- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Карнис
Карнис
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Блэсс Лаб Bless Laboratories |
---|---|
Өндіруші елі | Пакистан |
Форма | сироп |
Саны | 1 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Левокарнитин, негізгі | 500 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 0 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Карнис
Carnis
Қолдану жөніндегі нұсқаулық
Құрамы
5 мл шәрбаттың құрамында
Белсенді заттар:
L- карнитин 500 мг, Коэнзим Q10 5 мг, В12 дәрумені (цианкоболамин) 0.5 мкг,
Қосалқы заттар: сахароза, лимон қышқылының моногидраты, сукралоза, қызыл бояғыш, хош иістендіргіш зат – Тутти-фрутти.
Сипаты
Тутти-фрутти хош иісі бар қызыл түсті шәрбат.
Әсер етуі
Карнис шәрбатының әсер етуі құрамына кіретін құрауыштардың әсерімен айқындалады.
L-карнитин – табиғи зат, В тобының дәрумендеріне тектес.
L-Карнитин бауыр мен бүйректерде метиониннен және лизиннен түзіледі. L-карнитиннің негізгі метаболиттік функциясы – бұл ұзын тізбекті майлы қышқылдарды митохондриялық мембрана арқылы тасымалдау. Митохондрияларда олар ß-тотығуға және АТФ түзілумен одан әрі метаболизмге ұшырайды.
АТФ синтезінің деңгейі митохондриялардың ішінде майлы қышқылдардың түсіміне тәуелді.
Бұл процестің түйінді қатысушысы L-карнитин болып табылады. Майлы қышқылдар митохондриялардың ішіне өздігінен енуге қабілетсіз, және L-карнитин оларды мембраналар арқылы аударатын қайық ретінде қызмет етеді. Жасушаларда L-карнитиннің құрамына майлардың қатысуымен энергетикалық алмасудың тиімділігі тәуелді. L-карнитиннің энергетикалық әсер етуі бауырдың жағдайына жағымды ықпал етеді, нәтижесінде бауыр өзінің дезинтоксикациялық және ақ уыз-синтетикалық функциясын күшейтеді, бауырда гликоленнің құрамы артады. Бауыр «шаршағандық токсиндері» болып табылатын сүт және пирожүзім қышқылды бұдан да белсенді ыдырата бастайды. Осылайша, L-карнитин, сүт және пирожүзім қышқыл деңгейін төмендету есебінен, шыдамдылықты арттыруға себептеседі, сонымен қатар қозғалыс белсенділікті көбейтіп, физикалық жүктемелерге төзімділікті арттырады.
Коэнзим Q10 – бұл энергияны өндіруге қатысатын зат, сонымен қатар антиоксидант болып табылады. Ол жүрек-қан тамыр аурулары кезінде көмектеседі, өйткені жүрек бұлшықеті тіндерінде энергияның өндіруін жақсартады, тромбтардың қалыптасуына жол бермейді және бұзушы бос радикалдарынан қорғауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ бұл құрал жасару үшін, қайраттылықты арттыру үшін қабылданады. Коензим Q10 (Убихинондер )— эукариотикалық жасушалардың митохондрияларында артығырақ ұсынылған бұл майлы ерігіш коферментер. Убихинон электрондарды көшіру тізбегінің құраушысы болып табылады және де тотығу арқылы фосфорлануға қатысады. Убихиноннің максималды құрамы ең көп энергетикалық қажеттіліктері бар органдарда, мысалы жүрек пен бауырда.
Жасушаларда энергиямен алмасу бұзылыстары көптеген аурулардың, мысалы дәнекер тіндер аурулардың, эндокринді аурулардың құраушы патологиялық процестерінің бірі болып табылады. Жасушалық энергетиканың түйінді буыны АТФ түзілімінің көбірек бөлігін қамтамасыз ететін митохондрия болып табылатындықтан, мұндай бұзылыстарды немесе жетіспеушілікті митохондриялық деп атауға болады. Жасушаларда энергияны түзілу процестерін оңтайландыратын өнімдер энерготропты, ал жасушаларда энергямен алмасуды жақсартуға бағытталған терапия – энерготропты деп аталады. Коэнзим Q10 – энерготропты өнімдердің тобына жатады, өйткені жасушаларда энергияның түзілуін жақсартады.
Баланың жиі ауыратын балалар тобына ауысу тәуекелі факторларының бірі энергияның тапшылығы болып табылады, сондықтан мұндай балаларға энерготропты препараттарды қолданған жөн. Бұл топтың балаларында вегетативті дисфункция, сонымен қатар жасушалық энергиямен алмасу бұзылысы байқалады. Коэнзим Q10 қабылдау жиі ауыратын балалардың денсаулық жағдайын анағұрлым жақсартады. Бұл туралы шағымдардың және эмоциялық құбылмалылықтың азаюы, ұйқының және тәбеттің қалпына келуі, жүктемелерге төзімділіктің артуы, вегетативтік реттеу тетіктерінің қалпына келуі және жасушалық энергиямен алмасудың тұрақтануы көрсетеді.
L-карнитин мен коэнзим Q10 қолдану жасөспірімдердің, жоғары сыныптар оқушыларының денсаулық жағдайына жағымды әсер етеді. Барлық тексерілгендер өнімдердің жақсы қабылдағыштығын, жоғары жұмысқа қабілеттілікті және ұйқының қалпына келуін, ал бірқатар жағдайларда – эмоциялық тұрақтылықты атап өтті.
L-карнитин мен коэнзим Q10 қолдану олардың әсер етуі 2 негізгі нысанаға - психологиялық жүйенің реактивтілікке (L-карнитин жағдайына) және ресурсқа (коэнзим Q10) бағытталғандығы фактісі салдарынан, жасөспірімдерде ең тиімді болып саналады. Аталған әсерлер вегетативтік реттеу тетіктерін және жасушалық энергиямен алмасуды нормаландырумен ілеседі. Келтірілген фактілер жасөспірімдерде психоэмоциялық жүктемелерге төзімділікті арттыру үшін L-карнитин мен коэнзим Q10 үйлесімді қолдану орынды екенін тұжырымдауға мүмкіндік береді.
В12 дәрумені (цинокобаламин) иммуномодуляцияланатын, аллергияға қарсы, атеросклерозға қарсы әсерлерге ие, артериялық қысымды қалпына келтіреді, жүйке тінінің құрылымын қалпына келтіреді, репродукциялық функцияны жақсартады, тәбетті ашады. В12 дәрумені түрлі амин қышқылдарының синтезіне қатысады, бауырдың, жүйке жүйесінің функцияларына қолайлы әсер етеді, қанның ұйығыштық процестерін, көмірсулар мен липидтердің алмасуын белсендетеді, В12 дәрумені жұмысқа қажеттілікке қарай кірісіп, бауырға жиналуы мүмкін. В12 дәруменінің жетіспеушілігі қатерлі анемияны және жүйке тінінің дегенеративтік өзгерістерін тудырады.
Көрсетілімдер
- Иммунитетті жоғарылатады;
- Аса детоксикациялық белсенділікке ие;
- Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсылығын арттырады;
- Тез шаршағандықты алдын алу;
- Жадты арттырады;
- Стресс жағдайларына төзімділікті арттырады;
- Ағзаның агрессивті факторларға қарсылығын арттырады;
- Физикалық және ойлау шыдамдылығын арттырады;
- Семіруді кешенді емдеу кезінде.
Қолдану тәсілдері мен мөлшерлемелер
Ішке қабылдау, Тамақ ішкен кезде күніне 1 рет 1,5 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға 2,5 мл шәрбат, 3 жастан бастап 7 жасқа дейінгі балаларға 5 мл шәрбат, 7 жастан бастап 11 жасқа дейінгі балаларға 10 мл шәрбат, 11 жастан бастап 14 жасқа дейінгі балаларға 15 мл шәрбат.
Тұтыну алдында шайқау керек.
Қабылдау ұзақтығы - 1 ай.
Қарсы көрсетілімдер
Құрауыштарды жеке көтере алмаушылық
Ескерту
Ұсынбалы тәуліктік мөлшерлемені асырмау қажет.
Тұнбаның бар болуы табиғи ингредиенттерді пайдалану салдары болып табылады және өнімнің сапасына ықпал етпейді.
Шығару нысаны және қаптама
Өлшеуіш стақаны мен қасығы бар жиынтықтағы 120 мл балаларға арналған шәрбат
Мемлекеттік және орыс тілдерінде нұсқаулықпен бірге картон қаптамада 1 құты.
Сақтау шарттары
30°С-тан аспайтын температура кезінде ылғал мен жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жарамдылық мерзімі
Өндірілген күннен бастап 2 жыл.
Жарамдылық мерзімі аяқталған соң қолдануға болмайды.
Өткізу шарттары
Дәріхана желісі және мамандандырылған дүкендер, сауда желісінің бөлімдері арқылы.
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
№ __________________________________
Тағамға биологиялық белсенді қоспа.
Дәрілік құрал болып табылмайды.
Өндіруші
Bless Laboratories, Factory №179, 1.5 km Katar Band Road of Multan Road Thokar Chowk Lahore, Пәкістан
«IS Group Pharma» үшін өндірілген.