Танфлекс Форте

Танфлекс Форте

Өнім мәліметтері
ӨндірушіАбди Ибрахим Глобал Фарм Abdi Ibrahim
Өндіруші еліҚазақстан
Формаспрей
Саны1
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 3890 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

 

Дәрілік затты медициналық қолдану

жөніндегі нұсқаулық (қосымша парақ)

 

Саудалық атауы

Танфлекс Форте

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бензидамин

 

Дәрілік түрі, дозалануы    

Жергілікті қолдануға арналған спрей, 0.30 %

 

Фармакотерапиялық тобы

Пищеварительный тракт и обмен веществ. Стоматологические препараты.  Препараты для местного лечения заболеваний полости рта другие. Бензидамин.

Код АТX A01AD02


Қолданылуы

Ауыз қуысының және тамақтың қабыну ауруларын (мысалы, гингивит, стоматит және фарингит), соның ішінде консервативтік стоматологиялық процедуралар нәтижесінде немесе ауыз-жұтқыншақ аймағына хирургиялық араласымнан кейін, симптоматикалық емдеу үшін. 

 

Қолдануды бастағанға дейінгі қажетті мәліметтер тізімі  

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. 

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары   

Препаратты ұзақ уақыт бойы қолдану организмнің қандай да болсын факторларға сезімталдығының артуына әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда препаратты қолдануды дереу тоқтату және дәрігерге қаралу керек.     

Пациенттердің шектеулі санында тамақтағы және ауыз қуысындағы ойық жаралар өте күрделі аурулардың белгісі болуы мүмкін. 3 күн ішінде жақсару байқалмаған пациенттер дәрігерге немесе дантистке қаралуы тиіс.

Салицил қышқылына немесе басқа да ҚҚСП-ке аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерге бензидаминді қолдану ұсынылмайды.

Танфлекс Форте препаратын бронх демікпесі бар пациенттерге абайлап қолдану керек, өйткені бронхтың түйілуі туындауы мүмкін.  

Спрейдің көзге тиіп кетуіне жол бермеу керек. Препараттың құрамында метилпарагидроксибензоат бар, ол баяу типті аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін.  

Спортпен шұғылданатындар үшін: құрамында спирт бар дәрілердің пайдалану кейбір спорт федерациясының нұсқауымен қандағы алкоголь концентрациясының шектеулеріне қатысты антидопинг тестілерінің оң екендігін анықтауы мүмкін.  

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі  

Өзара әрекеттесулеріне зерттеулер жүргізілген жоқ.  

Арнайы ескертулер

Балалар

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге осы дозада қолдану ұсынылмайды.   

Жүктілік және лактация кезінде

Жүктілік кезінде және лактация кезеңінде Танфлекс Форте препаратын қолданбау керек.  

Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне препараттың ықпал ету ерекшеліктері  

Көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне препарат ықпалын тигізбейді.   

 

Қолдану жөніндегі нұсқаулар 

Дозалау режимі 

Ересектерге және егде жастағы пациенттерге  

- 2-4 бүрку.    

Енгізу әдісі және жолы

Жергілікті қолдануға арналған

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі 

- күніне 2-6 рет.   

Қабылдау арасындағы аралық 1.5-3 сағатты құрайды.

 

Артық дозаланған жағдайда қабылдау қажет шаралар 

Симптомдары: жүректің айнуы, құсу, іштің ауыруы және өңештің тітіркенуі, бас айналу, елестеулер, қозу, мазасыздық және ашушаңдық  

Емі: қатты артық дозаланған жағдайда тек симптоматикалық ем қолданылуы мүмкін. Пациенттер қалтқысыз қадағалауда болуы тиіс, және демеуші ем көрсетілуі керек. Организмде су тапшылығының орнын толтыру қажет.  

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға барыңыз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес). 

Жиі емес

- Фотосенсибилизация 

Сирек

- Аса жоғары сезімталдық реакциялары

- күйдіру сезімі, ауыз қуысының құрғауы  

Өте сирек

- Ларингоспазм

- Ангионевроздық ісіну

Белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес) 

- Анафилаксиялық реакция

 

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек  

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК  

http://www.ndda.kz

 

Қосымша мәліметттер

Дәрілік препараттың құрамы   

1 мл препараттың құрамында 

белсенді зат: 3.0 мг бензидамин гидрохлориді   

қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, хлорсутек қышқылы 37%, полисорбат 80, 96% этил спирті, глицерин, натрийсахарині (Е 954), метилпарагидроксибензоат (Е 218), жалбыз эссенциясы, тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы  

Жалбыз иісі бар түссіз, мөлдір ерітінді    

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

Пульверизатормен және қорғайтын саптамамен жабдықталған, қоңыр шыныдан жасалған құтыларға 15 мл немесе 30 мл препараттан құйылған.

1 құты медициналық қолданылуы жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.  

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!  

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!   

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептсіз

 

Өндіруші туралы мәліметтер   

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.