Нафазолин

Өнім мәліметтері
ӨндірушіДосфарм Dosfarm DF
Өндіруші еліҚазақстан
Формараствор
Саны1
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Нафазолин, негізгі0.05 %
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 169 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада 2 н.
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Қазақстан Республикасы 

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  министрлігі Mедициналық және 

фармацевтикалық қызметті 

бақылау комитеті Төрағасының 

20_ жылғы “____” ___________

№ _____ бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

            

Дәрілік затты медициналық

қолдану жөніндегі нұсқаулық

 

 

НАФАЗОЛИН-DF

 

Саудалық атауы

Нафазолин-DF

 

Халықаралық патенттелмеген атауы 

Нафазолин 

  

Дәрілік түрі

Мұрынға арналған 10 мл 0,05% спрей 

 

Құрамы 

10 мл препараттың құрамында 

белсенді зат – 5,0 мг нафазолин нитраты  

қосымша заттар – бор қышқылы, тазартылған су

 

Сипаттамасы 

Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш сұйықтық.

 

Фармакотерапиялық тобы

Респираторлық жүйенің ауруларын емдеуге арналған препараттар. Мұрынға арналған препараттар. Антиконгестанттар және мұрынға арналған жергілікті қолданылатын басқа препараттар. Симпатомиметиктер. Нафазолин.

АТХ коды R01АА08

 

Фармакологиялық қасиеттері 

Фармакокинетикасы

Нафазолиннің емдік әсері препаратты бүріккеннен кейін 5 минуттан соң басталады және 8 сағатқа дейін созылады. Жергілікті қолданғанда нафазолин жүйелі қан ағымына сіңуі және жүйелі әсер беруі мүмкін.

 

Фармакодинамикасы

Альфа-адреномиметик. Нафазолин альфа2-адренорецепторларға тікелей стимуляциялағыш әсері бар симпатомиметик болып табылады. Тамырды тарылтатын әсерінің салдарынан ісіну, гиперемия, экссудация азаяды. Мұрын ішіне қолданғанда нафазолин риниттер кезінде мұрынмен тыныс алудың жеңілдеуіне ықпал етеді. Мұрынның қосалқы қойнауларының шығу жолдарының ашылуына және кеңеюіне және евстахий түтіктерінің босауына ықпал етеді. Бұл секреттің ағып шығуына ықпалын тигізеді және мұрынның шырышты қабығына  бактериялардың тұрып қалуын болдырмайды.

 

Қолданылуы 

- жедел ринитте

- пішен тұмауында

- операциядан кейінгі үстіңгі тыныс жолдарының шырышты қабықтарының гиперемиясы мен ісінуінде  

- риноскопияда

 

Қолдану тәсілі және дозалары  

Интраназальді.

Нафазолин – DF, 0,05% мұрынға арналған спрейі балаларда қолданылады:

 - 2 жастан 6 жасқа дейін – спрейді әр мұрын жолына күніне 1-2 рет 1 бүркуден;

 - 6 жастан 15 жасқа дейін – спрейді әр мұрын жолына күніне 3 рет 1 бүркуден.

Емдеу курсы 5-7 күн. Қайталанатын емдеу курсын дәрігер тағайындайды.

 

Жағымсыз әсерлері

- шырышты қабықтың тітіркенуі

- артериялық қысымның жоғарылауы, тахикардия

- жүрек айнуы, бас ауыруы

- шырышты қабықтың реактивті гиперемиясы

- 1 аптадан артық қолданғанда – шырышты қабықтың ісінуі, атрофиялық ринит

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- артериялық гипертония, тахикардия, айқын атеросклероз

- көздің ауыр аурулары

- гипертиреоидизм

- қант диабеті

- созылмалы ринит

 - моноаминооксидаза тежегіштерін бір мезгілде және оларды қолдану аяқталғаннан кейін 14 күнге дейінгі кезеңде қабылдау

- 2 жасқа дейінгі балаларға

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат жергілікті жансыздандырғыш дәрілердің сіңуін баяулатады (беткейлік анестезия жүргізген кезде олардың әсерін ұзартады). 

Моноаминооксидаза тежегіштерімен үйлесімсіз.

 

 

 

Айрықша нұсқаулар

Нафазолин-DF артериялық қысымы лабильді тұлғаларда сақтықпен қолданылады.

Педиатрияда қолданылуы

Ұсынылған дозалау режимі, қолданылу тәсілдері (мұрын ішіне енгізу) және пайдалану ұзақтығы (5-7 күннен асырмай) қатаң сақталған жағдайда, жанама және жағымсыз құбылыстар сирек кездеседі. 

 

Артық дозалануы

Симптомдары - дене температурасының төмендеуі, брадикардия, артериялық гипертензия.

Емі - симптоматикалық.

 

Шығарылу түрі

Бүріккіш қақпағы және қорғағыш қалпақшасы бар 10 мл-ден  полипропилен құтыларда. Әр құтыға заттаңба жабыстырылады. Бір құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

 

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 18°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз 

 

Өндіруші/Қаптаушы  

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3, тел.:       (727) 253-03-88

 

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3

 

Қазақстан Республикасы аумағында өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы 

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3, тел./факс: (727) 253-07-07, 253-03-88, эл. поштасы: dosfarm@dosfarm.kz

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.