- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Линкас Лор апельсин
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Құлақ, тамақ, мұрын
- Линкас Лор апельсин
Линкас Лор апельсин
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Хербион |
---|---|
Өндіруші елі | Пакистан |
Форма | таблетки |
Саны | 16 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Дәрілік шөптер, негізгі | 30 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 1140 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Дәрілік препаратты медициналық қолдану
жөніндегі нұсқаулық (Қосымша парақ)
Саудалық атауы
Линкас Лор
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Жалбыз, бал және лимон, апельсин дәмі бар соруға арналған таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе ауруларын емдеуге арналған препараттар. Суық тию симптомдары мен жөтелді қайтаруға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар. Қақырық түсіретін препараттар біріктірілімі.
АТХ коды R05CA10
Қолданылуы
Жөтелмен және тамақтың ауыруымен қатар жүретін тыныс алу жолдары ауруларына симптоматикалық ем жүргізуде.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
- 6 жасқа дейінгі балаларға
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Препараттың құрамында сахароза бар, сондықтан қант диабетімен ауыратын пациенттер, сондай-ақ калориясы төмен диета кезінде ескеру қажет.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Жөтелге қарсы препараттармен, сондай-ақ қақырықтың түзілуін азайтатын дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Препаратты 6 жасқа дейінгі балаларда қолдану туралы деректер жоқ.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және лактация кезеңінде сақтықпен қолдану керек, жүктілік кезінде препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңескен дұрыс.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Қолдану бойынша ұсынымдар
Дозалау режимі
Ересектерге: 1 таблеткадан 2-3 сағат сайын
Ең жоғары тәуліктік доза – 8 таблетка
Балаларға 6 жастан бастап: 1 таблеткадан күніне 4 рет
Енгізу әдісі мен жолы
Толық ерігенше баяу сору керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 5-7 күн.
Артық дозаланғанда қабылдау қажет шаралар
Артық дозалануға қатысты деректер жоқ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қолданар алдында емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Сирек:
- аллергиялық реакциялар
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: (қою экстрактілер):
Тамырлы адхатода жапырақтары 30.0 мг Жалаң мия тамырлары 7.0 мг Ұзын бұрыш жемістері 6.0 мг
Жұпар шегіргүл гүлдері 2.0 мг Дәрілік сайсағыз жапырақтары 3.0 мг
Үлкен түзу қазтабан тамырсабақтары 3.0 мг
қосымша заттар:
жалбыз дәмімен таблеткалар: кристалды ментол, жалбыз хош иістендіргіші, эвкалипт майы, сахароза, сұйық глюкоза, аскорбин қышқылы, триацетин
бал және лимон дәмімен таблеткалар: кристалды ментол, жалбыз хош иістендіргіші, эвкалипт майы, сахароза, сұйық глюкоза, аскорбин қышқылы, триацетин, бал хош иістендіргіші, лимон хош иістендіргіші
апельсин дәмімен таблеткалар: кристалды ментол, эвкалипт майы, сахароза, сұйық глюкоза, аскорбин қышқылы, триацетин, апельсин хош иістендіргіші
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, қоңыр түсті, өзіне тән жалбыз дәмі бар таблеткалар (жалбыз дәмді).
Дөңгелек пішінді, қоңыр түсті, өзіне тән бал-лимон дәмі бар таблеткалар (бал-лимон дәмді).
Дөңгелек пішінді, қоңыр түсті, өзіне тән апельсин дәмі бар таблеткалар (апельсин дәмді).
Шығарылу түрі және қаптамасы
8 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
Хербион Пәкістан Пвт Лтд,
30/28 Коранги өнеркәсіптік аймағы,
Карачи, Пәкістан
Телефон: (92-21) 92-21-35040405-6
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Хербион Пәкістан Пвт Лтд,
30/28 Коранги өнеркәсіптік аймағы,
Карачи, Пәкістан
Телефон: (92-21) 92-21-35040405-6
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Фармация Юниверсал» ЖШС
Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 15 үй, 4В корпус, 1604 кеңсе
Телефон: 311-10-80
Е-mail:info.kz@herbion.com