Валидол глюкозамен

Валидол глюкозамен

Өнім мәліметтері
ӨндірушіИрбит химия-фармацевтикалық зауыты
Өндіруші еліРесей
Форматаблетки
Саны10
Қаптамасыкөпіршік
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Валидол, негізгі60 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 0 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

               

«Қазақстан Республикасы 

Денсаулық сақтау министрлігі 

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» РММ төрағасының 

20    жылғы «___»  ___________

№ __________бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

 

 

Дәрілік препаратты медициналық қолдану

жөніндегі нұсқаулық  (Қосымша-парақ)

 

Саудалық атауы

Глюкоза қосылған валидол

 

Халықаралық патенттелмеген атауы 

Жоқ 

 

Дәрілік түрі, дозалануы

Тіл астына салатын таблеткалар

 

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек-қантамыр жүйесі. Кардиологиялық препараттар. Басқа кардиологиялық препараттар. Кардиологиялық препараттардың басқа біріктірілімдері.

АТХ коды С01ЕХ

 

Қолданылуы 

-       функционалдық кардиалгиялар

-       невроздар

-       теңіз және ауа ауруларында құсуға қарсы дәрі

 

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

-       белсенді заттарға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

-       балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

-       айқын артериялық гипотензия

-       жедел миокард инфаркті

-       тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактозды мальабсорбция, сахараза-изомальтаза тапшылығы.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары 

Препарат тек жүрек ишемиялық ауруының бастапқы сатысында ғана көмектесе алатынын ескеру керек.

Дәрілік заттың құрамында глюкоза және сахароза болғандықтан, қант диабетімен ауыратындарға сақтықпен тағайындаған жөн.

Препарат құрамында сахароза бар - сирек кездесетін тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактозамальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза тапшылығы бар пациенттер глюкоза қосылған валидолды қабылдамағаны жөн.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Препарат нитраттарды қабылдаудан туындаған бас ауыруында тиімді дәрі болып табылады. Бәсеңдететін типтегі нейротропты дәрілермен бірге қолданғанда соңғыларының ОЖЖ басатын әсерін күшейтеді.

Апиындық анальгетиктердің, алкогольдің және наркозға арналған дәрілердің седативті әсерін оларды бір уақытта қолданғанда күшейтеді.

Гипертензияға қарсы препараттардың әсерін оларды бір уақытта қолданғанда күшейтуі мүмкін.

Арнайы ескертулер

Препарат тек жүрек ишемиялық ауруының бастапқы сатысында ғана көмектесе алатынын ескеру керек.

Дәрілік заттың құрамында глюкоза және сахароза болғандықтан, қант диабетімен ауыратындарға сақтықпен тағайындаған жөн.

Препарат құрамында сахароза бар - сирек кездесетін тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактозамальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза тапшылығы бар пациенттер глюкоза қосылған валидолды қабылдамағаны жөн.

Педиатрияда қолданылуы 

Препаратты балаларды емдеу  үшін қолдану тәжірибесі жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілік заттың жүкті және бала емізетін әйелдердегі қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша деректер жоқ.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік заттың бас айналуы және ұйқышылдық сияқты жағымсыз әсерлерін ескере отырып, автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақ болу керек.

 

Қолдану бойынша ұсынымдар

Дозалау режимі

Ересектерге арналған бір реттік доза 1-2 таблетка, тәуліктік доза 2-4 таблетка.

Енгізу әдісі және жолы 

Сублингвальді. Таблетканы толық ерігенге дейін тіл астында ұстайды.

Емдеу ұзақтығы

Қабылдау ұзақтығы емнің тиімділігіне байланысты анықталады.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет шаралар

Симптомдары: бас ауыруы, жүрек айнуы, қозу, артериялық қысымның төмендеуі, орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеу симптомдары. 

Емі: препарат қабылдауды тоқтату, симптоматикалық емдеу.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

Препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге немесе дәріхана қызметкеріне хабарласыңыз.

 

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)

-         аллергиялық реакциялар

-         Квинке ісінуі

-         есекжем

-         бөртпе

-         қышу

-         бас айналуы

-         ұйқышылдық 

-         жас ағу 

-         қысқа мерзімді артериялық гипотензия 

-         аздап жүрек айнуы

-         іштегі жайсыздық

 

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

 

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: ментил изовалераттағы ментол ерітіндісі (Валидол)       60.0 мг, 

декстроза моногидраты 188.0 мг;

қосымша заттар: сахароза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, стеарин қышқылы.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы 

Жалпақ цилиндр пішінді, сызығы мен ойығы, ментолға тән иісі бар, ақ немесе сұрғылт теңбілдерімен ақ түсті таблеткалар.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және лакталған баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 

1,2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге картон қорапшаға салынады. 

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға қорапшаға салмай салуға болады.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды! 

Сақтау шарттары

+8 ºС-ден +18 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек. 

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

 

Өндіруші туралы мәліметтер

«Ирбит химия-фармацевтикалық зауыты» ААҚ, Ресей

623856, Свердлов обл., Ирбит қ., Киров көш., 172

Тел./факс: (34355) 3-60-90

 e-mail: info@ihfz.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Ирбит химия-фармацевтикалық зауыты» ААҚ, Ресей

623856, Свердлов обл., Ирбит қ., Киров көш., 172

Тел./факс: (34355) 3-60-90

 e-mail: info@ihfz.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның  атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

Утегенова Б.А. ЖК

050022, Қазақстан, Алматы қ., Мауленов көш., 123 «А», 7 пәт.

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.