Ринозол

Өнім мәліметтері
ӨндірушіЛеКос
Өндіруші еліҚазақстан
Формараствор
Саны1
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Неомицин сульфаты, негізгі1 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 890 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

жөніндегі нұсқаулық

 

РИНОЗОЛ®

 

Саудалық атауы

РИНОЗОЛ®

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі

Балаларға арналған мұрын тамшылары  10 мл

 

Құрамы   

1 мл ерітіндінің құрамында 

белсенді заттар: 1.0 мг неомицин неомицин сульфаты түрінде, 1.0 мг дифенгидрамин гидрохлориді, 0.25 мг нафазолин гидрохлориді,

қосымша заттар: натрий хлориді,  динатрий фосфатының додекагидраты, инъекцияға арналған су.

 

Сипаттамасы

Түссіз немесе аздап сарғыш мөлдір сұйықтық.

 

Фармакотерапиялық тобы

Мұрын препараттары. Антиконгенстанттар және жергілікті қолдануға арналған басқа да  мұрын препараттары.Симпатомиметиктер басқа препараттармен біріктірілімде (глюкокортикодтарды қоспағанда). Нафазолин басқа препараттармен біріктірілімде 

АТХ  коды R01AB02

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы 

Нафазолиннің емдік әсері препаратты мұрын ішіне қолданғаннан кейін 5 минуттан соң пайда болады және 8 сағатқа дейін жалғасады, препаратты жиі қолданған кезде әсер ету ұзақтығы 6 сағатқа дейін қысқаруы мүмкін. Нафазолинді жергілікті қолданған кезде қан ағысында жүйелік сіңуі және жүйелік әсер етуі мүмкін. 6 жасқа дейінгі балаларда және егде жастағы адамдарда жүйелік әсер пайда болуы ықтимал. 

Жергілікті қолданған кезде дифенгидраминнің және неомициннің жүйелік сіңуі төмен. 

Фармакодинамикасы

Қантамырды тарылтқыш, қабынуға қарсы, микробтарға қарсы және аллергияға қарсы әсерлері бар біріктірілген препарат. Бұл нафазолин гидрохлоридінің (нафтизиннің) симпатомиметикалық, қантамырды тарылтқыш компонентінің, гистаминге қарсы қасиеттері бар белсенді зат – дифенгидрамин гидрохлоридінің (димедролдың) және   аминогликозидтер тобына жататын әсер ету өрісі ауқымды антибиотик  – неомин сульфатының  болуымен  жүзеге асады.

Нафазолин альфа 2-адренрецепторларын стимуляциялайды, ол шеткергі қан тамырларының тарылуына әкеледі, артериялық қысымды арттырады, қарашықты кеңейтеді. Препараттың қантамырды тарылтқыш әсерінің салдарынан ісіну, гиперемия, экссудация азаяды.

Дифенгидрамин 1 буынды Н1-рецепторлардың антагонисі болып табылады. Гистаминдік Н1-рецепторларын бәсекелес түрде бөгеу арқылы препарат қан тамырларын кеңейту және өткізгіштігін арттыру сияқты аллергиялық симптомдары тежейді, көбіне ол гистаминнің босап шығуымен байланысты, аллергияға қарсы әсер етіп, ісінуді, қышынуды және жас ағуды азайтады.

Неомицин бактерицидтік әсер етеді. Әсер ету механизмі рибосомаға тікелей әсер етуімен және бактериялық жасушалардың ақуыз синтезінің тежелуімен байланысты. Көптеген грамтеріс және грамоң микроорганизмдерге қатысты, соның ішінде Esherichia coli, Shigella spp., Proteus spp., Staphylococcus aureus, Streptococcus pneumoniae қатысты белсенді. 

Pseudomonas aeruginosa және Streptococcus spp. микроорганизмдеріне қатысты белсенділігі аз. 

Патогенді зеңдерге, вирустарға, анаэробтық бактерияларға қатысты белсенді емес. Неомицинге микроорганизмдердің төзімділігі баяу және аздаған дәрежеде  дамиды.

 

Қолданылуы

- риниттерде, гаймориттерде және шығу тегі инфекциялық-қабынбалы синуситтер (оның ішінде аллергиялық көріністермен қатар жүреді)

 

Қолдану тәсілі және дозалары

2 жастағы балалар мен одан үлкендерге 5-7 күн бойы мұрынның әрбір қуысына тәулігіне 3-4 рет 1-2 тамшыдан.

Емдеуші дәрігердің кеңсінсіз препаратты көрсетілген мерзімнен асырып қолдану ұсынылмайды. 

 

Жағымсыз әсерлері

- тамызғаннан кейінгі бірінші секундтарда мұрын-жұтқыншағында жылдам өтпелі ауыру сезімі немесе  ашыту  

Ұзақ уақыт бойы пайдаланған кезде реактивті гиперемия, мұрын шырышты қабығының ісінуі, мұрын қуысы шырышты қабығының құрғауы, антибиотикке төзімді микроорганизмдердің, оның ішінде зеңдердің өсуінің күшеюі.

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

-  препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- моноаминоксидаза тежегіштерін немесе үшциклді антидепрессанттарды бір мезгілде қабылдау және оларды тоқтатқаннан кейін 14 күнге дейінгі кезең 

- созылмалы ринит

- атрофиялық ринит

- 2 жасқа дейінгі балалар

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Нафазолин беткейлік анестезия үшін қолданылатын жергілікті анестетиктердің әсерін ұзартады. 

Дифенгидраминнің және орталық жүйке жүйесін стимуляциялайтын дәрілік препараттардың әсерлері өзара азаюы мүмкін.   

Үшциклді антидепрессанттар препараттың қан тамырларын тарылтатын әсерін күшейтеді. 

Жергілікті қолданудан кейін неомициннің жүйелік сіңуі кез келген өзара әрекеттесу қаупі өте аз болатындай соншалықты төмен. Басқа да офтальмологиялық препараттарды қолданумен қатарлас ем жүргізуде  оларды қолдануда 10-15 мин аралықты ұстану керек.

 

Айрықша нұсқаулар

Ерітіндінің ластануын болдырмау үшін, құтыны тығыз жауып сақтаңыз  және ұштықтың қандай да бір беткеймен жанасуынан абай болыңыз.

Препаратты ұзақ уақыт бойы қолдану ұсынылмайды, антибиотикке төзімді микроорганизмдердің, оның ішінде зеңдердің өсуінің күшеюі мүмкін

Педиатрияда қолданылуы

Дәрілік заттың 2 жасқа дейінгі балалардағы тиімділігі және қауіпсіздігі бойынша деректері жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бұл санаттағы пациенттер үшін бөлім қарастырылмаған.

 

Артық дозалануы

Жергілікті қолданудың ұсынылатын режимінде артық дозалануы қазіргі уақытқа дейін анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы қақпақпен тұмшаланып жабылған, полиэтиленді тамшылатқаш-құтыға препарат 10 мл-ден құйылған. 

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі  мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

 

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 150С-ден  250С-ге  дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

2.5 жыл

Құтыны ашқаннан кейін препараттың сақталу мерзімі - 4 апта.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

 

Өндіруші

«ЛеКос» ЖШС

050000, Алматы қ-сы, Қабанбай батыр к-сі, 114-13, тел.: 308-10-67.

 

Тіркеу куәлігінің иесі

«ЛеКос» ЖШС, Қазақстан Республикасы

050000, Алматы қ-сы, Қабанбай батыр к-сі, 114-13. 

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның  мекенжайы  

050000, Алматы қ-сы, Қабанбай батыр к-сі, 114-13, тел.: 308-10-67.

e-mail: lecos1@mail.ruwww.lecos.kz

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.