- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Ингалипт-Н
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Құлақ, тамақ, мұрын
- Ингалипт-Н
Ингалипт-Н
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Микрофарм |
---|---|
Өндіруші елі | Украина |
Форма | спрей |
Саны | 1 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Стрептоцид, негізгі | 0.75 гр |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 840 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы
жөніндегі нұсқаулық
ИНГАЛИПТ-Н
Саудалық атауы
Ингалипт-Н
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ингаляцияға арналған спрей, 30г
Құрамы
1 баллонның ішінде
белсенді заттар: 0,75 г еритін стрептоцид,
0,75 г натрий норсульфазолы,
қосымша заттар: тимол, эвкалипт майы, бұрыш жалбызы майы, 96% этил спирті, қант, глицерин, твин-80, тазартылған су.
Сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар, ашық-сарыдан күңгірт-сары түске дейінгі мөлдір сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.
АТХ коды R 02АА20
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ингалипт-Н жергілікті ингаляциялық қолдануға арналған және терапиялық концентрацияны негізінен қабыну ошағында түзеді. Жүйелік қан айналымына қан ақуыздарымен байланысатын сульфаниламидтері ішінара сіңеді (еритін стрептоцид пен натрий норсульфазолы): 12-14%-ға еритін стрептоцид, 55%-ға натрий норсульфазол. Биологиялық өзгеріс барысында сульфаниламидтердің ацетилденген формалары пайда болып, осы түрінде бүйрек арқылы шығарылады. Еритін стрептоцидтің жартылай шығарылу кезеңі 10 сағатты, натрий норсульфазолдың - 1,2 сағатты құрайды.
Фармакодинамикасы
Ингалипт -Н бактерияларға қарсы және қабынуға қарсы әсер етеді, сондай-ақ салқындататын және аулақтатқыш әсері бар. Сульфаниламидтік топтың белсенді заттары бактерияға қарсы әсер етеді. Олардың әсері олардың дамуына қажетті молекулаларына пара-аминобензой қышқылы кіретін фолий және дигидрофолий қышқылдарының өсу факторларының дамуының микробтармен түзілуін бұзуына байланысты.
Сульфаниламидтер химиялық құрамы бойынша пара-аминобензой қышқылына жақын, олар пара-аминобензой қышқылының орнына микробтық жасушалармен қармалады және соның нәтижесінде ондағы зат алмасу үдерісінің ағымын бұзады.
Қосымша заттар антисептикалық, салқындататын және аулақтатқыш әсерлерді береді. Аталған фармакологиялық қасиеттерінің біріктірілімі жоғары тыныс алу жолдарының және ауыз қуысы шырышты қабатының қабыну ауруларын кешенді патогенетикалық еммен қамтамасыз етеді.
Ингалипт-Н организмге ульцерогенді және жалпы уытты әсер көрсетпейді.
Қолданылуы
- тонзиллитте
- фарингитте
- ларингитте
- афтозды және ойық жаралы стоматитте
Қолдану тәсілі және дозалары
Қолданар алдында құтыдан қорғағыш қалпағын шешіп алады және клапанның стерженіне қоса берілген бүріккішті кигізеді. Бүріккіштің бос жағын ауызға енгізіп басын 1-2с басады. Бүркуді тәулігіне 3-4 рет жүргізеді. Препаратты ауыз қуысында 5-7 минут ұстап тұрады.
Балалар. 3 жастан бастап балаларға бүркуді тәулігіне 1-2 рет жасайды.
Емдеу курсы: 7-10 күн.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну, препаратпен жанасқан орынның ісінуі)
- әлсіздік, бас ауыруы, жүрек айнуы және құсу, диарея
- балаларда рефлекторлы бронх түйілуі дамуы мүмкін
- қысқа уақыт шымылдатып ашыту немесе жыбырлату
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- сульфаниламидтерге және эфир майларына жоғары сезімталдық
- жүктілік және лактация
- 3 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Ингалипта-Н-ді парааминобензой қышқылының туындылары препараттарымен (новокаин, анестезин, дикаин) бірге қолданғанда, сульфаниламидтердің бактерияға қарсы белсенділігін белсенсіздендіру жүреді.
Айрықша нұсқаулар
Аллергияға бейім адамдар үшін қолданар алдында дәрігердің кеңесі қажет.
Қан түзу жүйесі ауруларында, нефроздарда, нефриттерде, базед ауруында, препарат компонеттеріне жоғары сезімталдықта қолдану ұсынылмайды.
Алғаш рет қолданар алдында дисперсті ағын пайда болғанша бүріккішті бірнеше рет басу керек.
Ингалипта-Н қолданар алдында ауыз қуысын қайнағын жылы сумен шаю керек; ауыз қуысының зақымданған жерінен стерильді тампонмен некрозды өңезді алып тастау керек.
Препаратты қолданып болғаннан кейін штоктан мойын бүріккішін шешіп алып жылы сумен шаю керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Мәліметтер жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: терідегі бөртпе, қышыну, препаратпен жанасқан жердің ісінуі түрінде аллергиялық реакциялар.
Емі: препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек, симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Сыйымдылығы 31 мл ішкі фенольді-эпоксидті қорғаныш жабынымен, мойын қондырмасы және сақтандырғыш қалпақшаcымен жабдықталған дозалау әсері бар механикалық сорғысымен аэрозольді моноблокты, алюминий баллондарда 30 г-нан.
Баллонға ТШ 29-02-888-79 бойынша бояумен трафаретті баспа әдісімен мәтін жазылады немесе желімделетін заттаңбаларға арналған материалдан жасалған заттаңба жапсырылады.
1 баллоннан бүріккіш, қорғағыш қалпақша және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен картоннан жасалған пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
3˚С-ден 35˚С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Микрофарм» ЖШҚ. Украина, 61013, Харьков қ-сы, Шевченко к-сі, 20.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Микрофарм» ЖШҚ, Украина
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасы туралы түскен шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы: «Микрофарм» ЖШҚ
Матакова Оксана Юрьевна
тел.: 8 (057) 714-20-80
o.matakova@microfarm.com.ua