Назол Бэби

Өнім мәліметтері
ӨндірушіБайер
Өндіруші еліГермания
Формараствор
Саны1
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Фенилэфрин, негізгі1.25 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 1155 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Саудалық атауы 

Назол® Бэби 

 

Халықаралық патенттелмеген атауы 

Фенилэфрин

 

Дәрілік түрі 

Нәрестелер мен балаларға арналған мұрын тамшысы 

 

Құрамы

1мл ерітіндінің құрамында: 

белсенді зат - 1,25мг фенилэфрин гидрохлориді,

қосымша заттар: бензалконий хлориді, глицерол, макрогол 1500, динатрий фосфатының дигидраты, калий дигидрофосфаты, динатрий эдетатының дигидраты, тазартылған су. 

 

Сипаттамасы 

Түссізден ашық-сары түске дейінгі иіссіз мөлдір сұйықтық. 

 

Фармакотерапиялық тобы

Мұрынға арналған препараттар. Антиконгестанттар және жергілікті қолдану үшін мұрынға арналған басқа препараттар. Симпатомиметиктер. Фенилэфрин. 

АТХ коды R01AA04

 

Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы

Фенилэфринді жергілікті қолданғанда жүйелі сіңірілуі төмен. 

 

Фармакодинамикасы

Фенилэфрин гидрохлориді мұрынның шырышты қабықтарында a-рецепторларын көтермелеу есебінен тамыр тарылтқыш әсері бар a-адренергиялық рецепторлардың (симпатомиметиктердің) агонисі болып табылады. 

Балаларда өмірінің бірінші жылында мұрын қалқандарының каверна тіні болмайды, сондықтан ринит кезінде мұрын қуысы шырышты қабығының ісінуі негізінен альфа 1 адреномиметиктер (фенилэфрин) әсер ететін беткейлік артериолаларға қан толуымен байланысты. 

Назол Бэби шырышты қабықтарының ісінуін және тіндер гиперемиясын, мұрын шырышты қабықтарында іркілу құбылыстарын азайтады, сондай-ақ мұрын тыныс алу жолдарының өткізгіштігін жақсартады. 

Глицерин мұрын қуысының тітіркенген шырышты қабығына жұмсартқыш әсер етеді және оны шамадан тыс құрғаудан қорғайды. 

Назол Бэби препаратының әсері 3-5 минуттан кейін басталып, 4-6 сағатқа жуық созылады.

 

Қолданылуы

Мұрын арқылы тыныс алуды жеңілдету үшін: 

  • суық тию ауруларында, тұмауда

  • сенна қызбасында немесе жедел ринитпен немесе синуситпен қатар жүретін жоғарғы тыныс жолдарының өзге де аллергиялық ауруларында 

  • жедел орташа отитте (мұрын-жұтқыншақ шырышының ісінуін азайтуға арналған қосымша дәрі ретінде)

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Түбін жоғары қарата ұстап, құтыны сәл ғана қысу керек. 

2 айдан 1 жасқа дейінгі балаларға (ересектердің қадағалауымен): арасын жиілетпей, әр 4 сағаттан соң әрбір мұрын қуысына 1 тамшыдан. 

1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларға (ересектердің қадағалауымен): арасын жиілетпей, әр 4 сағаттан соң әрбір мұрын қуысына 1-2 тамшыдан. 

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға (ересектердің қадағалауымен): арасын жиілетпей, әр 4 сағаттан соң әрбір мұрын қуысына 2-3 тамшыдан. 

Тек ұсынылған мөлшерлерде ғана пайдалану керек. Пайдаланылғаннан кейін құтыдағы тамшуырды құрғатып сүртіңіз. Емдеу курсы 3 күннен аспау керек. 

 

Жағымсыз әсері

Сирек:

  • ашыту, шымылдату, мұрынның шаншуы 

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың ингредиенттеріне жеке жоғары сезімталдық

  • жүрек аритмиясы, артериялық қысымның көтерілуі 

  • қалқанша без аурулары, қант диабеті

- 2 айға дейінгі балалар

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Құрамында жергілікті тамыр тарылтқыш заттар бар басқа препараттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды. Моноаминооксидазаның (МАО) тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда фенилэфрин әсерінің үдеуі байқалады. 

 

Айрықша нұсқаулар

Емдеу ұзақтығын 3 күннен асырмау керек. Емделушілер, егер ауру симптомдары сақталатын болса, дәрігерге қаралу қажеттігі жайында хабардар болуға тиіс. 

1 жасқа дейінгі балаларға дәрігердің тағайындауымен пайдалану керек. 

 

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек ырғағының бұзылуы, артериялық қысымның көтерілуі, қозу. 

Емі: симптоматикалық. 

 

Шығарылу түрі мен қаптамасы

15 мл препараттан қорғаныш сақинасымен жабдықталған полипропиленнен жасалған бұрандалы қақпағы бар төмен және жоғары тығыздықтағы полиэтилен қоспасынан жасалған құтыда. Тығыздығы төмен полиэтиленнен дайындалған мұрынға арналған дозатор құтының жоғарғы конус тәріздес бөлігіне қондырылған.

10 мл-ден полипропиленнен жасалған бұрандалы қақпағы бар жоғары тығыздықтағы полиэтиленнен жасалған құтыда. Резеңке қалпақшасы бар полипропиленнен дайындалған тамшуыр қақпаққа қондырылған.

Құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
 
Сақтау шарттары 

30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. 

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды. 

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз


 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.