- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Отривин Ментол
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Құлақ, тамақ, мұрын
- Отривин Ментол
Отривин Ментол
Өнім мәліметтері
Өндіруші | ГСК GSK |
---|---|
Өндіруші елі | Ұлыбритания |
Форма | спрей |
Саны | 1 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Ксилометазолин, негізгі | 0.1 гр |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 1790 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Саудалық атауы
Отривин®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Ксилометазолин
Дәрілік түрі
Дозаланған 0.1 % ментолмен және эвкалиптпен мұрын спрейі
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - 1 мг ксилометазолин гидрохлориді
қосымша заттар: натрий дигидрофосфат дигидраты, динатрий гидрофосфат додекагидраты, натрий хлориді, бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, левоментол, цинеол, сорбитол, майсана майы, гидрогенделген полиоксил (кремофор RH 40), тазартылған су.
Сипаттамасы
Ментол мен эвкалипт иісі бар ақ түсті ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Антикогестанттар және жергілікті қолдануға арналған басқа да мұрын препараттары. Симпатомиметиктер.
АТЖ коды R01AA07
Фармакологиялық қасиеттері
Отривин a-адреномиметикалық әсері бар жергілікті тамыр тарылтқыш дәрілер (деконгестанттар) тобына жатады, мұрын шырышының қан тамырларын тарылтуымен білініп және осылайша мұрын және мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығының ісінуі мен гиперемиясын жояды және ринитте мұрын арқылы тыныс алуды жеңілдетеді.
Препарат құрамындағы ментол мен эвкалипт мұрын шырышты қабығына салқындататын әсер береді.
Емдік дозаларында шырышты қабатты тітіркендірмейді және гиперемиясын туғызбайды. Фармакологиялық әсері бірнеше минуттан кейін басталып және бірнеше сағат бойына созылады.
Қолданылуы
- риниті бар (мұрын бітелуі) жедел респираторлық ауруларда
- жедел аллергиялық ринитте
- поллинозда
- синуситте
- евстахиитте
- ортаңғы отитте (мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығының ісінуін азайту үшін)
- мұрын және тамақ қуысының аллергиялық ауруларында
- науқасты мұрын жолдарындағы диагностикалық манипуляцияларға дайындауда.
Қолдану тәсілі және дозалары
Мұрын ішіне.
ересектер мен 12 жастан үлкен балаларға: Әрбір мұрын жолына 8-10 сағат аралықпен 1 бүркуден.
Препаратты тәулігіне 3 реттен асырып қолдануға болмайды, сондай-ақ 10 күннен асырмай қолдану керек.
Жағымсыз әсерлері
Жиі:
- бас ауыруы
- мұрынжұтқыншақ шырышты қабығының тітіркенуі және/немесе құрғауы, күйдіру, түшкіру, гиперсекреция
Сирек
- өте жоғары сезімталдық реакциялары (Квинке ісінуі, есекжем, қышыма)
- мұрын шырышты қабығының ісінуі
- көрудің бұзылуы
-жүрек қағуы, тахикардия, аритмиялар, артериялық қысым жоғарылауы
- жүрек айнуы
- ұйқысыздық
- депрессия (жоғары дозаларды ұзақ уақыт қолданғанда)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- ксилометазолинге немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық
- артериялық гипертензия
- тахикардия
- айқын атеросклероз
- глаукома
- атрофиялық ринит
- гипертиреоз
- ми қабықтарына (сыртартқысында) хирургиялық араласулар
- 12 жасқа дейінгі балалық жас
- жүктілік және лактация кезеңі
Сақтықпен – қант диабетінде.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
МАО тежегіштерімен және үшциклді антидепрессанттармен үйлеспейді.
Айрықша нұсқаулар
Отривинді®, басқа да симпатомиметикалық дәрілер сияқты адренергиялық препараттарды қолданғанда ұйқысыздық, бас айналуы, тремор, жүрек ырғағының бұзылуы немесе артериялық қысым көтерілуі түрінде білінетін күшті реакциялар анықталған емделушілерге сақтықпен тағайындау керек.
Препаратты ұзақ уақыт қолдануға болмайды, мысалы, созылмалы ринитте.
Отривиннің® фертильділікке әсері туралы жеткілікті деректер жоқ. Ксилометазолин гидрохлоридінің жүйелі әсері өте төмен болғандықтан оның фертильділікке әсер ету ықтималдығы аз.
Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері. Отривин ұсынылғаннан артық дозаларында көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі мүмкін.
Артық дозалануы
Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі.
Емі - симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Эластомер хлорбутилден қондырмасы мен полиэтиленнен жасалған тамшуыры және қорғағыш қалпақшасы бар тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған құтыға 10 мл құйылған.
Құтыға өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады.
1 құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
+250С-ден аспайтын температурада сақтау керек
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2,5 жыл
Қаптамасында көрсетілген күннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші-ұйымның атауы мен елі
Новартис Консьюмер Хелс СА, Швейцария
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
Новартис Консьюмер Хелс СА, Швейцария
Қаптаушы-ұйымның атауы мен елі
Новартис Консьюмер Хелс СА, Швейцария
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
ҚР-дағы «Новартис Фарма Сервисез АГ» филиалы
Алматы қ., Жамақаев к., 155 А
тел. (727) 258-12-91
факс: (727) 250-64-63
http://iws-pharma.na.novartis.net