- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Пиносол
Пиносол
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Зентива |
---|---|
Өндіруші елі | Чех |
Форма | раствор |
Саны | 1 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Дәрілік шөптер, негізгі | 10 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 1390 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Дәрілік препаратты медициналық қолдану
жөніндегі нұсқаулық (Қосымша парақ)
Саудалық атауы
Пиносол®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Деректер жоқ
Дәрілік түрі, дозасы
Мұрынға тамызатын дәрі, 10 мл
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Мұрынға арналған препараттар. Жергілікті қолдануға арналған деконгестанттар және мұрынға арналған басқа препараттар. Мұрынға арналған басқа препараттар. Біріктірілген препараттар.
АТХ коды R01AX30
Қолданылуы
- мұрын (жедел және созылмалы ринит) және жұтқыншақтың шырышты қабығының жедел және созылмалы қабынуы
- мұрын қуысына жасалған операциядан кейінгі және мұрынға тампонада қолданудан кейінгі (стационар және амбулатория жағдайларында) жай-күйде
- ересектерде ингаляция жолымен тыныс алу жолдарының қабыну ауруларын (ларингит, трахеит, бронхит кезінде) симптоматикалық емдеу үшін
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- белсенді заттарға немесе қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
- аллергиялық риниттер
- 1 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Аталған препараттың көз шырышты қабығымен жанасуын болдырмау керек.
Бұл өнімді 1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларға пайдалану кезінде аса сақтық таныту қажет. Осы жастағы балалар препаратты мұрын қуысының шырышты қабығына мақта тампоны көмегімен жағу арқылы ғана қолдану керек. Егер бұл сақталмаса, балалардың препарат тамшысын деммен ішке тартып алудың жоғары қаупіне ие.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Деректер жоқ
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
1 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды
Жүктілік немесе лактация кезінде
Препарат жүктілік және лактация кезінде қолданылуы мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Пиносол® көлік құралын және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Қолдану бойынша ұсынымдар
Дәрінің 2-3 тамшысын күн сайын бірнеше рет (екі танауға да тамызыңыз), бастапқыда 1 сағат аралықпен, кейін тамызу аралығын ұзартасыз.
Ингаляция (тек ересектер үшін): ингаляцияға арналған құрылғылардың көмегімен 1 литр ыстық суға 2 мл препарат, күніне екі рет.
Балалар:
1 жастан асқан балаларға күніне 3-тен 4 ретке дейін препараттың 1-2 тамшысын тамызу керек.
Балаларға қатысты препаратты тек мақта тампонын (мақта таяқшаларын) пайдалану арқылы, мұрын қуысының шырышты қабығына жағу керек.
1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларға тек жоғарыда көрсетілген әдісті ғана қолдану қажет.
Сыртқа қолдануға арналған
Ингаляциялық (тек ересектер үшін) немесе интраназальді
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар
Симптомдары: Препаратты жергілікті қолдану кезінде онымен артық дозалану ықтималдығы өте аз.
Шұғыл процедуралар: Препаратты кездейсоқ оральді қолданған кезде, симптомдарға байланысты ем жүргізіледі. Дәрігерге жүгіну қажет.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Осы препаратты қолдануға қатысты қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігермен хабарласыңыз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар
Жиілігі белгісіз (қолда бар деректермен жиілікті анықтау мүмкін емес):
− мұрындағы жағымсыз сезімдер (күйдіру сезімі), қышыну (мұрын шырышты қабығының қызаруы немесе ісінуі)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
10 грамм препараттың құрамында
белсенді заттар: кәдімгі қарағай майы 0.3752 г,
бұрыш жалбыз майы 0.1000 г,
эвкалипт майы 0.0500 г,
тимол 0.0032 г,
гвайазулен 0.0020,
α-токоферол ацетаты 0.1700 г.
қосымша заттар: бутилгидроксианизол, глицеромакрогол 250 триолеаты, өсімдік майы
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 мл препараттан қорғаныш қалпақшасы бар және алғашқы ашылуы бақыланатын резеңке тамшылатқышпен жабдықталған, тартылатын полимер қақпақпен тығындалған, күңгірт шыны құтыға құйылады.
Құтыларға өздігінен желімделетін заттаңбалар жапсырылады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапша салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
Санека Фармасьютикалс а.c.
Мекенжайы: Nitrianska 100, 920 27 Hlohovec, Slovak Republic
Тел.:+421 33 736 1111,
Факс:+421 33 736 1062,
e-mail: info@zentiva.cz
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
"ОПЕЛЛА ХЕЛСКЕА" ЖШҚ
Мекенжайы: 125009, Ресей, Мәскеу, Тверская көшесі, 22
Телефон: (495) 721-14-00
Факс: (495) 721-14-11
Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөнінде шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Опелла Хэлскеа Интернэшнл САС» Қазақстан Республикасындағы өкілдігі
050013 (A15T6K6) Қазақстан, Алматы қ., Бостандық ауданы,
Н. Назарбаев даңғылы, 187Б
Тел.: +7 (727) 244 50 98/97
Электронды пошта: CHCPV.Kazakhstan@sanofi.com;