- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Аспаркам
Аспаркам
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Галичфарм |
---|---|
Өндіруші елі | Украина |
Форма | таблетки |
Саны | 50 |
Қаптамасы | көпіршік |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Калий және магний аспарагинаты, негізгі | 0.36 гр |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 290 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және
фармацевтикалық қызметті
бақылау комитеті Төрағасының
201 жылғы “____” ___________
№ _____ бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы
жөніндегі нұсқаулық
АСПАРКАМ
Саудалық атауы
Аспаркам
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: магний аспарагинаты - 0,175 г, калий аспарагинаты - 0,175 г мына өрнек бойынша алынған: D, L-аспарагин қышқылы - 0,2584 г 100% құрамына шаққанда магний оксиді - 0,0196 г, 100%құрамына шаққанда калий гидрототығы - 0,0545 г
қосымша заттар: жүгері крахмалы, твин-80, кальций стеараты, тальк.
Сипаттамасы
Беті тегіс, жалпақ цилиндр пішінді, өзіне тән иісі, сызығы бар ақ түсті таблеткалар. Таблеткалардың беткейіндегі мәрмәрлікке жол беріледі.
Фармакотерапиялық тобы
Минералды қоспалар. Басқа да минералды заттар.
АТЖ коды А12СХ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Тез әрі толығымен сіңеді, көбінесе бүйрекпен шығарылады. Қандағы калий мен магний концентрациялары препаратты қабылдағаннан кейін 1-2 сағаттан соң ең жоғарғысына жетеді. Қаннан препарат кардиомиоциттердің ішіне К+, Mg2+ иондары мен аспарагинат түрінде түседі және жасуша метаболизміне қатысады.
Фармакодинамикасы
Аспаркам метаболикалық үдерістерді реттейтін дәрілік заттарға жатады. Әсер ету механизмі аспарагинаттардың магний мен калий жасушаішілік кеңістікке тасымалдау рөлімен және олардың метаболикалық үдерістерге қатысуымен байланысты. Аспаркам электролиттер теңгерімі бұзылуын, магний мен калий тапшылығын жояды, миокардтың қозғыштығы мен өткізгіштігін төмендетеді, аритмияға қарсы орташа әсер береді, миокардтағы зат алмасу мен коронарлық қан айналымын жақсартады, сондай-ақ миокардтың жүрек гликозидтеріне сезімталдығы мен олардың уыттылығының пайда болуын азайтады. Mg + иондары Na+, К+-АТФазаны белсенділендіреді, осыған байланысты Na+ иондарының жасушаішілік концентрациясы төмендейді және К+ иондарының жасушаларға түсуі артады. Жасуша ішіндегі Na+ иондарының концентрациясы төмендегенде, қан тамырлардың тегіс бұлшықеттеріндегі Na+ және Са2+ иондарының алмасуы тежеледі, бұл олардың босаңсуына алып келеді. К+ иондары АТФ, гликоген, ақуыздар, ацетилхолин синтезін көтермелейді. К+ және Mg2+ иондары жасуша жарғақшаларының поляризациясын демеп тұрады. Аспарагинат К+ және Mg 2+ иондарын тасымалдағыш болып табылады және олардың жасушаішілік кеңістікке түсуіне ықпал етеді. Жасушаға түсе отырып, Аспарагинат метаболизм үдерістеріне де қатысады, амин қышқылдарының, амин қанттарының, нуклеотидтердің, құрамында азот бар липидтердің синтезделуіне ықпал етеді, ишемияланған миокардтың энергетикалық алмасуы бұзылуын түзейді.
Қолданылуы
– жүрек жеткіліксіздігін, миокард инфарктісінен кейінгі жағдайларды, электролиттік бұзылулардан болған жүрек ырғағы бұзылуын (көбінесе қарыншалық аритмияларды) кешенді емдеу құрамында.
–жүрек гликозидтерінің тиімділігін күшейту және көтерімділігін жақсарту үшін.
–гипокалиемиямен және гипомагниемиямен қатар жүретін жағдайларда (соның ішінде салуретиктердің артқы дозалануымен).
Қолдану тәсілі мен дозалары
Аспаркам таблеткаларын ішу арқылы қабылдайды.
Ересектерге препаратты тәулігіне 3 рет тамақтан кейін 1 - 2 таблеткадан тағайындайды. Емдеу курсы - 3 - 4 апта.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз әсерлер өте сирек болады:
- жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы, эпигастрий аймағындағы жайсыздықты немесе ашытуды сезіну, асқазан-ішектен қан кету, ас қорыту жолының шырышты қабығының ойық жаралары, ауыздың құрғауы
- миокард өткізгіштігінің бұзылуы, артериялық қан қысымының төмендеуі, AV-блокада
- жүйке-бұлшықет блокадасы
- парестезиялар, гипорефлексия, құрысулар болуы мүмкін
- қышу, бет терісінің қызаруы, бөртпе
- тыныс алудың бәсеңдеуі мүмкін (гипермагниемиядан болған)
басқа: ысыну сезімі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық
- жедел және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- Аддисон ауруы
- гиперкалиемия
- гипермагниемияда
- II-III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада
- кардиогендік шок (АҚ< 90 мм сын.бағ.)
- анурия
- айқын артериялық гипотензия
- 18 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Аспаркамды калий сақтаушы диуретиктермен және АӨФ тежегіштерімен, бета-андренобөгегіштермен, циклоспориндермен бір мезгілде қолданғанда, препарат құрамында калий иондарының болуына байланысты, гиперкалиемияның даму қаупі артады (қан плазмасындағы калий деңгейін бақылау керек) және ішек перистальтикасына бәсеңдеткіш әсері күшейеді.
Препарат тетрациклиннің пероральді түрлерінің, темір тұздарының және натрий фторидінің сіңуін тежейді (қабылдаулар арасындағы 3 сағаттық аралықты ұстану қажет).
Аспаркам миокард кезінде трофикалық үдерістерді көтермелейтін дәрілік заттардың әсерін күшейтеді; салуретиктерді, кортикостероидтарды, жүрек гликозидтерін қолданудан болған гипокалиемияның дамуын болдырмайды. Аспаркам жүрек гликозидтерінің кардиоуытты әсерін азайтады.
Антидеполяризациялаушы миорелаксанттармен бір мезгілде қолданғанда жүйке-бұлшықет бөгелісі күшейеді, наркозға арналған дәрілермен (кетамин, гексанал, фторотан және басқа) – орталық жүйке жүйесі бәсеңдейді.
Аспаркам неомициннің, В полимиксинінің, тетрациклин мен стрептомициннің тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты ұзақ уақыт қолданғанда, қандағы калий мен магний деңгейлерін, сондай-ақ электролиттік гемостаз көрсеткіштері мен ЭКГ мәліметтеріне ұдайы мониторинг жүргізу қажет.
Калий препараттары ішке қабылдағанда асқазан-ішек жолының шырышты қабығын тітіркендіруі мүмкін екендігін ескере отырып, препаратты аш қарынға қабылдау ұсынылмайды. Бүйрекүсті бездерінің жеткіліксіздігі бар емделушілерде гиперкалиемияның даму қаупі артады.
Жүктілік немесе бала емізу кезінде қолданылуы.
Препараттың жүктілік немесе бала емізу кезіндегі жағымсыз ықпалы туралы мәліметтер жоқ. Алайда, егер дәрігердің ойынша, әйел үшін күтілетін пайдасы ұрық немесе бала үшін қаупінен асатын болса, препаратты қолдануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік заттың автокөлік басқару және күрделі механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне теріс әсері жоқ, бірақ дәрілік заттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, сақ болу керек.
Артық дозаланғанда
Қазіргі уақытта артық дозаланған жағдайлар тіркелмеген. Теория жүзінде артық дозаланғандагиперкалиемия белгілері дамуы мүмкін (жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы, ауыздың металлтатуы, брадикардия, әлсіздік, бағдарсыздық, бұлшықеттің салдануы, аяқ-қолдардың парестезиялары) және гипермагниемиялар (бет терісінің қызаруы, шөлдеу, артериялық гипотензия, гипорефлексия, жүйке-бұлшықет берілісінің бұзылуы, тыныс алудың бәсеңдеуі, аритмия, құрысулар). Электрокардиограммада Т тісі биіктігінің жоғарылауы, Р тісі амплитудасының төмендеуі, QRS кешенінің кеңеюі тіркеледі.
Емі: препаратты тоқтату, белгілеріне қарай емдеу (кальций хлоридін минутына 100 мг дозада көктамыр ішіне енгізу), қажет болса - гемодиализ.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
50 таблеткадан поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 100 пішінді ұяшықты қаптамадан, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықтардың сәйкесінше санымен қорапқа салады.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде +15°С-ден +25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Галичфарм» АҚ
Украина, 79024, Львов қ-сы, Опрышковская к-сі, 6/8
Тіркеу куәлігінің иесінің атауы мен елі
«Галичфарм» АҚ, Украина
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
Қазақстан Республикасындағы «Артериум» корпорациясының өкілдігі
050060, Алматы қ-сы, Әл Фараби даңғылы 97, 3 подъезд, «54» кеңсе
Тел/факс: 8(727)315-82-09; 8(727)315-82-10
E-mail: office@arterium.kz