасырақ пациенттерде шамамен бірдей. Сондықтан егде жастағы пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді.Эзетимибтің жалпы концентрациясы ерлерге қарағанда әйелдерде шамамен 20% жоғары. ТТЛП-Хс және қауіпсіздік бейінінің төмендеу деңгейі эзетимиб қабылдайтын ерлер мен әйелдерде шамамен бірдей. Сондықтан жынысы дозаны түзету үшін себеп болып табылмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттер: Ауыр бүйрек жеткіліксіздігімен ( КК ≤30 мл/мин) пациенттерде 10 мг эзетимибті ішке бір рет қабылдағаннан кейін AUC орташа мәні дені сау қатысушылармен салыстырғанда 1.5 есе артты. Бұл нәтиженің клиникалық мәні бар деп саналмайды. Бүйрек функциясы әлсіреген пациенттер үшін дозаны түзету талап етілмейді. Осы зерттеуді бір пациентте (бүйрек трансплантациясын өткерген, әртүрлі дәрілік заттар, оның ішінде циклоспорин қабылдаған) эзетимибтің барлық түрінің жалпы әсері 12 есе жоғарылады.

Бауыр жеткіліксіздігімен пациенттер: 10 мг эзетимибті бір рет қабылдағаннан кейін AUC орташа мәні эзетимибтің барлық түрі үшін дені сау қатысушылармен салыстырғанда аздап байқалатын (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 5–6 балл) бауыр жеткіліксіздігімен пациенттерде шамамен 1,7 есе жоғары болды. Эзетимибті тәулігіне 10 мг дозада күнделікті қабылдаумен 14-күндік зерттеуде орташа дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігімен (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 7–9 балл) пациенттерде эзетимибтің барлық түрі үшін орташа AUC дені сау қатысушылармен салыстырғанда шамамен 4 есе жоғары болды (зерттеудің 1-ші және 14-ші күндері). Бауыр функциясының аздаған жеткіліксіздігімен пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. 

Бауыр функциясының орташа немесе айтарлықтай ауырлықтағы жеткіліксіздігімен пациенттерде (Чайлд-Пью шкаласы бойынша >9 балл) эзетимибтің әсерінің жоғарылауының белгісіз әсерлері себебінен эзетимибті осындай пациенттерде қолдану ұсынылмайды.

Бала жасындағы пациенттер. Эзетимибтің сіңуі және метаболизмі балалар, жасөспірімдер (10–18 жас) және ересектерде ұқсас. Осы деректер негізінде эзетимибтің жалпы құрамы үшін ересектер мен жасөспірімдер арасында фармакокинетика айырмашылығы жоқтығы туралы қорытынды жасауға болады. 

10 жастан кіші балалар үшін фармакокинетикасына қатысты деректер жоқПрепаратты балалар мен жасөспірімдерде қолданудың клиникалық тәжірибе гомо- немесе гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия немесе ситостеролемиямен пациенттерді қамтиды.

Розувастатин мен эзетимибті біріктіріп емдеу

10 мг розувастатин мен 10 мг эзетимибті бір мезгілде қолдану розувастатин AUC 1,2 есе жоғарылауына (гиперхолестеринемиямен пациенттерде) әкеледі. Розувастатин мен эзетимиб арасында жағымсыз әсерлерге қатысты фармакодинамикалық өзара әрекеттесуді жоққа шығаруға болмайды.

Фармакодинамикасы 

Розувастатин

Розувастатин – селективті, 3-гидрокси-3-метилглутарил-коэнзим А мевалонатқа өзгеруді катализдейтін HMG-CoA-редуктазасы–ферментінің бәсекелес тежегіші, холестериннің ізашары. Розувастатин әсерінің негізгі нысанасы бауыр болып табылады, мұнда холестериннің (ХС) синтезі және тығыздығы төмен липопротеиндердің (ТТЛП) катаболизмі жүзеге асырылады. 

Розувастатин жасушалардың беткейіндегі ТТЛП бауыр рецепторларының санын ұлғайтады, оның есебінен ТТЛП қармауы және катаболизмі күшейеді және бауырда тығыздығы өте төмен липопротеидтерд (ТӨТЛП) синтезі басылады. Нәтижесінде ТӨТЛП және ТТЛП жалпы саны төмендейді. 

Розувастатин ТТЛП холестеринінің (ТТЛП-Хс), жалпы холестериннің және триглицеридтердің (ТГ)жоғары құрамын төмендетеді, тығыздығы жоғары липопротеидтер холестеринінің (ТЖЛП-Хс) деңгейін жоғарылатады, сондай-ақ аполипопротеин В (АпоВ), ТЖЛП емес холестерині (ТЖЛП емес-Хс), ТӨТЛП холестерині (ТӨТЛП-Хс), ТӨТЛП триглицеридтері (ТӨТЛП-ТГ) құрамын төмендетеді және А-аполипопротеині (АпоА-I) құрамын ұлғайтады, ТТЛП-Хс/ТЖЛП-Хс арақатынасын төмендетедіжалпы холестерин/ТЖЛП-Хс, ТЖЛП емес -Хс /ТЖЛП-Хс және АпоВ/АпоА-I төмендетеді (1-кестені қараңыз).

1-кесте. Алғашқы гиперхолестеринемиямен (IIа және IIb типті)пациенттердi емдеу кезiнде препараттың әртүрлі дозаларының әсерлері (бастапқы деңгеймен салыстырғанда түзетiлген орташа пайыздық өзгерiстер)

Дозасы

N

ТТЛП-Хс

Жалпы холестерин

ТЖЛП-Хс

Триглицеридтер

ТЖЛПемес-Хс

АпоВ

АпоА I

Плацебо

13

-7

-5

3

-3

-7

-3

0

5 мг

17

-45

-33

13

-35

-44

-38

4

10 мг

17

-52

-36

14

-10

-48

-42

4

20 мг

17

-55

-40

8

-23

-51

-46

5

40 мг

18

-63

-46

10

-28

-60

-54

0

 

Терапиялық әсері препаратпен емдей бастағаннан кейiн бiр апта iшiнде айқындалады, 2 апта емдегеннен кейiн барынша мүмкiн болатын әсердің 90%-на жетедi. Ең жоғары терапиялық әсерге әдетте 4-аптаға таман жетедi және жүйелi қабылдау кезінде сақталып тұрады. 

Эзетимиб

Эзетимиб – гиполипидемиялық қосылыстың жаңа класының өкілі болып табылады, ол холестериннің және онымен байланысқан фитостеролдардың ішектегі сіңуін іріктеп басадыӘсер ету механизмі гиполипидемиялық дәрілердің басқа тобынан (мысалы, статиндерөт қышқылдарының секвестранттары, фибраттар мен фитостанолдар)ерекшеленеді. Эзетимибтің молекулярлық нысанасы холестериннің жасушаішілік тасымалдануына қатысатын Ниманна-Пик типті С1 ақуызға ұқсас (NPC1L1- Niemann-PickC1-Like 1), ақуыз болып табылады. Эзетимиб аш ішектің эпителийінің шөткелік шетінде орналасқан және сол жерде холестериннің сіңуін бәсеңдетеді, ол өз кезегінде холестериннің ішектен бауырға түсуін төмендетеді. Статиндер холестериннің бауырдағы синтезін азайтады. Эзетимиб пен статиндер 2 әртүрлі механизмдері есебінен холестерин деңгейінің қосымша төмендеуімен қамтамасыз етеді. 

Гиперхолестеринемиямен пациенттерде эзетимиб плацебомен салыстырғанда холестериннің ішектегі сіңуін 54 %-дан артық бәсеңдетеді. Эзетимиб [14C] – холестериннің сіңуін триглицеридтердің май қышқылдарының, өт қышқылдарының, прогестерон, этинилэстрадиол, немесе майда еритін A және D витаминдерінің сіңуіне әсер етпей бәсеңдетеді.

Эпидемиологиялық зерттеулер көрсеткендей, жүрек-қантамыры аурулары және өлім жағдайлары мен жалпы ХС және ЖТЛП - ХС жалпы деңгейімен тікелей корреляцияланады және ЖТЛП-ХС деңгейімен кері корреляцияланады. Эзетимибтің жүрек-қантамыры аурулары және өлім жағдайларына жағымды әсері әзірге анықталған жоқ.

Розувастатин мен эзетимибті бір мезгілде қолдану

Клиникалық тиімділігі

Аталған зерттеулер эзетимибті 5 немесе 10 мг розувастатинмен емге қосудың ТТЛП холестерин деңгейін 21%-ға төмендететінін көрсетеді. Бұған керісінше розувастатиннің дозасын 10-нан 20 мг дейін жоғарылату ТТЛП холестеринінің 5,7%-ға төмендеуіне әкелді (топтар арасындағы айырмашылық 15,2%, p <0,001). 

10 мг розувастатинді (айырмашылығы 12,3%-ға, p <0,001) қабылдаумен салыстырғанда эзетимиб + розувастатин 5 мг ТТЛП холестерині деңгейін айтарлықтай төмендетті, ал 20 мг розувастатинді қабылдаумен салыстырғанда (айырмашылығы 17,5%-ға, p <0,001) эзетимиб + розувастатин 10 мг ТТЛП холестерині деңгейін айтарлықтай төмендететіні жеке талдамаларда көрсетілген.

Ашық рандомизирленген 12-апталық зерттеулерде емдеудің әр тобында (розувастатин 10 мг + эзетимиб 10 мг, розувастатин 20 мг + эзетимиб 10 мг, симвастатин 40 мг + эзетимиб 10 мг, симвастатин 80 мг + эзетимиб 10 мг)ТТЛП төмендеу деңгейін бағалады. Холестериннің төмендеуі бастапқы деңгейіне қатысты розувастатиннің төмен дозасымен біріктірілімде қолданғанда 59,7% құрады, ол симвастатиннің төмен дозасымен біріктірілімде қолданумен: 55,2 % (p<0,05) салыстырғанда төмен. Симвастатиннің жоғары дозасымен біріктірілімде қолданғанда 57,4% төмендеумен салыстырғанда (p<0,001), розувастатиннің жоғары дозасымен біріктірілімде қолдану холестериннің деңгейін 63,5%-ға төмендетті.

 

Қолданылуы 

Ересектерде алғашқы гиперхолестеринемияны емдеуде (диетаға қосымша ретінде):

- розувастатинмен монотерапияда ауру жеткілікті бақыланбағанданемесе

- екі жеке дәріні бекітілген біріктірілімдегі дозаларда бір мезгілде қолданғанда ауру жеткілікті бақыланатын пациенттерде орын басушы ем ретінде.

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты дәрiгердiң қатаң тағайындауы бойынша қолданады! 

Розулип Плюс препаратын ас қабылдауға қарамастан, күніне бір мезгілде қабылдауға болады. Капсуланы бүтіндей жұтып, сумен ішу керек. Пациенттің Розулип Плюс препаратымен емдеу басталғанға дейiн және курсы бойы холестериннiң төмен құрамымен стандартты емдәмді сақтауы керек. Емдеу мақсатына және емдеуге жауапқа қарай, препараттың дозасын липидтердің мақсатты деңгейі негізінде жекелей іріктеу керек. 

Біріктірілген емді тек розувастатиннің немесе препараттың екі компонентінің қажетті дозасын анықтағаннан кейін бастау керекДозалануы сонымен қатар жағымсыз реакциялар қаупін ескеруі керек. Дозаны түзетуді емнің 4 аптасынан кейін жүргізуге болады.

Ұсынылған тәуліктік доза ас қабылдауға байланыссыз қабылданатын бір капсуланы құрайды. Розулип Плюс препаратын гиполипидемиялық емнің бірінші желі емі ретінде қолдануға болмайды.

10 мг/10 мг және 20 мг/10 мг Розулип Плюс капсулалары розувастатиннің 40 мг тең дозасы талап етілетін пациенттерді емдеу үшін жарамайды.

Розулип Плюс препаратын өт қышқылы секвестрантын қабылдағанға дейін ≥2 сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін ≥4 сағаттан соң қабылдау керек.

Бала жасындағы пациенттер

18 жасқа толмаған тұлғаларда Розулип Плюс препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. 

Егде жастағы пациенттер

70 жастан асқан пациенттерде розувастатиннің ұсынылған бастапқы дозасы 5 мг. Препараттардың аталған біріктірілімін бірінші желі емі ретінде қабылдауға болмайды. Біріктірілген емді тек розувастатиннің немесе екі компоненттің сәйкес дозасын таңдағаннан кейін бастау керек.

Бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттер

Бүйрек функциясының жеңіл және орташа бұзылуымен пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Бүйрек функциясының орташа бұзылуымен пациенттерде (креатинин клиренсі <60 мл/мин) розувастатинді қабылдауды 5 мг дозадан бастау ұсынылады. Дозалардың бекітілген біріктірілімін бірінші желі емі ретінде қолдануға болмайды. Біріктірілген емді розувастатин немесе екі компоненттің сәйкес келетін дозасын таңдағаннан кейін бастау керек

Бүйрек функциясының ауыр бұзылуымен пациенттерде розувастатиннің кез келген дозасын қабылдауға болмайды.

Бауыр жеткіліксіздігімен пациенттер 

Бауыр функциясының жеңіл бұзылуымен пациенттерде (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 5–6 балл) дозаны түзету талап етілмейді. Бауыр функциясының орташа дәрежедегі бұзылуымен (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 7–9 балл) немесе бауыр функциясының ауыр дәрежедегі бұзылуымен (Чайлд-Пью шкаласы бойынша >9 балл) пациенттерде Розулип Плюс препаратын қолдануға болмайды. Розулип Плюс препаратын жедел бауыр ауруларымен пациенттерге қолдануға болмайды.

Нәсілі 

Азиялық нәсілді пациенттерде розувастатиннің жүйелі әсерінің жоғарылауы байқалды. Азиялық нәсілді пациенттерде розувастатиннің ұсынылған бастапқы дозасы - 5 мг. Дозалардың бекітілген біріктірілімін бірінші желі емі ретінде қолдануға болмайды. Біріктірілген емді розувастатиннің немесе екі компоненттің сәйкес келетін дозасын таңдағаннан кейін бастау керек.

Генетикалық полиморфизм

Гендік полиморфизмнің кейбір типтері розувастатиннің жүйелі әсерін арттырады. Полиморфизмнің кейбір типтерінің бары анықталған пациенттерде Розулип Плюс препаратының төменірек тәуліктік дозасын қолдану ұсынылады.

Миопатияға бейім пациенттер

Миопатияға бейім пациенттерде розувастатиннің бекітілген бастапқы дозасы- 5 мг. Дозалардың бекітілген біріктірілімін бірінші желі емі ретінде қолдануға болмайды. Біріктірілген емді розувастатин немесе екі компоненттің сәйкес келетін дозасын таңдағаннан кейін бастау керек.

Бір мезгілде басқа препараттармен емдеу

Розувастатин әртүрлі тасымалдаушы ақуыздардың (OATP1B1 және BCRP) субстраты болып табылады. Розулип Плюспрепаратын жоғарыда аталған тасымалдаушы ақуыздармен (мысалы, циклоспорин, сондай-ақ кейбір протеаза тежегіштері, оның ішінде ритонавирдің атазановирмен, лопинавирмен және/немесе типранавирмен біріктірілімі) өзара әрекеттесуі нәтижесінде розувастатиннің плазмадағы концентрациясын жоғарылатуға қабілетті кейбір препараттармен бір мезгілде қолданғанда миопатияның даму қаупі (оның ішінде рабдомиолиздің де) жоғарылайды. Мүмкіндігінше балама препараттарды қабылдау, ал қажет болғанда уақытша Розулип Плюс препаратын қабылдауды тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек. Осындай дәрілік заттарды бірге қолдану қажет болған жағдайда, біріктірілген еммен және Розувастатин препаратының дозасын өзгертумен байланысты пайда мен қаупін мұқият қарастыру керек.

 

Жағымсыз әсерлері

Розувастатинді қабылдағанда байқалатын жағымсыз реакциялар әдетте қайтымды және ауырлығы орташа болады. 

Жиі (1/100 – 1/10)

-қант диабеті1

-бас ауыруы, бас айналуы

- жүрек айнуы, іштің ауыруы2, метеоризм2, іш қатуы, диарея2

-миалгия4

- астения, шаршағыштық2

-АЛТ және/немесе АСТ деңгейінің жоғарылауы4

Жиі емес (1/1,000 – 1/100)

- тәбеттің төмендеуі

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.