- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Ремо-Вакс
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Құлақ, тамақ, мұрын
- Ремо-Вакс
Ремо-Вакс
Қолдану көрсеткіштері
Тапсырыс беру шарттары
«Ремо-Вакс» алдын ала тапсырыс беріңіз және арнайы баға алыңыз - 4232 ₸ (қалыпты баға: 5290 ₸). Алдын ала тапсырысты орындаудың болжалды күні* – 23.04.2025, егер тапсырысты 22.04.2025 14:15 дейін орналастырсаңыз және төлесеңіз.
Орындау мерзімі Рудный-дегі біздің дистрибьюторлық орталықта алу шарттарына сәйкес есептеледі. Сайттың жоғарғы жағындағы қаланы өзгертуге болады, содан кейін болжалды жеткізу күні өзгеруі мүмкін.
Тауарды алғаннан кейін оны пр-т Комсомольский, д. 34 бойынша алуға немесе ыңғайлы уақытта курьер арқылы тегін жеткізуді ұйымдастыруға болады.
Арнайы баға бойынша алдын ала тапсырыс беру тек алдын ала төлеу үшін қол жетімді. Тапсырыс үшін кез келген банктің Visa/MasterCard картасымен 20 минут ішінде төлеу керек.
Жеке және заңды тұлғаларға тапсырыс беруге болады.
Тапсырыс беруге болады: 53 бірлік өнім (әр 15 минут сайын жаңартылады).
Ең аз тапсырыс сомасы:
- жеке тұлғалар үшін – 12 000 ₸
- заңды тұлғалар үшін – 250 000 ₸
* Тауарды жеткізудің болжамды күні технологиялық себептер бойынша өзгертілуі мүмкін, бірақ 3 күнтізбелік күннен аспауы керек.
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Орион |
---|---|
Өндіруші елі | Финляндия |
Форма | раствор |
Саны | 1 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Этоксилденген ланолин, негізгі | 80 мг |
Бұл өнім екі нұсқада тапсырыс беруге болады: дәл қазір жеткізу немесе алдын ала тапсырыс бойынша. Тапсырыс берген кезде себет ішіндегі тапсырыс опциясын таңдауыңыз керек.
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 5290 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | 1 н. |
Тапсырыс бағасы
Тапсырыс беру күйі | Қол жетімді |
---|---|
Тапсырыс бағасы | 3868 ₸ 1422 ₸ |
Мерзімнің өту күні | 22.04.2025 |
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
REMO-WAX
Ремо-Вакс
Құлақ жарғағы мен сыртқы есту жолына күтім жасауға арналған гигиеналық құрал
Шығарылу түрі: 10мл тамшылар
1мл құрамында:
Этоксилденген ланолин | 79 мг
|
Полисорбат | 6040 мг |
Полисорбат | 8020 мг |
Сұйық сорбитол | 20 мг |
Қанықтырылған фруктоза шәрбаты | 20 мг |
Стеарин кышқылының полиоксиэтилен эфирі | 15 мг |
Олеин қышқылының полиоксиэтилен эфирі | 15 мг |
Сұйық ланолин | 8 мг |
Изопропилмиристат | 8 мг |
Құндыз майы | 8 мг |
Фенилэтил спирті | 5 мг |
Аллантоин | 3 мг |
Цетил спирті | 3 мг |
Сорбин қышқылы | 2 мг |
Бензетоний хлориді | 1 мг |
Бутилгидрокситолуол | 1 мг |
Тазартылған су | 1 мл дейін |
Қолданылу саласы:
Құлақ бұлығы - сыртқы есту жолы бездерінің бөлінісі. Әдетте, ол шайнаған кезде өздігінен шығады. Бұлық бөлінісі мыналардан: шаң, су, бастырма «құлаққаптар» немесе беруштар, мақта таяқшаларынан тітіркенген кезде, зат алмасу бұзылулары, климат күрт өзгергенде немесе тері аурулары кезінде бірнеше есе көбейе түседі. Бұлық шығып үлгермей жинақтала береді де, естудің нашарлауын, бас ауыруын, жүрек айнуын, бас айналуын құсуды туғызуға қабілетті тығыз бұлық түзілісінің («бұлық тығынының») пайда болуына алып келуі мүмкің.
Ремо-Вакс гигиеналық құралы есту жолын барынша тиімді, жеңіл, жарақаттамай тазалауға, құлақ бұлығы мен тығыз бұлық түзілістерін («бұлық тығынын») жұмсартуға жәнеқалдықтарын шығаруға және олардың, соның ішінде, бұлық түзілуі артқан, есту аппараттарын, телефон гарнитуралары мен құлақ ішіне бекітілетін басқа киілетін телефондарды пайдаланған, шаң ерлерде немесе ылғалдылығы жоғары аймақтарда болған, су спортының түрлерімен айналысу және демалыс кездеріндегі профилактикасына арналған.
Ремо-Вакс құралының құрамында өлі жасушалардың түсуіне ықпал ететін заттар бар. Тиімді пенетранттар тығынның қалындығына терең енуіне ықпал етеді және оның тығыз бөлігін қопсытады. Ылғал ұстайтын агенттер тығыз бұлық түзілісін («бұлық тығынын») ылғалдайды, бұл оның оңай шайылып шығуына ықпал етеді.Ремо-Вакс тамшыларының құрамында зиянды агенттер мен антибиотиктер жоқ, сондықтан, барлық жастағы пациенттерде қолдануға болады.
Тағайындалуы:
-Құлақ жолын құлақ бұлығының қалдықтарынан тазарту мақсатындағы құлақ гигиенасы үшін;
-Тығыз бұлық түзілістерін («бұлық тығынын») еріту үшін;
-Бұлық және эпидермалық бітелістер түзілуінің профилактикасы үшін.
Ремо-Вакс тамшыларын келесі жағдайларда пайдалануға болмайды:
-Құрамындағы компоненттеріне жоғары сезімталдықта;
-Құлақтың қабыну үдерісінде немесе ауыруында, есту жолынан бөліністер ағып жүрсе:
-Дабыл жарғағының тесілуінде;
-Дабыл жарғағында шунт болса, сондай-ақ, шунтты алып тастағаннан кейін алғашқы 6-12 ай бойы.
Кейбір сирек жағдайларда жергілікті аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін. Есту жолында жайсыздық сезімдері, терінің тітіркенуі пайда болуы және азғантай уақытқа бас айналуы мүмкін.
Қолдану тәсілі:
Құтыны дене температурасына дейін жылыту үшін, оны қолыңызда ұстай тұрыңыз. Тазартылатын құлаққа қарама қарсы бүйіріңізбен жатыңыз немесе басыңызды екігші иығыңызға қарай кисайтыныз.
Сыртқы есту жолын түзеу үшін, құлақтың сырғалығын жайлап төмен және артка қарай тартыңыз. Құлақтың артқы қабырғасына Ремо-Вакс ерітіндісін 20 тамшыға дейін тамызыңыз, ерітіндінің деңгейі кұлақ жарғағына өтетін шегіне дейін жетуі тиіс. Ерітіндінің мөлшері есту жолының өлшеміне байланысты тамызылады, алайда 10 тамшыдан аз болса, есту жолының барлық қабырғаларын толық жаппайды.
20-60 минут күте тұрыңыз. Содан кейін келесі бүйіріңізге аунап (немесе, раковинаға/сүрткіге еңкейіп) 1 минут бойы ерітіндіні ағызыңыз. Еріген бұлықтың салдарынан ерітіндінің түсі ақшыл- немесе күңгірт қоныр түске боялуы мүмкін.
Қажет болған жағдайда, Ремо-Вакс тамшыларына малынған мақтаның шағын кесегін құлаққа салып, ерітіндіні құлақта түні бойы қалдыруға болады.
Есту жолы бұлықтың/тығыз бұлық түзілісінің еріген қалдықтарынан толықтай тазару үшін, тамшыларды әр қолданған сайын есту жолын жуып-шаю қажет. Есту жолып дене температурасындағы таза сумен жуып-шаяды.
Жуып-шайған кезде құлақ ауырмауы тиіс. Егер ауырсынулар пайда болса, жуып-шаюды тоқтату және дәрігерге қаралу қажет.
Тығыз құлақ бұлығы («бұлық тығыны») жағдайында, емшараны үш күн қатарынан қайталау ұсынылады. Құлақтың күнделікті гигиенасы және тығыз құлақ бұлығының («бұлық тығынының») түзілу қаупін азайту үшін, Ремо-Вакс тамшыларын айына 1 рет пайдаланыңыз.
Маңызды
Құлақтың ортасына тамызбау керек- «ауа тығыны» түзілуі мүмкін (әсіресе, егер есту жолы тар, ирелендеген немесе деформацияланған болса, соның ішінде бастан өткерген өтиттің нәтижесінде).
Есту жолының түбіне қарай мақта тамшыларын немесе баска заттарды тығуға болмайды - олардан құлаққа аздап жарақаттар келтіріледі, «кіру кақпалары» кызметін атқаратын инфекциялар сыртқы отиттердің дамуына және дабыл жарғағының жарақаттануына алып келуі мүмкін.
Балаларға, жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы:
Ремо-Вакс тамшыларын кішкентай балаларға қолдануға рұқсат етіледі. Қолданар алдында маманмен кеңесу қажет.