- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Картан
Картан
Қолдану көрсеткіштері
Тапсырыс беру шарттары
«Картан» алдын ала тапсырыс беріңіз және арнайы баға алыңыз - 6920 ₸ (қалыпты баға: 8650 ₸). Алдын ала тапсырысты орындаудың болжалды күні* – 23.04.2025, егер тапсырысты 22.04.2025 14:15 дейін орналастырсаңыз және төлесеңіз.
Орындау мерзімі Рудный-дегі біздің дистрибьюторлық орталықта алу шарттарына сәйкес есептеледі. Сайттың жоғарғы жағындағы қаланы өзгертуге болады, содан кейін болжалды жеткізу күні өзгеруі мүмкін.
Тауарды алғаннан кейін оны пр-т Комсомольский, д. 34 бойынша алуға немесе ыңғайлы уақытта курьер арқылы тегін жеткізуді ұйымдастыруға болады.
Арнайы баға бойынша алдын ала тапсырыс беру тек алдын ала төлеу үшін қол жетімді. Тапсырыс үшін кез келген банктің Visa/MasterCard картасымен 20 минут ішінде төлеу керек.
Жеке және заңды тұлғаларға тапсырыс беруге болады.
Тапсырыс беруге болады: 156 бірлік өнім (әр 15 минут сайын жаңартылады).
Ең аз тапсырыс сомасы:
- жеке тұлғалар үшін – 12 000 ₸
- заңды тұлғалар үшін – 250 000 ₸
* Тауарды жеткізудің болжамды күні технологиялық себептер бойынша өзгертілуі мүмкін, бірақ 3 күнтізбелік күннен аспауы керек.
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Демо |
---|---|
Өндіруші елі | Греция |
Форма | раствор |
Саны | 10 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецепт арқылы |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Левокарнитин, негізгі | 1 гр |
Бұл өнім екі нұсқада тапсырыс беруге болады: дәл қазір жеткізу немесе алдын ала тапсырыс бойынша. Тапсырыс берген кезде себет ішіндегі тапсырыс опциясын таңдауыңыз керек.
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 8650 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Тапсырыс беру күйі | Қол жетімді |
---|---|
Тапсырыс бағасы | 6515 ₸ 2135 ₸ |
Мерзімнің өту күні | 22.04.2025 |
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Дәрілік затты медициналық қолдану
жөніндегі нұсқаулық
КАРТАН
Саудалық атауы
Картан
Халықаралық патенттелмеген атауы
Левокарнитин
Дәрілік түрі
Ішуге арналған ерітінді, 1г/10 мл
Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат – 100 мг левокарнитин,
қосымша заттар: 70% сорбитол ерітіндісі, метилпарабен (метилгидроксибензоат) Е-218, натрий сахарині, натрий цитратының дигидраты (сусыз натрий цитратына баламалы), апельсинді хош иістендіргіш, хлорсутек қышқылы және/немесе натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе ақшыл сары түсті ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
АІЖ аурулары мен зат алмасудың бұзылуын емдеуге арналған басқа да препараттар. Амин қышқылдары және олардың туындылары.Левокарнитин.
АТХ коды А16АА01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңірілген L-карнитин қанмен әртүрлі ағзалар мен жүйелерге тасымалданады. Қан сарысуы мен тіндердегі L-карнитин концентрациясы зат алмасу үдерістері, L-карнитин биосинтезі жылдамдығына және тамақтану ерекшелігіне, оның тінге және тіннен тасымалдануына, оның метаболизмі мен шығарылуына байланысты. Фармакокинетикалық параметрлері дозалаумен айтарлықтай артады. Толық биожетімділік шамамен 10-16% құрайды. Қолда бар деректер плазмадағы L-карнитиннің ең жоғарғы концентрациясы және дозасы, плазмадағы AUC, доза және несептегі жинақталуы арасындағы өзара байланыстылығын растайды. Ең жоғарғы концентрацияға препаратты қабылдағаннан кейін төрт сағаттан кейін жетеді.
Фармакодинамикасы
L-карнитин жануарлар, микроорганизмдер мен өсімдіктер тіндерінде табиғи компонент ретінде болады. Адам организміне қалыпты метаболизмге қажеттілікті құрамында L-карнитин бар өнімдерді тұтыну есебінен, сондай-ақ метил тобының донорлары болып табылатын лизин мен метиониннің бауыр мен бүйректегі эндогенді синтезі есебінен толықтырады. Тек карнитиннің L-изомері биологиялық белсенді болып табылады және липид алмасуында, кетонды денелер метаболизмінде амин қышқылдары тізбегінің буыны ретінде маңызды рөл атқарады. L-карнитин триглицеридтерге кірігуін емес, май қышқылдарының тотығуын ынталандырады, митохондрияларда ұзын-тізбекті май қышқылдарының тасымалдануына қатысады. Левокарнитин Кребс циклінің жұмысын жақсартады (СоА босап шығуы, СоА әсері арқылы, карнитин-ацилтрансфераза ферментінің қатысуымен); мұндай механизм қаңқа бұлшықеттерінде пируват-дегидрогеназа белсенділігін және амин қышқылдары тізбегінің тармақталған буындарының тотығуын көтермелейді. Осылайша, L-карнитин зат алмасудың әртүрлі үдерістеріне тікелей немесе жанама қосылады және тек қана майлы қышқылдар мен кетонды денелер ғана емес, сондай-ақ глюкоза мен кейбір амин қышқылдары тотығуының маңызды факторы болып табылады.
Қолданылуы
- ересектер және 12 жастан асқан балаларда бірінші және екінші левокарнитин тапшылығында
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке қолданылады. Қолданар алдында 100 мл суытылған қайнаған суда сұйылтылады.
Ересектер, 12 жастан асқан балалар
Оңтайлы дозаны анықтау үшін емдеуді қан плазмасында және несепте бос ацилді L–карнитин деңгейін өлшеп, емді бақылау ұсынылады.
Дозалау зат алмасудағы туа біткен ауытқушылықтарға және емдеу кезеңіндегі айқындылық дәрежесіне байланысты.
Көптеген жағдайларда ішке қабылдау үшін ұсынылған доза тәулігіне 200 мг/кг 2-4 қабылдауды құрайды. Егер клиникалық және биохимиялық көрсеткіштер жақсармаса, доза қысқа мерзімде өзгертілуі мүмкін. Жедел метаболизмдік компенсация кезінде тәулігіне 400 мг/кг дейінгі жоғарғы дозалар немесе вена ішіне енгізу қажет болуы мүмкін.
Гемодиализ – демеуші ем
Егер елеулі клиникалық әсерге L-карнитинді вена ішіне енгізудің бірінші курсында қол жеткізілсе, одан кейінгі демеуші ем препараттың тәулігіне 1 г дозасын пероральді қолданумен қарастырылуы мүмкін. Диализ күні препаратты емшара соңында қолдану керек.
Жағымсыз әсерлері
Өте сирек (<1/10 000)
- жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, диарея (дозаны төмендету жағымсыз әсерлердің жоғалуына әкеледі)
- дененің өзіне тән иісі (дозаны төмендету препараттан туындаған иісті басады немесе жояды)
- аллергиялық реакциялар
- кумариндермен бір уақытта қабылдаған кезде ХҚҚ артуы (аценокумарол немесе варфарин)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдықта
- 12 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препаратты қабылдар алдында басқа препараттарды қабылдап жүргенін дәрігерге хабарлау керек.
Левокарнитинмен бір мезгілде кумарин қатарының антикоагулянттарын алған пациенттерде Халықаралық қалыптасқан қатынастың (ХҚҚ) жоғарылауы туралы өте сирек хабарламалары бар.
ХҚҚ – немесе коагуляцияның басқа тиісті сынақтары – антикоагулянттарды Картанмен бірге қабылдайтын пациенттерде олар тұрақтанбайынша апта сайын және одан әрі ай сайын тексерілу қажет.
Айрықша нұсқаулар
Инсулин немесе ішу арқылы қабылданатын гипогликемиялық препараттар қабылдайтын қант диабеті бар пациенттерге препаратты тағайындау глюкоза сіңуінің артуы салдарынан гипогликемия туындатуы мүмкін. Сондықтан пациенттердің бұл санатында емдеу кезінде қажет болғанда гипогликемиялық препараттардың дозалау режимін түзету үшін қан плазмасындағы глюкоза деңгейін үнемі бақылап отырған жөн.
Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар немесе бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысында диализде жүрген пациенттерге Картан препаратының жоғары дозаларын ішке қабылдау ұсынылмайды, бұл әдетте несеппен бөлінетін триметиламин (TMA) және триметиламин-N-оксид (TMAO) потенциалды уытты метаболиттері концентрациясының жоғарлауына әкелуі ықтимал. Жоғары дозаларды вена ішіне енгізу уытты метаболиттердің жиналуына әкелмейді.
Препараттың құрамында Е-218 метилпарабені (метилгидроксибензоат) бар, ол баяу типтегі аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік немесе бала емізу кезінде тек аса қажетті, егер ана үшін пайдасы шарана немесе сәбиге төнетін ықтимал қауіптен артық болатын жағдайларда ғана тағайындауга болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
L-карнитиннің артық дозалануы жағдайындағы уыттылығы туралы деректер жоқ. Препараттың жағымдылығы оны қабылдаудың алғашқы аптасында және қабылданатын дозаны әр арттырған сайын бақыланады.
Симптомдары: препараттың жоғары дозалары диареяны туындатады.
Емі: орын алмастырушы ем және препараттың қабылдайтын дозасын азайтады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 мл препараттан полипропилен ампулаларда.
5 ампуладан алюминий фольгамен желімделген термопластикалық пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
4 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы